banner-top12

Ақпараттар ағымы IMG_6639

Қосқан уақыты Шілде 26, 2019 | 77 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Балалар лагерінде өткен «Викториналық ойындар»

IMG_6722 IMG_6725 IMG_6719 IMG_6733 IMG_6627 IMG_6641 IMG_6640  IMG_6632

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының Гранты негізінде Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету жөніндегі ғылыми-ағартушылық жобаны әзірлеуге және іске асыруға ҮЕҰ, сараптамалық қауымдастықты тарту” тақырыбындағы жоба аясында «Алатау» балалар лагерінде демалушы оқушылар арасында «Викториналық ойындар» шарасы өтті.

Шараға Салт-дәстүр академиясының академигі, этнограф Болат Бопайұлы, «Қазақ Ұлттық Әдет-ғұрып, салт-дәстүр академиясы –  академик Болат Бопай, «Әлем жазушылары одағы» ҚБ – жазушы Баяхмет Жұмабайұлы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Дәулетбек Байтұрсынұлы, ҚР Президенті жанындағы “Қоғамдық келісім” РММ-нің Достық үйі Медиация кабинетінің жетекшісі Нұрсауле Әлтекова,”Орта Азия және Қазақстан отбасы институты” жекеменшік мекемесінің директоры  Базарбаева Ақбота Әлиханқызы, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің президиум мүшесі Сағымбекова Майра Мажитқызы, «Жанашыр» қорының президенті Жаңыл Әпетова, ақын Ләззат Игісін қатысып, балалардың білім деңгейін саралады.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының мазмұны мен қағидаттарына сәйкес тақырыптар бойынша оқушылармен өткен викториналық ойындардың нәтижесі туралы қазылар алқасының төрағасы Жұмабай Баяхмет баяндады.

Ойынға қатысқан барлық балалар белсенділік танытты. Қойылған сұрақтарға дұрыс жауап берушілер көп болды. Сұрақтарға ең көп жауап берген Аденбек Нұркелді – бірінші орын, Егінбаева Мөлдір Медеуқызы және Қозыхан Азамат Арысұлы – екінші орын, Қалибай  Дамир Дарханұлы және Сенбай Балжан Айдынқызына – үшінші орынды беру жөнінде және дұрыс жауап берген барлық балаларға ынталандыру сыйлықтары берілді.

 

Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының баспасөз қызметі




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑