banner-top12

Ақпараттар ағымы Салихитдин Айтбаев Семья

Қосқан уақыты Маусым 16, 2017 | 490 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Баршаға арналған музей

Фальк Украинский натюрморт Салихитдин Айтбаев Семья Колоденко Алматинский аэропорт Айша Галымбаева Натюрморт

Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейінде мүгедектігі бар адамдарға арналған Қазақстандағы тұңғыш интерактивтік көрме ашылды.

Қазақстанда алғаш рет музейдің тұрақты экспозициясы үшін экспонаттардың тактильді үлгілері, тифлотүсіндірмелермен экскурсия жүргізу арнайы дайындалып, тактильді таныстыру үшін музей қорынан туындылар бөлінген және Брайль рельефті-нүктелі шрифтпен этикетаж жасалған.

Барельефтерді – суреттердің тактильді үлгілері жасау үшін зағип мамандармен бірге Шорохов Павел Иванович, Дулатов Қазбек Тұрганбаевич, Сарпеков Жандос Амантурович, Атеибеков Дархан Қайырбекович сияқты кәсіби мүсіншілер, сол сияқты О. Таңсықбаев атындағы АСҚӨК студенттері Жұмаев Ернар, Хусаин Уалибекқожа, Қалмуратов Руслан, Бауыржанова Айжан, Құсайын Ерболат, Жалдыбай Алтынбек ақысыз еңбек етіпті.

Сондай-ақ музейге келушілер Қазақстанда алғаш рет үш тілде бейнелеу өнерінің туындыларына тифлотүсіндірмелерді тыңдай алады. Тифлотүсіндірмелер – бұл зағип және көзі нашар көретін келушілерге суреттің мағынасын түсіндіруге арналған дыбыстық қатардың көмегімен көрнекі ақпаратты сипаттау.

Енді кез келген музейге келуші суретті көріп қана қоймай, оны естіп, қолымен ұстап көре алады. Бұл өз мүмкіндігіңізді қайта бағалауға және бейнелеу өнерінің жауһарларынан барынша толық әсер алуға мүмкіндік береді.

«Бұл суретті жай көргеннен артық әсер қалдырады», – дейді Наталия Баженова, өнертанушы, Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ аға ғылыми қызметкері.

Көрмені ұ йымдастырушылар «Аржан» ҚҚ; Роза Люксембург қорының Мәскеудегі филиалы; Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ; Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана.

Гүлмарал  Ерсұлтанқызы




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑