banner-top12

Ақпараттар ағымы no image

Қосқан уақыты Қыркүйек 2, 2014 | 558 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Болгарияда Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күніне арналған іс-шаралар өтті

Ү.ж. 29 тамызда Қазақстан Республикасы Болгария Республикасындағы Дипломатиялық миссиясы Болгария Республикасының Сыртқы істер министрлігімен Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күніне арналған іс-шара өткізді. Іс-шараға Болгария Республикасының Сыртқы істер министрлігінің өкілдері,Жапония, Ирландия, Ливан, Беларусь, Палестина және тағы бірқатар елдердің Елшілері, журналистер, академиялық топтар мен қоғам өкілдері және сарапшылар қатысты.

Іс-шара барысында қатысушыларға Семей ядролық полигонындағы сынақтардың салдары мен АТОМ жобасы туралы айтылды. София қаласының уақыты бойынша сағат 11:0-те бір минут үнсіздік рәсімі өткізіліп, фотокөрме және деректі фильм көрсетілімі ұйымдастырылды.

Қатысушылар Семей ядролық сынақ полигонын жапқан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ядролық қарусыздану мен ядролық қаруды таратпаудың жаһандық процесіне қосқан айрықша үлесін жоғары бағалады.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑