banner-top12

Ақпараттар ағымы 1

Қосқан уақыты Наурыз 13, 2018 | 282 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Брифинг өткізді

7 6 4 3 2 1 89

«Азаматтарға арналған үкіметтің» Алматы қаласы бойынша ХҚО департаменті басшылығы Алматы қалалық өңірлік коммуникациялар қызметінде журналистерге арнап брифинг өткізді. Мемлекетті цифрландыру бағытындағы «Азаматтарға арналған үкіметтің» жаңалықтары мен алдағы жоспарлары туралы департамент директоры Әсел Ерболқызы Мамажанова баяндап берді. Журналистердің қосымша сұрақтарына директормен бірге Медеу аудандық №2 ХҚО бөлімінің басшысы Алмагүл Атагарова, Алматы қаласы Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы №2 секторы басшысының орынбасары Ермұрат  Әбділдаевтар жауап берді.

   Спикерлер «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүріп жатқан көптеген іс-шаралардың қатарында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының да азаматтар мен бизнеске цифрлық нұсқада қызмет көрсету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқаны сөз болды.

         Атап айтқанда, бала тууға байланысты мемлекеттік қызметтерді проактивті тәсілмен ұсыну қызметі жайлы, Алматы қаласындағы Алмалы аудандық ХҚО-дағы өзгерістер, яғни бөлім бір реттік SMS құпия сөзін пайдалану арқылы немесе жеке куәлікпен электрондық қызметтерді алуға арналған 37 орындық цифрлық қызметтер секторымен, қоғамдық қол жеткізу пунктімен жабдықталғаны, Анықтамасыз қызмет» – «Paper free» сервисі, автожүргізушілер үшін жаңа мүмкіндіктер – көлікке әдемі нөмір алғанда, сандарды ғана емес әріптерді де таңдауға болатынын, бүгіннен бастап жүргізуші куәлігін электрондық үкімет порталында ауыстыра алу мүмкіндіктері жайлы сөз етті. Сондай-ақ,бірінші жарты жылдықта Алматыда шетелдік азаматтарға мемлекеттік қызметтер көрсететін миграциялық ХҚО ашу жоспарланып отырғанынан хабардар етті.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑