banner-top12

Ақпараттар ағымы photo_2020-02-05_21-41-26

Қосқан уақыты Ақпан 7, 2020 | 82 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Биометрия – заман тренді

Биометрия авторизацияны бақылау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ең перспективті және новаторлық технология болып табылады. Бүгінде қағаз түріндегі куәліктерді биометриялық сәйкестендіру ығыстыра бастады. Смартфонды саусақ ізі арқылы бұғаттан шығару, сатып алғандарды селфидің көмегімен төлеу, ақшаны дауыс арқылы аудару… бұл аталмыш технология мүмкіндіктерінің бір қыры ғана.

Биометрия бізде де көп деген салаларда белсенді пайланылуда, оның бірі мемлекеттік қызмет болып отыр. Өйткені ол қызмет алуды айтарлықтай жеңілдетеді. 2020 жылғы қаңтардың қортындысы бойынша 2 200 адам биометриялық деректерін енгізген.

Биометрия туралы, жалпы цифрлық технологиялар жайлы айтқанда көбісінде заңды сұрақ туындайды – жеке деректердің қауіпсіздігі қалай болмақ? Ақпараттық технологиялар саласындағы мамандардың айтуы бойынша сәйкестендіру үшін биометриялық параметрлерді пайдалану кілттер мен құпия сөздерді қолданумен салыстырғанда жоғары қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Себебі биометриялық сәйкестендіргіштерді ұмыту, жоғалту, ұрлау мүмкін емес. Бұл технология үнемі даму үстінде – биометриялық сәйкестендіргіштердің дәлдігі ұлғайтылуда, деректерді өңдеу жылдамдығы арттырылуда, шифрлеу хаттамасы күрделенуде және т.б.

Біз, аталған технологияны киноиндустрия саласында көп қолданатынын көретінбіз. Бірақ, назар аударатын болсақ онымен күнделікті пайдаланып жүрміз. Цифрлану – трендте болуды білдіреді. Ендеше трендте болайық!




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑