banner-top12

Поэзия glavnaja1

Қосқан уақыты Желтоқсан 20, 2018 | 271 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Бақытқа бермес асыл мұң

 Ел үшін

Ақиқат іздеп танысқан,

Мулал мен имам сен бе едің.

Ақыл мен сөзің жарысқан,

Аңқылдақ ақын сен бе едің.

 

Ерлікке бірге барысқан,

Біртуар батыр сен бе едің.

Талабың тартып Марстан,

Ел үшін болған еңбегің.

 

Қыз дейсіңдер-ау алыстан,

Ел үшін мен де келгенмін.

Бауырым деген дауыстан,

Жүректі елге бергенмін.

 

Мейірге мендік ауысқан,

Кеудемді жерге көмгенмін.

Қалыссам ұлттық намыстан,

Сол болар менің өлгенім.

 

Кешегі бабам алысқан,

Бөрілі төбе белдемін.

Не десе десін сауысқан,

Ел үшін ғана келгенмін.

 

О, менің аппақ төсегім

Аядай аппақ төсегім,

Астыма ақтан төседің.

Керектеу болып осы емің,

Тағыда келді көкегің.

Сесі бар есті шешенің,

Есебін беріп кешенің.

Сезбейді деме өсерін,

Сезбейді деме өшерін.

Жасырып келген кеселін,

Деніме мынау не сенім.

О, менің аппақ төсегім,

Ағарып отыр қос ерін…

 

Тазасын іздеп асымның,

Жемісін көрдім жасылдың.

Мазасын іздеп басымның,

Демалғым келіп отырмын.

Жүзіндей кескін асылдың,

Мінезім барда батылмын.

Әсілгі әлім белгілі,

Гүлі едім қайқаң ғасырдың.

Бақытқа бермес асыл мұң,

Жахұтқа бермес тасыңмын.

О, менің аппақ төсегім,

Алып қал дертін басымның….

 

Ойымды қойым бөлетін

Биіктен өзін көретін,

Сүйікті е(ді)ң сезім неге тым.

Ірімшік, құртым тізіліп,

Жайылған кеңге өре тым.

 

Төбедей төрден көретін,

Табиғат көркін беретін.

Маңырай қалса төл дауыс,

Мұңдардың бәрін көметін.

 

Құрықты қолға көнетін,

Серкеден қалмай еретін.

Даланың қойлы аумағы,

Жүректен жыр боп өретін.

 

Адамға құлай сенетін,

Жүнінен жібек төгетін.

Не қалды төлге не бетім,

Уыздан кейін еметін.

 

Бойыңа қуат беретін,

Алдыңа ас бо(лы)п келетін.

Желкесі майлы, көңі отын,

Ойымды қойым бөлетін.

 

Кемеңгер ойдан өретін,

Өлеңдер қайдан келетін.

Кеудесін көкке керетін,

Табиғат жерден өнетін….

 

Ай өлең

Қисыны қашқан тұл өлең,

Түтуді күтіп түлеген.

Зорланып жазған бір өлең,

Болмайды екен, гүл өлең.

 

Отыра бердік ойланып,

Оралмай жатыр ой не ғып.

Қалаусыз жазған бір өлең,

Уақыттың бәрін қойды алып.

 

Көсілмей көңіл толмайды,

Көбіктер қаймақ болмайды.

Көктен де түскен сөз емес,

Шығарып көкке қоймайды.

 

Сыңғыры дарып бұлақтан,

Сыбырлап тұрса құлақтан.

Ойларда қалар тамсанып,

Жүректен болса жыр аққан.

 

Бағалап сүйіп көксеген,

Болар-ау сонда жақсы өлең.

Құйылып тұрса сыр сұлу,

Иіліп тұрса бас-денең.

 

Туласа мөңкіп тай өлең,

Көсілсе шалқып бай өлең.

Таң атса күнің туар деп,

Төбеңде тұрар ай өлең.

 

Ай өлең қалай туады,

Жарығын күннің қуады.

Жүректі, ойды тазалап,

Жүзіңді нұрмен жуады.

Ай өлең солай туады…

Райса Ақан қызы




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑