banner-top12

Ақпараттар ағымы 44085458_126193588353778_6875219918988509184_n (1)

Қосқан уақыты Қазан 15, 2018 | 104 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

«Белсенді ұзақ өмір» орталығындағы қариялар цифрлық сауатты болуда

44107710_126193171687153_8003535684805591040_n 44089964_126193165020487_5744429131022467072_n (1) 44033755_126193181687152_5287549214656561152_o

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация қызметкерлері жер-жерде акциялар өткізіп, халықтың цифрлық сауаттылығын көтеру мақсатында жұмыстар жүргізуде.

Мәселен, жақында  Алматы филиалының  қызметкерлері  егде жастағы жандарға арналып құрылған   «Белсенді ұзақ өмір» орталығында болып,ондағы өмірге құштар  қарттарға электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтер алу тәсілдерін үйретті. Қарт азаматтарды заманауи технологияларға үйретіп,  олардыӊжеке қабілеттерін арттыруға көмектесті.

«Расында, зейнет жасындағы  біз сияқты көптеген азаматтар қалыптасқан әдет бойынша мемлекеттік қызмет алуға ХҚКО-на жүгінеміз. Бұл белгілі ыӊғайсыздықтар тудырады, уақытың кетеді,сонымен бірге шешімді күтуге біраз уақыт жұмсалады. Мына  әдісті үйреніп алсақ, өте қолайлы екен», — дейді «Белсенді ұзақ өмір» орталығындағы қариялар.

«Үйде компьютер, планшет немесе жеке телефондары арқылы электронды мемлекеттік қызметтер алуға болатынын біреу білсе, біреу білмейді. Сондықтан біздің  мамандар электронды мемлекеттік қызметтер алуды кезеӊ-кезеӊімен көрсетіп, E-gov электронды үкімет порталы және m-gov мобильді қосымшасы арқылы мемлекеттік қызметтер алуды көрсетіп, акцияға  қатысушы азаматтардың  қол телефондарына m-gov мобильді қосымшасын орнатып беруде»,  — дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының PR-менеджері Жаңыл Әпетова.

Осы сияқты цифрлық сауаттылыққа оқыту акцияларын  филиал мамандары «Тұрмыстық зорлық – зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығында», қаладағы емханаларда, жоғары оқу орындарында, халық көп жиналатын орындарда да өткізіп жүр.

Әрине, мұның бәрі де халыққа қолайлы болу үшін жасалып жатқан қадамдар. Үйреніп алып, үйден қызмет алыңыздар.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑