banner-top12

Өнер no image

Қосқан уақыты Маусым 3, 2013 | 895 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Биші Сәния

      

              Сәния Ерзатқызы 1982 жылы Қ Х Р, Ш Ұ А Р, Буыршын ауданында дүниеге келген. Алматы қаласындағы Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясының драма және кино актеры мамандығын тамамдаған. Қазіргі таңда Ғ. Мүсірепов атындағы Мемлекеттік жастар мен жасөспірімдер театрында актриса болып істейді.  

             

              Халық болмаса біз кімбіз

 

– Мен басылым беттеріне сұхбат беруден еш бой тасалаған адам емеспін. Қайта, ондай орайдың болып тұрғанын қалар едім. Өйткені, дүйім жұрттың алдында жетістіктеріңді жайып салып тұрсаң, өз-өзіңмен ғана болып кетпей халықпен жиі есептесетін боласың. Кез келген өнер адамын халықсыз елестету мүмкін бе?! Әрине, мүмкін емес. Бір сөзбен айтқанда, халықсыз біз кімбіз. Газет-журнал беттері арқылы оқырман қауыммен жүздесіп тұру да халыққа есеп берудің бір жолы. Не істеп не қойып жатқаныңды ешкім білмесе, халықтың сені бағалауы да қиынға соғады. Сол үшін өнер адамдары үнемі жұртшылықтың назарында болу керек. Бір өкініштісі, театр сахнасындағы актерлер көбінесе, журналистер қауымының назарынан тыс қалып жатады.

               Сөздің шынына келгенде, бүгінгі таңда театр ұжымы мен зиялы қауым өкілдерінің арасындағы байланыс үзіліп қалған сияқты. Олай дейтін себебім, журналистер қауымы белгілі бір қойылымның тұсаукесері болғанда ғана келеді де, өздеріне қажетті мәліметке қолы жетісімен қойылымның соңын да күтпей кете береді. Өз басым актерлердің күнделікті жұмыс барысымен жіті танысып, сахнаныңқыр-сырына үңіліп зерттеп жүрген журналисті көрген емеспін. Бәрі деп жалпылама топырақ шашып отырған жоқпын, десе де көп қаламгерлер жай күндері театр төңірегінің топырағын баса бермейді.

Бұл көптің көңілінен шығу үшін ақтер – көктер болып жанын сала жаттығу жасап жүрген актерлердің еңбегінің еленбей қалуына әкеліп соғуы мүмкін. Бір сағаттыққойылымныңқаншама ізденіспен келетінін журналистер қауымыныңөзі түсінбей жатады. Ал, қарапайым жұртшылыққайдан біледі, бір қарағанға оңай сияқты көрінетін шығар. Кейде, көрермендеріміздіңқойылымның ортасына таман кешігіп келуін, актерлердің еңбегін дұрыс бағаламағаннан ба екен деп те қаласың.

 

              Ақпарат атом бомба деуі тегін емес

 

– Әр өнер ұжымыныңөзіне тән ақпарат құрал өкілдері болғаны жөн деп есептеймін. Олай дейтін себебім, өзіңді өзің жарнамаламасаң, саған өзге кімнің жаны аши қойсын. Тағы қайталап айтам, өнер адамы үшін ақпарат құралының назарынан тыс қалу деген, халықтың назарынан алшақтау деген сөз. Журналистер қауымының ақпаратты атом бомбаға теңеуі тегін емес. Жақсы бір жарнама жасырын жүрген өнер адамының жұлдызын жандырып жіберуі әбден мүмкін. Әрине, еңәуелі өнер адамының соған тән таланты болуы керек. Одан кейін ақпарат құрал өкілдерінің ықпалы ерекше. Қазіргі таңда «талант бар, таныс жоқ» дейтін тәмсіл өнер иелерінің аузынан жиі айтылады. Бұл да менің осы сөзімді дәлелдеп тұрғандай.

Екі жылдан бері ғаламторда театрымыздың арнайы парағы ашылып, онда актерлердіңөмірбаяны мен сомдаған кейіпкерлері туралы мағлұмат беріліп келеді. Онда менің 2006-жылы Өнер академиясын бітірген бойда Ғ. Мүсірепов атындағы жастар мен жасөспірімдер театрына жұмысқа орналасқаным, Театр өміріндегі алғашқы қадамымды Мұрат Ақманов ағамыздың сахналауындағы  Серік Асылбек ұлының «Желтоқсан желі» туындысындағы Ақмарал деген қыздың бейнесін сомадаудан бастағандығым, кейін Жаннат Хаджиев ағамыздыңқойылымында Тахауи Ахтановтың «Күшік күйеу» пьесасындағы Алма, Ғабит Мүсіреповтың «Ақан сері Ақтоқты» спектаклінде Ақтоқты және де Ғабит атамыздың «Қозы Көрпеш -Баян сұлу» трагедиясында Баянды ойнағандығым да жазылған. Сонымен қатар, Талғат Теменовтың «Бұлбұлдар түні» қойлымында сержант қыз Нина бейнесін, Балтабай Сейтіманов ағамыздың режиссерлік етуімен сахналанған Нұрғали Ораздың «Адасқан жұлдыз» пьесасында  базардағы қайыршы әйел бейнесін жасағаным да жан-жақтылы таныстырылған. Дегенмен, бұл да жеткіліксіз деп ойлаймын. Өйткені, көп адамдар интернет қолдана білмейді. Оған қоса, біздіңғаламтор жүйеміз әлі де ауылды жерлерге жалпыласа қойған жоққой.

 

              Сахнадағы көз жастың сыры

             

– Өмір болған соң «жақсы мен жаман егіз» деген ұғымнан қашып құтыла алмаймыз. Біз де пендеміз ғой, кейде жақсы адамның, кейде жағымсыз кейіпкердің бейнесін сомдауға тура келеді. Сахнада бірде күліп, кейде ағыл-тегіл жылап қаламыз. Бір жолы жақын араласатын достарымыз келіп біздіңқойылымды тамашалап, менің сора-сора болып жылағанымды көріпті. Кейіннен сол досымыз менен «осы сендер сахнада көздеріңе пияз жағып алып жылайсыңдар ма?» деп сұрады. Не дерімді білмей күлдім. Нағында, оның бәрі де актерлік шеберліктің кейіпкерімен толыққабысуының нәтижесі ғой. Қойылым барысында бір сәтке өзіңізді толықұмыта тұруыңызға тура келеді. Жасаған кейіпкеріңіздің болмысына толық бойлағанда ол болып күлу де, жылау да еш қиындық тудырмайды. Сіз жылайын деп ойламасаңыз да, сценарий бойынша жылауға тура келгенде қалай ағыл-тегіл болып кеткеніңізді өзіңіз де сезбей қаласыз.  Актер үшін образын сезіне алмаудан өткен сорақылық жоқ. Шығарманы түсініп қана қоймай, жүрекпен жан-жақтылы сезіну керек. Шын сезімнен шымырлап жүректен шыққан нәрсе ғана жүрекке жетеді. Сахнада болдым, толдым деген әңгіме бола бермейді. Актер шеберлігін үздіксіз шыңдап отыру керек. Құдайға шүкір, жатпай тұрмай ізденуімнің арқасы болар, өзімнің образға кіре алмай қалатын сәттерім жоқтыңқасы.

             

              «Алдар көсе» фильмі баламызға тосын сый болды

 

– «Алдар көсе» фильмі менің кино жанрына басқан алғашқы қадамым десем де болады. Бұған дейін «Алыстан келген хат», Мағжан Жұмабаевтыңөмір кешірмелері туралы деректі фильмде Мағжанныңәйелі бейнесіне түскен едім. Мен бұл туындыда Алдардың анасының жас кезіндегі және қартайған шағындағы бейнесін сомдадым. Кейін де бірнеше фильмге түсуіме ұсыныстар болды. Алайда, мен келісім бермедім. Себебі, киноға актер талдауға келген ассистенттер менің «Алдар көсе» фильміндегі бейнеме қанық екен де, тура сондай кейіпкерді қайталап ойнап беруімді сұрады. Ал, мен болсам үнемі бір кадрды қайталап ойнай бермей, актерліктің басқаша қырынан, өзге бейнелерді сомдасам деген ұсыныс айттым. Олар көнбеді. Мен де келіспедім. Ассистенттердің ойымен жүрер болсам, мен халықтың назарында бір ғана бейнеде сақталып қалмаймын ба деген ой толғандырады. Сондықтан да кейбір киноға түсуге жолдама ала тұра бас тартқаным рас. Алла бұйыртып, алдағы уақытта орайлар болып жатса, қолдан бермеспін деп ойлаймын.

Сол фильмдегі кішкентай Алдар өзімніңүлкен ұлым Дидар болатын. Сол сәт меніңөмірімнің ең мағыналы да, шаттыққа толы шақтарының бірі болып қала беретін шығар. Ана үшін баласының жетістігінен үлкен қуаныш жоқ екен. Мен сол сәтте өзімді мүлдем ұмытып, бар ынта-пейілімді Дидарларға бөлдім. Қанша дегенмен бала ғой, камераға қарамай қоя ма, режиссердің көңілінен шықпай қала ма деп қатты алаңдаумен болдым. Құдайға шүкір, Дидар мен ойлағаннан да анағұрлым сәтті шықты. Фильмде Алдардың тұсауын кестіретін көрініс бар. Сондағы әже бейнесін Қазақстанның халықәртісі Бибігүл Төлегенова сомдаған болатын. Сценарий бойынша Бибігүл апа Дидарды тәй-тәй бастырып жетелеп, тұсауын кескенін көргенімде қуанышымда шек болған жоқ. Өзіміз де сәбиіміздің тұсауын кестіріп қойсақ деп жүрген едік. Баламыздың бақытына орай, ойламаған жерден жалпы жұрттың есінде қаларлық тұсаукесер рәсімі бұйырды.  Мен бұл сәйкестікті өте жақсы ырымға баладым.

              Жаныма жақын қойылым

 

    – Театр сахнасындағы барлық шығарма менің жаныма жақын. Әсіресе, балалар қойылымында ойнағанды қатты ұнатамын. Себебі – ол балалық шаққа саяхат жасауға итермелеп, жүректі жасартады. Солай бола тұра, балалармен жұмыс жасау қиынныңқиыны. Өзіңіздің бойкүйездікке салынуыңызға мүлдем жол бермейді. Өйткені, көрермен залында отырған бала өзіне ұнамаған нәрсені атып тұрып айтып салуы мүмкін. Сәбилерді сендіре білу, олардың тілін тауып, солардың санасына сай шеберлікпен бала болып жұмыс жасау актерлік шеберліктің шыңы деп айтуға болады. Залдағы үлкен адамдар сахнада болып жатқан кішігірім олқылықтарға түсінушілікпен қарайды. Олар сіздің рөл сомдаушы актер екендігіңізді де есінен шығармайды. Ал, балалар сізді сомдап тұрған кейіпкеріңіздіңөзі деп тіке қабылдайды.

Біз жұмыс істеп жүрген ұжымда Лидия Кәден қызы, Сағызбай Қарабалин, Гүлжамал Қазақбаева, Тұрсын Құралиев, Сағат Жылкелдиев, Жібек Бектемірова сынды аға буын актерлеріміз бар. Ол кісілермен бір сахнада ойнау біз үшін үлкен бақыт, әрбір сәттері бізге сабақ. Ол кісілердің сахнаға зор жауапкершілікпен қарайтындығын, актерлік шеберліктерін көргенде біздің ешбір босаңсуға мүмкіндігіміз болмайды. Мен сол кісілерге қарап өзімді қатты жұбатамын, әрі, шабыттандырып отырамын. Осы кісілер алдағы уақытта да менің дем беретін ұстаздарым болып қала береді. Үйренетінім өте көп. Сонымен қатар, Оралхан Бөкейов ағамыздың бір сөзін үнемі іштей қайталап жүремін. Осы сөз де мені еңбекқорлыққа үнемі итермелеп келеді.

Ол кісінің айтуы бойынша: біз өнер иелері ұлықтыққа қатты дайындалады екенбіз. Тіпті сол ұлылар қатарынан өзімізге орын сайлап та қоятын көрінеміз. Ал, нағыз талант күндіз-түні талмай еңбектенгенінің арқасында ғана ғасырда бір-ақ рет таңғалдырып туар даралықтың тағына көтеріледі екен…

Тұрсынбек Кешубай                  

                                                                   

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑