banner-top12

Ақпараттар ағымы 006A7669

Қосқан уақыты Қараша 25, 2015 | 1  077 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Биылғы «Алтын қалам» жүлдегерлері марапатталды

006A7205 006A7669 006A7397 006A7520 006A7340 006A7393 006A7585  006A7312

Алматыда Ықылас атындағы халық музыка аспаптары музейінде «Алтын қалам-2015» ұлттық әдеби байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Аталмыш байқау биыл бесінші рет өтіп отыр. Байқаудың негiзгi мақсаты – рухани-мәдени құндылықтарды дамыта отырып, жас таланттарды халыққа кеңiнен таныстыру. «Алтын Қалам» әдеби байқауын ұйымдастырушылар – Қуат Домбай, Досым Сәтбаев, Расұл Жұмалы, Кенже Жұманұлы және Айдос Сарым секілді қоғам қайраткерлері.
Байқауға қатысушылар «Жылдың үздік поэзиясы», «Жылдың үздік прозасы», «Жылдың ең үздік драматургиясы», «Жылдың үздік балалар және жасөспірімдер шығармасы», «Жылдың үздік сатирасы», «Жылдың үздік фантастика және детектив шығармасы», «Қазақ әдебиетіне қосқан елеулі еңбегі үшін» аталымдары бойынша қазақ және орыс тілдеріндегі шығармаларымен өзара сынға түстi.
Байқау қорытындысы бойынша «Жылдың үздік поэзиясы» аталымы – Байтусов Нұржан, (Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданынан); «Жылдың үздік прозасы» – Шойбек Орынбай, (Шымкент қаласы); «Жылдың үздік балалар және жасөспірімдер шығармасы» – Есболат Айдабосын, (Талдықорған қаласы); «Жылдың үздік драматургиясы» – Мұрат Қолғанат. (Алматы қаласы); «Жылдың үздік сатирасы» – Шайхыұлы Ермахан, (Алматы қаласы); «Жылдың үздік фантастика және детектив шығармасы» – Шойбек Орынбай, (Шымкент қаласы); «Қазақ әдебиетіне қосқан елеулі еңбегі үшін» аталымы – Елубаев Смағұл; Орыс тіліндегі аталымдар бойынша: «Лучшая поэзия года» аталымы – Игнатовская Елена, (Павлодар қаласы); «Лучшая проза года» аталымы – Половинко Вячеслав, (Ақтөбе қаласы); «Лучшая детская и подростковая литература года» аталымы – Шалабаева Аружан, (Алматы қаласы); «Лучшая фантастика и детектив года» аталымы – Мұканова Дана, (Астана қаласы); «За вклад в развитие литературы» аталымы – Михайлов Валерий; «Подающая надежды» аталымы – Жылқайдарова Тахмина (Алматы облысы) жүлдегер атанды.
Айта кетелік, “Алтын қалам” ұлттық әдеби жүлдесі алғаш рет 2010 жылы өткізіліп, “Жылдың үздік прозасы”, “Жылдың үздік поэзиясы”, “Жылдың үздік балалар шығармасы”, “Жылдың үздік драматургиясы”, “Жылдың үздік ғылыми-іскерлік жұмысы” аталымдары бойынша жеңімпаздар анықталды. Сонымен қатар, «Қазақ әдебиетіне қосқан зор үлесі үшін» аталымы бойынша саяси қылмыскер деп айыпталып, Қытай түрмесінде 40 жылдай отырған, «Қылмыс» атты 6 томдық кітапты абақтыда жазып шыққан, Қытай өкіметі тарапынан саяси себептерге байланысты қудаланған қазақтың арда азаматы, бүкіл ғұмыры азаттық үшін күреспен өткен Қажығұмар Шабданұлы марапатталған еді. Бұл қаламгердің туған отанынан алған алғашқы әдеби сыйлығы болатын.
2014 жылы “Алын қалам” жүлдесіне 165 автор қазақ және орыс тілдерінде жазылған 364 шығармасын жолдады. Авторлар қатарының артуы “Алтын қалам” әдеби жүлдесінің тәуелсіз және әділ өтетінінің айғағы. Аталған жүлде қазақстандық оқырмандарға бүгінгі қаламгерлермен танысуға, олардың еңбектерін бағалауға, балалар мен жасөспірімдерді көркем шығармаларды оқуға ынталандыруға және патриотизм арқылы салауатты, мәдени ортаны қалыптастыуға септігін тигізеді
Ал биылғы байқауға аталымдар бойынша қазақ тілінде авторлардан 117, ал орыс тілінде 148 шығарма ұсынылған.
Жүлдегерлерді марапаттарымен құттықтаймыз. Руханиятқа мол үлес қосып жүрген «Алтын қалам» «мұқалмай», жаңа дарындарды жарқырата берсін.

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑