banner-top12

Керек кеңестер photo_2018-03-12_14-57-56

Қосқан уақыты Қаңтар 25, 2019 | 116 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

«Бір өтінішпен» бизнес аш

 

Үйде отырып-ақ «бір өтінішпен» бизнес ашып жұмыс істей алатыныңызды білесіз бе? Қазақстанда бизнесті www.egov.kz арқылы жылдам әрі оңай ашуға болады және үш қызметті бірден ала алады: заңды тұлғаны тіркеу, банктік шот ашу және сақтандыру туралы келісім-шарт жасау.

Бұрын азамат заңды тұлғаны тіркегеннен кейін банктік шот ашып, ҚҚС бойынша есепке қою үшін салық органына, содан соң сақтандыру компаниясына баруы тиіс еді. Өткен жылғы мамыр айынан бастап осы бірнеше қызметті біріктірген композиттік қызмет бизнес ашу үрдісін айтарлықтай жеңілдетті.Екі күннің ішінде (өтініш берген күнді есептемегенде) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуге алынғаны туралы куәлікті, банктік шот нөмірін және қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтау туралы қол қойылған келісім-шартты алуға болады.

Ол үшін құрылтайшылардың электрондық-цифрлық қолтаңбасы болып, порталда тіркеуден өтуі тиіс.

Гүлмарал Ерсұлтанқызы




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑