banner-top12

Жаңалықтар 543657abeb380

Қосқан уақыты Қараша 24, 2015 | 603 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Болақшылар кепіл хатын ХҚКО арқылы рәсімдеуге болады

«Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендианттары ретінде оқуға кеткендер үшін кепіл хатын беру» мемлекеттік қызметін Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы алуға болады. Бұл қажетті құжатты алу жолдарын әлдеқайда жеңілдетеді, себебі ХҚКО-ға құжаттарды аптаның алты күнінде сағат таңғы 9.00-ден кешкі 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз жүзеге асыруға болады.

Аталмыш кепіл хатын алу үшін келесі құжаттар қажет: толтырылған өтініш; жеке басын куәландыратын құжат, ЖОО-да бағалары қойылған соң қызмет берушінің атына транскриптің көшірмесі. Ал, тілдік дайындық, академиялық оқуға және тәжірибеден өтуге бірінші рет бара жатқандар үшін – мамандығы, оқу бағдарламасы, оқуға қабылдау мерзімі көрсетілген шақырту хатының көшірмесі қажет. Егер тәлімгер өзі ХҚКО-ға келе алмайтын жағдайлар болса оның атынан келетін адамда нотариалды куәланған сенімхаты болуы шарт.

Астана қаласының тұрғындары кепіл хатты 15 күнтізбелік күн ішінде алса, басқа өңірлерде бұл хат 15 жұмыс күні ішінде беріледі. Осы ретте, ХҚКО-ға құжаттарды тапсырған күн есепке алынбайды.

Егер ХҚКО-ға кезекті алдын ала брондау қажет болса, оны электрондық үкімет порталы арқылы ЭЦҚ-сыз да жүзеге асыруға болады.

Алматы қаласы бойынша ХҚКО мекенжайлары:

 Әуезов аудандық бөлімі

Алматы қаласы, Жандосов көш., 51

Алмалы аудандық бөлімі

Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көш., 221.

Алатау аудандық бөлімі

Алматы қаласы, «Шаңырақ-2» ықшам ауданы, Жанқожа батыр көш., 2

Бостандық аудандық бөлімі

Алматы қаласы, «Алмагүл» ықшам ауданы, 9а

Медеу аудандық бөлімі

Алматы қаласы, Марков көш., 44

Жетісу аудандық бөлімі

Алматы қаласы, Төле би көш., 155

Түрксіб аудандық бөлімі

Алматы қаласы, Рихард Зорге, 9

 

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑