banner-top12

Ақпараттар ағымы балалар куни 378

Қосқан уақыты Маусым 2, 2017 | 355 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

  Балаларға мереке сыйлады

балалар куни 186 балалар куни 229 балалар куни 378 балалар куни 366

Адам өміріндегі ең үлкен бақыт – ұрпақ өсіру, бала тәрбиелеу. Бүгінгі бала елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Иә, қай мемлекет болсын, бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетіні сөзсіз. Өйткені, өскелең ұрпақ елдің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтары. Бар жақсылығын баларына көрсетіп, олардың жан-жақты тәрбиелі саналы болып ержетуіне қамқорлығын аямайтын мемлекеттің болашағы да жарқын.

Бүкіл әлемде 1 – ші маусым Балаларды қорғау күні ретінде аталып өтіп, ескі халықаралық мейрамдардың бірінен саналады. Оны өткізу жөнінде шешім 1949 жылдың қараша айында Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданды.

балалар куни 085 балалар куни 038 балалар куни 113балалар куни 311

Алғашқы халықаралық балаларды қорғау күні 1950 жылы өткізілді БҰҰ аталған бастаманы дер кезінде қолдап, балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғауды өз қызметінің басты бағыттарының біріне айналдырды.
Балаларды қорғау күні олардың өмірін соғыстан қорғау, денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа демократиялық негізде білім мен тәрбие беру жөніндегі барша әлемдегі озық пікірлердің тоғысқан арнасы десек, артық айтқандық емес.
Дәл осы күні болашақта адамгершілікке, әділдікке, баянды өмірге толы қоғам құру үшін оның негізі – балаларға барлық жағдай жасау керектігі тағы да паш етіледі.
БҰҰ-ның жүргізген сауалнамасына жүгінсек, бүгінгі таңда әлемде әрбір оныншы бала үлкендер тарапынан жасалатын зорлық пен зомбылыққа ұшырайды екен.
Әлемде өмірі қатерге толы балалар да баршылық. Аш-жалаңаштық, соғыс өрті, терактілер балалар ғана емес, үлкендердің де психикасына кері әсерін тигізеді. Бұл- қорғансыз балалардың басына түскен үлкен ауыртпалық екендігі шындық.
Жасөспірімдер арасында нашақорлар саны өсуде, олардың жартысынан астамы ішімдік ішуден де кет әрі емес.
Осылайша, Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет – болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру.

балалар куни 028 балалар куни 365 балалар куни 010балалар куни 060

Осы айтулы мерекеге орай Алматы қаласы Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті балаларға көңілді мереке сыйлады. Департаменттің Кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен өткен балалар мерекесіне ұжымның қызметкерлерінің балалары жиналды. Бесіктегі баладан 14 жасқа дейінгі аралықтағы балалар көңілді клоундар мен әртүрлі  ертегілер кейіпкерлерімен ойындар ойнап, батутта секіріп, трансформер-роботтармен, динозаврмен билеп, беттеріне суреттер салдырып көңілдерін көтерді. Мерекенің балаларға тосынсыйлары мерекенің соңына дейін жалғасты.

Балалар да,балаларын мерекеге алып келген ата-аналары да, ата-әжелері де мереке сыйлаған тамаша көңіл-күйге риза болды.

Гүлмарал Ерсұлтанқызы




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑