banner-top12

Ақпараттар ағымы IMG_7002

Қосқан уақыты Тамыз 25, 2019 | 59 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Бостандық ауданында қабылдау өтеді

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында Халықаралық “Жанашыр” қоғамдық қоры Алматы қалалық ҚХА Медиация кабинетімен бірге 2019 жылы 29 тамыз күні сағат 11.00 -де Алматы қаласы, Бостандық аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында «Келісім» атты азаматтарды  қабылдау күнін өткізеді.

Шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы,  Алматы қалалық ҚХА Медиация кабинеті, Халықаралық құқық қорғау орталығы, Халықаралық “Жанашыр” қоғамдық қоры өкілдері қатысып, қала тұрғындарына әртүрлі даулардың, ұлтаралық түсініспеушіліктердің алдын алу, заңдық, құқықтық тұрғыда және мемлекеттік қызмет алуға қатысты кеңестер береді.

Қабылдауға келіп, толғандырған сұрақтарыңызға жауап алыңыздар!

Өтетін уақыты: 2019 жылғы 29 тамыз, сағат 11-00-де.

Өтетін орны: Алматы қаласы «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ Бостандық аудандық фронт-офисі.

Мекенжайы: «Алмагүл» шағын ауданы, Хожанов к-сі, 9а

Анықтама үшін телефон: 9738533, 87009738533




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑