banner-top12

Ақпараттар ағымы IMG-201946556

Қосқан уақыты Мамыр 15, 2019 | 87 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Bикториналық ойындар өтті

IMG-20190514-WA0106IMG-201955 IMG-20190514-WA0100

         Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының тапсырысы негізінде Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету жөніндегі ғылыми-ағартушылық жобаны әзірлеуге және іске асыруға ҮЕҰ, сараптамалық қауымдастықты тарту тақырыбындағы жоба аясында Алматы қаласы №146 мектеп-лицейде Рухани жаңғыру тақырыбында  «Bикториналық ойындар » өтті. Шараға оқушылар мен қонақтар қатысты. мектеп оқушылары қазақтың көне салт-дәстүрі тақырыбындағы сұрақтарға жауап берді. Қазылар алқасы үздіктерді, белсенділерді ойын соңында сыйлықтармен марапаттады.

Шара мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі қағидаттарын, оның жаңа мазмұнын және Тұңғыш Президенттің бес әлеуметтік бастамаларын ілгерілету бойынша жүйелі ақпараттық-түсіндіру және ағарту жұмыстарын қалыптастыруды, қазақ халқының тарихы, дәстүрлері, мәдениеті, діні, рухани орталықтары, философиясы, әдебиеті, өнері, тұрмысы мен ой-санасы туралы неғұрлым толық білім алу жүйесін және бірыңғай ортақ құндылықтарды қалыптастыруды көздейді.

Қазылар алқасы құрамында профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымының докторы, тіл жанашыры, «Парасат» орденінің иегері Асылы Әлиқызы Осман, «Халифа Алтай» қорының төрағасы, дінтанушы Қәбден Алтайұлы, ақын, Отандас ел» ҚБ төрағасы Мұқан Мамытхан, Халықаралық «Жанашыр» қорының президенті Жаңыл Амантайқызы Әпетова, ақын, қоғам қайраткері Ләззат Игісін, дәстүрлі жас әнші Диас Мұратхан болды.

Осылайша, Халықаралық «Жанашыр» қорының мектеппен біріге өткізген рухани шарасы жастардың рухын көтеріп, санасына сәуле түсіріп, елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерінің арта түсуіне ықпал етті.

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑