banner-top12

Керек кеңестер DSC_0586

Қосқан уақыты Ақпан 25, 2016 | 466 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстандық компанияға жұмысқа тұрмақшысыз, ал бірақ шетелден білім алғансыз? Университетке оқуға тапсыруды жоспарлап отырсыз, бірақ мектепті көршілес елде бітіргенсіз? Екі жағдайда да сізге «Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын алу қажет.

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартынасәйкес нысан бойынша білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау туралы өтініш;
2) Білім туралы құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін, қайтаруға жатады);
3) Білім туралы құжатқа мынадай ақпараттары бар қосымшаның түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін, қайтаруға жатады): оқу пәндерінің тізбесі, өтілген оқу пәндері мен практикаларының сағат/кредит көлемі, алған қорытынды бағалары, курстық және оқу бітіргендегі біліктілік жұмыстары, басқа да оқу процесін құрайтын қосымша (бар болған жағдайда);
4) Білім туралы құжаттың және оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмесі;

5) Бiлiм туралы құжат иесiнің жеке басын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
6) Оқу орнының мөрімен расталған білім туралы құжатты (негізгі орта, жалпы орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды қоспағанда) берген оқу орнын аккредиттеу туралы куәліктің және/немесе лицензияның көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге). Оқу орнының лицензиясының және/немесе аккредиттеу туралы куәлігінің көшірмесі болмаған жағдайда, білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы туралы ақпаратты (сайттарға немесе басқа да дереккөздерге сілтеме жасай отырып) ұсыну қажет;
7) Уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты (салыстыру үшін) және өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжат – көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде;
8) Төлем туралы түбіртек.

Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаттың нотариалды расталған көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге).
ХҚКО-ға жүгінген кездекөрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – құжаттарды алуы 4 (төрт) айдан аспайды. Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді. Мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі.

«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» құжатын білім министрлігі арқылы ғана ерте алуға болады.

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑