banner-top12

спорт 10

Қосқан уақыты Ақпан 20, 2017 | 413 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Біз мұнда нағыз жұмақта жүргендей болдық

Жерси Квозински, Польша

2

Жаңа жылдан бір күн бұрын алғаш рет Қазақстанда өтетін қысқы Универсиада туралы естідім. Арада төрт күн өтіп ұшаққа билет алдым. Бәрі осылай басталған еді. Универсиада туралы осыдан бір жыл бұрын Австрияда  Erasmus бағдарламасында оқып жүргенде танысқан досымнан естіген едім. Универсиадада спорттық волоyтер болу мен үшін керемет тәжірибе болады деп қатты қуандым. Польшаның шаңғы спорты командасының бұрынғы мүшесі ретінде, маған қыспен және  қысқы спорт түрлерімен байланыстының бәрі ұнайды. Сондықтан еш ойланбастан Универсиадаға еріктілер ретінде келуге бел байлаған едім. Жаныма бір досымды ертіп, 25 қаңтар күні Польшадан Қазақстанға ұштық.

8 7 5

Алматыға сағат 3-тер шамасында келіп қондық. Түннің ортасы болса да бізді бірнеше еріктілер күтіп алып, Олимпиада қалашығына алып келді.

Келесі күні волонтерлар киімін алып, толыққанды еріктілер қатарына қосылдық.

Мені және досымды Шымбұлақ тау шаңғысы курортында өтетін жарыстарда жұмыс істеуге  бөлді. Мұндағы біздің негізгі міндетіміз –  шаңғы тебетін төбелерді сырғанауға дайындау, жарысқа қатысушыларға жеңіл әрі жылдам болуы үшін сырғанау жолдарын реттеу болды.

Бос кездерімізде Шымбұлақтағы көтеру биіктерінің қолжетімді кез-келгенін пайдалана отырып шаңғымен сырғанауға мүмкіндік алдық. Біз мұнда нағыз жұмақта жүргендей болдық…

3  1  10

Халықаралық волонтерлер ретінде біз көптеген жаңа адамдармен кездесуге мүмкіндік алдық. Бәрі Қазақстанға құштарлықпен келіп, риясыз дос көңілмен қауышып жатты. Өзіміз тектес еріктілермен және біздің елімізден келген спортшылармен Атлетикалық қалашықта кездесіп, әңгімелесетінбіз…

Бір күні Қазақстандағы Польша консулдығында  Польшаның консулымен және спорт министрімен кездесуде болдық. Соның артынша марапаттау рәсіміне барған едік. Сол күні Польша сноубордисі біздің елдің бірінші алтын медалін иемденген болатын…

Алматыдағы екі апта зымырап өте шықты. Біз көптеген жаңа достар таптық, биік тауларда армансыз сырғанадық, универсиаданың ұйымдастырылуына көмектестік. Осының бәрінен рахат алып, тәжірибе жинадық…

Ең қиыны, қоштасар сәт болды. Жаңа ортада аз уақытта тез бауыр басып қалыппыз. Адам жақсыға тез үйренеді емес пе?! Алдымызда Польшаға жетуге дейінгі 27 сағаттық уақыт тұрды. Алайда, бұл сапарымыз осыған тұрарлық еді.

Қазақстанды болған уақытты сағынышпен еске алып, барлық кезде өзімнің естеліктерімнен рахат аламын деп ойлаймын.

 

9

Jerzy Kwoczyński, Poland.

Day before new year,  that is the first time I have heard about Winter Universiade in Kazachstan and four days later I bought an airplane tickets. It is how it has started. I got an information from a friend who I had met in Austria during Erasmus program, students exchange, a year beafore. For me it was perfect, being a sport volounter on universiade would be awesome experience! I am a former member of Polish skimountanieering team, I love everything connected with winter and winter sports so I didn’t hesitate even for a moment. I took one friend with me and 25 of January we flew from Poland to Kazachstan. We came to Almaty in the middle of the night, 3 in the morning, and even though on the airport we were welcomed by few volounter who instructed us about everything and escorted to a Olympic Village. Next day we went to a city center to collect our Universiade uniforms and then we were ready to be a volunteer! Me and my friend were assigned to a sport competition in a Ski resort Shymbulak, we were helping with preparation of slopes for a competition. Basically our job was to ski in a proper way on a race track to make it easier and faster for a competitors. In a free time we could ski in the whole valley using every available skilifts! Sounds like a paradise for me! That was basically our job, as an international volunteer we had an opportunity to meet a lot of new people, everyone was friendly and curious why we flew 1/4 of the world to come to Kazachstan. Days we have spend on a skislopes and nights we were integrating with other volunteers in a village and our National Team who came to the universiade. One day we went with to the Polish Consulat in Almaty for a meeting with Polish Minister of Sport. Just after that we went to a medal ceremony, that day Polish snowboarder won first gold medal for our country. Those two weeks went relay quickly, we had a great time, we meet lots of new awesome people, we have been sking in high mountains, we helped with organization and really enjoyed that experience! Then it was time for a hard part, way home. Hard because it took us more or less 27 hours all together to come back home. But it was definitely worth it! I am sure I will remember that time in Kazachstan for the a very long time and will always enjoy my memories from there.

 

 

 

 

 

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑