banner-top12

Ақпараттар ағымы 117726433ec605e9466bf7201c45f53c

Қосқан уақыты Қыркүйек 23, 2014 | 681 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Баласын бауырына басқан сармат әйелінің сүйегі табылды

   Орынбордың Ілек ауданындағы Филиппов қорғанында қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан археолог-ғалымдар сармат әйелінің сүйегін тапты. Оның қолында кішкентай сәбиі бар деп жазады ИТАР-ТАСС Орынбор облыстық өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Оксана Халяпинаға сілтеме жасап.

    Айта кету керек, Филиппов қорғанында өткен ғасырда сарматтардың көптеген алтын бұйымдары табылған болатын. Ал, былтыр археологтар сарматтың жауынгер әйелінің сүйегін қазып алды. Оның қабірі тұтастай алтын әшекейлермен көмкерілген. Биыл қазба жұмыстарын жалғастырған ғалымдар б.з.д. V-IV ғасырларға жататын үш моланы тапты.
“Олардың бірі ертеректе тоналған екен. Екіншісінен жалғыз әйелдің сүйегі, үшіншісінен баласын құшақтаған әйелдің сүйегі табылып отыр. Сонымен қатар, қабірден әйелдің әшекейлері де қазылып алынды” дейді Халяпина.
Тоналған қабірден бүлінген адам сүйектері мен түртілмеген қола ошақ, аюдың тырнақтары мен қабанның азу тісі табылыпты.
Бүгінгі таңда Филиппов қорғанындағы қазба жұмыстары толықтай аяқталған. Ғалымдар бұйымдарын жинап зерттеу орталықтарына аттанды. Онда олар табылған сүйектердің кімге тиесілі болғанын анықтайтын болады.
Сарматтар — көне дәуірде Қазақстанның батыс өлкелерін, Оңтүстік Орал алқаптарын мекендеген, үлкен тобы Еділден батысқа қарай өтіп, Солтүстік Қара теңіз өңірлерін жайлаған тайпалардың шартты атауы. “Сарматтар”, “Сарматия” сияқты атаулар антик дәуірінің жазба деректерінен келген және көптеген тайпалар мен олардың одақтарына таңылатын жалпылама ұғым болып табылады.

Baq.kz




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑