banner-top12

Сұхбат no image

Қосқан уақыты Мамыр 16, 2013 | 2  544 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Болашақ энергиясы

Астанада 22-24 мамыр аралығында өтетін бесінші Астаналық экономикалық форум шеңберінде Келешек энергиясы жөніндегі Ғылыми конгресс ұйымдастырылып, онда баламалы энергия көздерін дамыту мәселелері талқыланады. «Болашақ энергиясы» – Қазақстанның Астанада Э К С П О-2017 көрмесін өткізуге ұсынып отырған тақырыбы. Осы орайда біз Қ Р Экономикалық даму және сауда министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Қазыбаев Айдар Қалымтай ұлымен сұхбаттасқан едік.

 

– Айдар Қалымтай ұлы, Қазақстан Э К С П О-2017 өткізуге негізгі үміткерлердің бірі. Бүгінгі күні осы бағытта қандай шаралар атқарылды? Халықаралық ұйымдастыру комитетінің қойып отырған талаптарының үдесінен шыға аламыз ба?

 

– Иә, шынымен де, 2011 жылғы 10 маусымда Халықаралық Көрмелер Бюросының Париж қалаындағы штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов қол қойған EXPO-2017 Астана қаласында өткізуге ресми өтінімі берілді.

Біз бүгінгі өзекті тақырыптардың бірі деп есептелетін «Болашақ энергиясы» тақырыбын ұсындық. Қазір Қазақстан энергияның жаңа көздерін енгізу жөніндегі Халықаралық пікірталастарға белсенді қатысуда. Осылайша, атаулы оқиғалар ретінде EXPO–2017 Ұлттық жобасының Болашақ энергиясы жөніндегі Еуропалық энергетикалық форумына (Женева, 2011 жылдың қазан айы) және World Future Energy Summit Болашақ энергиясы жөніндегі Дүниежүзілік саммиттіне (Абу Даби қаласы, 2012 жылдың қаңтар айы) қатысуын атап айтуға болады. Қазақстан үшін баламалы энергия саласындағы әріптестік қарым-қатынас қалыптастыруға бұл бірден-бір мүмкіндік болып табылады.

2011 жылы Қазақстан ішінде халықаралық алаңдар негізінде EXPO-2017 жобасы бойынша ақпараттық-имидждік жұмыс жүргізілді. Бұл Астана экономикалық форумы, Инвестициялық форум, Еуропа қайта құру және даму банкінің жылдық жиналысы, Дүниежүзілік қазақтар құрылтайы, Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы, Еуропалық болашақ энергиясы форумы, сондай-ақ Қазақстанда Еуропалық компаниялар қауымдастығының дөңгелек үстелі, Орталық Азия мен ТМД жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша өңірлік конференция сияқты қоғамдық алаңдар.

Сонымен бірге бес тілде (қазақ, орыс, ағылшын, француз, испан) арнайы www.expo2017astana.com интернет-ресурс құрылды.

Қазақ-орыс және ағылшын-француз тілдерінде ЕХРО-2017 арнайы кітапшасы, сондай-ақ бұқаралық іс-шараларға арналған ақпараттық флаер шығарылды.

2012 жылғы 11 қаңтардан 10 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) қолдауымен Астана қаласында EXPOxEXPOS «Көшпелі көрмесін» өткізді. Екі ай бойы Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары EXPО тарихында өткен көрмелердің атмосферасын сезіну мүмкіндігіне ие болды.

Сондай-ақ 2012 жылғы 16-19 қаңтарда қазақстандық делегация Абу-Даби (БАӘ) қаласында Дүниежүзілік болашақ энергиясы форумына қатысып қайтты. Қазақстандық делегация құрамында Экономикалық даму және сауда, Индустрия және жаңа технологиялар, Сыртқы істер министрліктерінің, «Парасат» Холдингі» АҚ, «Astana Solar» ЖШС, «Қазақстанэнергосараптама» АҚ өкілдері бар.

Бесінші Астана экономикалық форумы шеңберінде 22-24 мамырда ЕХРО-2017 «Болашақ энергиясы» атты көрме тақырыбына арналған сессия өткізу жоспарланып отыр, онда Нобель сыйлығының лауреаттары, осы салада жұмыс істейтін ғалымдар, халықаралық ұйым өкілдері баяндама жасайтын болады.

ЕХРО-2017 жобасы бойынша тағы бір ірі іс-шаралардың бірі «Болашақ энергиясы» атты көрме тақырыбы бойынша Халықаралық симпозиум болмақ. Халықаралық көрмелер бюросына мүше 160 елден келетін делегаттарды қосқанда шамамен 500 адам қатысады деп отырмыз.

Келесі айда Х К Б Бас Ассамблеясының 151-сессиясында Париж қаласында Қазақстанның ЕХРО-2017 өткізуге арналған өтінімін үшінші рет таныстыру өткізіледі.

Сондай-ақ осы жылдың соңына қарай Х К Б Бас Ассамблеясының 152-сессиясында Париж қаласында Қазақстанның ЕХРО-2017 өткізу туралы өтінімін төртінші рет таныстыруды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ 2012 жылғы қысқы сессияда Халықаралық көрмелер бюросының барлық делегаттарының құпия дауыс беруі жолымен ЕХРО-2017 Халықаралық көрмесі өтетін жеңімпаз қала анықталады.

Халықаралық көрмелер бюросының алдын ала бағалауы бойынша Қазақстан ХКБ талаптарына толық сәйкес келетінін атап кеткім келеді.

2017 жылы EXPO арнайы мамандандырылған халықаралық көрмесін өткізуге арналған өтінім беру процесі әлі аяқталмаған, ол 2012 жыл соңына дейін жалғасады. Әзірге 2017 жылы EXPO көрмесін өткізуге Астанамен қатар Льеж қаласы да үміткер болып отыр.

 

– «Болашақ энергиясы» тақырыбын таңдап алудағы негізгі мақсат не?

 

– Жоғарыда айтқандай, энергетика және экология мәселелері ерекше маңызға ие. Тақырып энергия үнемдеу мәселесін және күн, жел энергиясы және теңіз, мұхит, термальды судың энергетикалық ресурстары сияқты баламалы энергия көздерін енгізу мәселесін кеңінен ашуға мүмкіндік береді.

Осылайша, Қазақстан энергетиканы дамытуға өз үлесін қоспақ. Сондай-ақ, Астанада баламалы энергетика саласында таңдаулы ойшылдар мен жобаларды жинауға ұмтылып отырмыз.

Бұл бағытта жаңа технологияларды іздеу ел үшін басым міндет және Қ Р Үкіметінің қолдауымен іске асырылады. Жаңадан құрылған «Назарбаев Университетінде» бейіндік зерттеу орталығы, соның ішінде Баламалы энергия орталығы құрылған. Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Б Ұ Ұ Даму Бағдарламасының «Қазақстан – жел энергетикасы нарығын дамыту бастамасы» жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасында 2004 жылдан бері жел энергетикасын дамытуға бағытталған айқын жұмыстар жүргізілді. Республиканың әр облысындағы 10 алаңда желдің әлеуеті зерттелді. Олардың сегізі бойынша алдын ала зерттеулер өткізілді. Барлықтарында жобаларды табысты жүзеге асыруы үшін жарамды орташа жылдық желдің жылдамдығы (5-6 м/с шамасында) бар екені расталды.

Жобаның шеңберінде Қазақстанның жел атласы әзірленді.  Өткен жылы тағы 4 алаңда жел әлеуетін зерттеу бойынша жұмыстар аяқталды.

Сөзсіз, ЕХРО көрмелерін өткізудегі мақсаттың бірі, ол көрмелерде ұсынылған технологияларды өмірге енгізу болып табылады.

Энергетика саласында Қазақстанның ірі әлеуетін ескере отырып, ЕХРО-2017 көрмесінде ұсынылған жетістіктер өндіріске табысты енгізілетін болады.

Сонымен қатар, ЕХРО-2017 көрмелік павильондардың бөлігі баламалы көздердің электр энергиясымен, мысалы, минигелиостанция есебінен жабдықтауды жоспарлап отырмыз.

 

– Бесінші Астаналық экономикалық форумына қандай үміт артып отырсыздар?

 

– 24 мамырда Бесінші Астаналық экономикалық форум (А Э Ф) аясында Болашақ энергиясы тақырыбына EXPO 2017 жобасына арналған арнайы сессия өткізіледі.  Осы сессияның Астана қаласының Халықаралық көрмені өткізу науқанындағы, сондай-ақ энергияның балама көздерін дамыту мәселелерін талқылау бағытындағы маңызы зор деп білеміз. Жетекші әлем көшбасшылары, саясаткерлер, осы саладағы сарапшылар мен энергетика саласының ғалымдары аса өзекті мәселелер мен жаңа шешімдерді іздестіру үшін Астанада бас қоспақшы. Атап айтсақ, «Болашақ Энергиясы» тақырыбындағы сессияға экономикадан 2005 жылғы Нобель сыйлығының иегері Роберт Ауманн, экономикадан 2007 жылғы Нобель сыйлығының иегері Эрик Маскин, профессор Альберт Болотов, А Қ Ш Хьюстон университеті Балама энергетика зерттеу институтының Директоры Алекс Игнатиев, «Назарбаев университет» А Қ, инженерлік факультеті деканының орынбасары Сарим Аль-Зубайды, Миллениум Жобасы Венесуалық Тармағының Төрағасы, Сингуларити Университетінің (Singularity University) Энергетика бойынша кеңесшісі Жозе Кордейро сынды спикерлер қатысады.

Еліміз үшін жалпы А Э Ф шеңберінде Болашақ энергиясы жөніндегі арнайы бөлінген сессия өткізу – бұл баламалы энергетиканы дамыту мәселелері жөнінде ашық әрі жемісті диалог жүргізу үшін маңызды алаң болмақ. Бай табиғи ресурстарға қарамастан баламалы энергетиканы дамыту еліміздің басымдықтарына жатады. Қазақстанның жел, күннің жаңартылмалы энергиясындағы әлеуеті өте зор. Тақырыптаманың өзектілігін үстіміздегі жылдың наурыз айында Астанаға келген Халықаралық көрмелер бюросының делегаттары да мойындады.

– Қазақстандық тапсырысты қолдаған жағдайда оның ел экономикасына берері не? Одан ұтарымыз бар ма?  

– Ұсынылып отырған EXPO-2017 көрмесі 3 айға жалғасады. Яғни 2017 жылғы 10 маусым мен 10 қыркүйегі аралығын қамтиды.

Көрмеге әлемнің 100-ге тарта елі мен 10 халықаралық ұйым қатысады, көрмеге 5 миллион адам келеді деп күтілуде. Бұл Қазақстанның халықаралық аренада жасаған маңызды қадамы болмақ.

EXPO-2017 өткізу елорданың да, тұтас республиканың да экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы үшін қосымша ынталандыру болады.

Астанадағы шағын және орта бизнес, ең алдымен қызмет көрсету саласында қонақ үй бизнесі мен ішкі туризмді дамытуға елеулі әсер етпек. Бұл шара көрме нысандары мен астананың инфрақұрылымын салуға айтарлықтай жеке ивестиция тартуға мүмкіндік береді.

Көрме әлемді қазақстандықтардың көпұлтты мәдениетімен, көне тарихымен, өнерімен, дәстүрі мен қонақжай мінезімен таныстыруға жол ашпақ, Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы танымалдылығы мен тартымдылығын жоғарылатады.

Елорданың мәдени дамуы да маңызды іс. EXPO өткізу кезінде Астана қаласы дүниенің әр бұрышынан келген әр түрлі мәдениетпен үндеседі. Күн сайын көрме аумағында концерттер, шоу, Ұлттық Күндер және басқа ойын-сауық шаралары өтетін болады.

Туристер мен көрмеге қатысушылардың көп саны оларға қызмет көрсетуші жеке қызметтердің белсенді дамуына жол ашады. Өйткені келушілерге тұратын орын, сапалы тамақ, аудармашылар, экскурсиялар мен ойын-сауық қажет болады. Сондықтан қосымша жұмыс орындары мен табыс табу мүмкіндіктері пайда болады.

Кіші және орта бизнес иелері үшін Астанадағы EXPO-2017 көрмесін өткізу жаңа энергия сақтау технологиялармен танысуға және кейіннен оларды енгізуге, инвесторлар мен бизнесті одан әрі дамытуға идеялар іздеу үшін тамаша мүмкіндік бола алады.

Студенттар мен жоғары сынып оқушылары үшін бұл тамаша тіл ұстарту практикасы, жетекші әлемдік ғылыми мектептермен танысып, бұдан былайғы кәсіби өсу үшін идеялар табу мүмкіндігіне айналады.

Жаңа қызықты кездесулер мен танысуларды да ұмытпаған жөн, өйткені Қазақстанға барша әлем өкілдері келеді.

–          Мазмұнды сұхбатыңызға рахмет!

Жазира Амантай қызы

2013 жыл.

 

 

 

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑