banner-top12

Ақпараттар ағымы IMG_9541

Қосқан уақыты Қыркүйек 5, 2014 | 1  026 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

«Бала қуанса, пейіштің есігі ашылады»

Изображение 016 Изображение 007 Изображение 018 Изображение 017 IMG_9539IMG_9547

«Балаға мейірім сыйла!» Бұл – еліміз бойынша өтіп жатқан биылғы «Мектепке жол!» акциясының ұраны. Аталмыш қайырымды шарадан Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері де тыс қалмады. Шара ХҚКО РМК Алматы қаласы бойынша филиалы бойынша да дүркін-дүркін өтіп, бүлдіршіндерді қуанышқа бөлеуде. Осындай сауабы мол шара барысында Медеу аудандық ХҚКО қызметкерлері де Әуезов ауданындағы №157 мектеп оқушыларына қайырымдылық көмек көрсетті.
Ал, Алматы қаласы Түрксіб аудандық ХҚКО қызметкерлері аудандағы №83, 17, 42, 50 арнайы мектептердегі асыраушысынан айырылған балаларға киім-кешектер мен мектеп құралдарын тарту етіп, оқу жылының басталу қуанышын еселей түсті. «Мектепке жол» акциясы аясындағы бұл қайырымдылық шарасына ХҚКО инспекторлары «Нұр Отан» партиясының мүшесі, «Достық» орденінің иегері, 120 мың шақырымды еңсеру арқылы жалғыз өзі Қазақстан туын әлемнің 77 елі арқылы алып өткен, аты аңызға айналған байкер Дмитрий Петрухинмен бірге барып, балаларға ұмытылмас қуаныш сыйлады.
Бұл күні танымал кісілердің қолынан мектеп формалары мен қажетті кеңсе тауарларына қол жеткізген балалардың қуанышында шек болмады. Әдемі сөмкелерді асынып, инеден жаңа шыққан сапалы мектеп формаларын өлшеп мәз болған балалардың қуанышына арнайы топ мүшелері де ерекше қуанды.
«Бала қуанса, пейіштің есігі ашылады» дейді халқымыз. Балаларымызды қуанта берейік, халайық!




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑