banner-top12

Ақпараттар ағымы 1485227029_bolashak-900x_

Қосқан уақыты Ақпан 8, 2020 | 88 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы анықтама алу

Елбасы Н.Назарбаевтың қаулысымен 1993 жылы құрылған «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша ондаған мың қазақстандық шетелде білім алып келді. Бүгінде осы бағдарлама негізінде білім алған түлек өз мәртебесін растайтын анықтаманы egov mobile арқылы ала алады.
Ол үшін қосымшаны ашып, авторизациядан өтіп, «Білім беру» бөліміне өту қажет. Оның ішіне анықтама ұсынылатын мекеменің толық атауын жазасыз.
Анықтама тегін рәсімделеді. Нұр-Сұлтан қаласы үшін анықтама 1 күн ішінде дайын болады. Өзге аймақтар үшін – 15 күнтізбелік күн.
Egov mobile қосымшасын пайдалану үшін мобильді азаматтар базасында тіркелу жеткілікті.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑