banner-top12

Керек кеңестер 6

Қосқан уақыты Маусым 23, 2015 | 807 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Баламды туылған бойда балабақша кезегіне қойдым

Асан мен Гүлназ көптен күткен сәбиінің жасы толғанда балабақшаға еш кедергісіз баратынына сенімді. Себебі, кішкентай Айдананы туылған бойда балабақша кезегіне қойып үлгерді.
Ол былай болды. Гүлназ перзентханадан шыққан соң жолдасы екеуі ХҚКО-ға келіп, сәбидің алғашқы құжаты – туу туралы куәлігін алуға өтініш берді. Өтініште өз қолымен сәбидің аты-жөнін толтырып, онымен бірге екі ата-ана өздерінің жеке куәлігін, неке қию жөніндегі куәлігін және перзентханадан сәбиге берген анықтаманы тапсырды. Екі күн өткен соң дайын болған куәлікті алуға келген.
ХҚКО инспекторлары «Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызмет түріне және баланы балабақшаға кезекке қоюға да бірден өтініш беруге болатынын айтты. Сонымен қатар, алдағы уақытта ХҚКО-ға келмей-ақ қызметті үйде отырып алу үшін, электрондық сандық қолтаңба алуға болатынын ескертті. Гүлназ бен Асан қуана келісіп, өздеріне ЭСҚ жаздырып алды. Одан кейін ХҚКО-дағы Конекшн өзіне-өзі қызмет көрсету секторында электрондық үкімет порталымен жұмыс істеуді үйренді. Бала туғандағы жәрдемақыға және Айдананы балабақша кезегіне қою қызметін пайдаланды. Осылайша, бір кездері қаншама мекемеге барып, қаншама уақытты жоғалтатын қызмет түрлерін, бір жерден, бір күнде, бір сағатқа жетпей алғандарына қуанды. ХҚКО инспекторларына алғыс айтып, қоштасып жатқанда, инспекторлар балабақша кезегін ЭСҚ арқылы үйде отырып-ақ бақылап отыруға болатынын айтты.
Гүлназ бен Асан енді кішкентай Айдананың балабақшаға барар уақытын, порталдағы күнделікті жылжып жатқан кезектен қарап отырады. Жақындап қалған сияқты…
Інжу Сағидолла




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑