banner-top12

Ақпараттар ағымы IMG_8162 (1)

Қосқан уақыты Ақпан 19, 2015 | 1  297 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Биыл мерейлі мерекелер жылы

IMG_8160 IMG_8149 IMG_8145 4

Алматы қаласы Түрксіб аудандық ХҚКО бөлімінің қызметкерлері «Зияткерлік еңбектегі әйелдер одағы» қоғамдық бірлестігі және «Нұр Отан» партиясымен бірлесе отырып кездесу өткізді.
Жиын мақсаты – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын басшылыққа ала отырып, биылғы мерейлі де мерекелі жылды табысты өткізу қадамдары.
Елбасы осы жылды «2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі белестерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы»,- деп атап көрсетті. Олай болса, абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі Ұлы Жеңістің 70 жылдығын, Ата Заңымыздың 20 жылдығын, Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейлі мерекелерін еселі еңбегімізбен атап өту – елдік парыз екені айтпаса да түсінікті.
«Алдағы атқарылатын мерекелік іс-шараларға барлығымыз біріге отырып жұмыла атсалысуымыз керек. Себебі Елбасымыз Үкіметке халық алдындағы әлеуметтік міндеттерді орындауды тапсырды. Сіздер халыққа сапалы да қолжетімді қызмет көрсетіп отырсыздар. Алдағы уақытта да мемлекеттік органдардың көрсетілетін қызметтерін бір жерден кқрсетуде табысты да жемісті еңбек ететіндеріңізге сенімдіміз.» деді «Зияткерлік еңбектегі әйелдер одағы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Ләйла Ахметова.
Жиында қоғамдағы әйелдер еңбегіне басты назар аударылды. Қазақстан Республикасында 2006 – 2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясында барлық шешімдер қабылдау деңгейінде әйелдердің 30 %-дық өкілдігіне қол жеткізу міндеті қойылған. Қазіргі таңда ел Президентінің Қазақстан әйелдерінің съезінде берген тапсырмасы бойынша Әйелдерді шешім қабылдау деңгейіне ілгерілету жөніндегі 2016 жылға дейінгі кезеңге арналған іс-қимыл жоспарымен жұмыс жүргізілуде екендігі айтылды.
Жиынға қатысушы ХҚКО-ның қыз-келіншектері жиыннан алған тың әсермен шабыттана іске кірісті.

Қарлығаш Ерғараева,
Алматы қаласы Түрксіб аудандық ХҚКО инспекторы.

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑