banner-top12

Хабарландыру

Уақыты 12 апреля, 2020 | қосқан shalqar | 210 рет оқылды

0

БАЙҚАУ! БАЙҚАУ! БАЙҚАУ!

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының мемлекеттік Гранты негізінде Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының «Бірыңғай ортақ құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан этностары арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету жобасы аясында өтетін «Мен «Рухани жаңғыруды қалай түсінемін»  тақырыбындағы шығарма жазу байқауының

Хабарламасы

«Бірыңғай ортақ құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан этностары арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету жобасы аясында «Мен Рухани жаңғыруды қалай түсінемін» тақырыбында шығарма жазу байқауы өтеді.

Мақсаты — Жастар Рухани жаңғыруды қалай түсінетінін қағазға түсіру, ойларын жеткізу.   Рухани жаңғыру тақырыбында ізденіп, ой, пікір, ұсыныстарын қосу. Жастардың Рухани жаңғыру жайлы білуіне түрткі болу, ізденуіне, өз ой-пікірін айтып, ұсыныстар қосып, Бағдарламаға араласуын қамтамасыз ету. Қазақстан жастарын отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу. Отанға, туған жерге деген сезімдерін жеткізе білуге үндеу. Отанымыз Қазақстан Республикасы туралы не білетіндігін саралау, алған мәліметтер бойынша білімдерін бекіту. Байқау арқылы ұлттық құндылықтарды азаматтық ұстанымына негіз етіп алған тұлғаларды тәрбиелеу.

Шығарма  3 беттен аспауы керек.  Автордың аты-жөні, толық көрсетілуі керек.

Шығарма 2019 жылғы 10 сәуір – 20 қазан аралығында zhanashyr@mail.ru электрондық поштаға емесе қолма қол  қабылданады.

Байқау нәтижесі бойынша бірінші, екінші және үшінші орындар беріліп, жеңімпаздар дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Байқау 2019 жылдың сәуір — қазан аралығында  мектептерде, колледждер мен университеттерде, ұйымдар мен мекемелерде, қазақстандық этностар арасында өткізіледі.

Байқауға түскен шығармаларды қазылар алқасы бағалайды.

Ұйымдастырушы — Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының мемлекеттік Гранты негізінде Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры

Анықтама үшін телефон: 87755022046, 8(727) 9738533, 87009738533




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑