banner-top12

Оқырман хаты no image

Қосқан уақыты Мамыр 18, 2013 | 957 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Бүгінгі Қазақстан және Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

 

Атшыбай Құрмағажыұл, ҚХР.

1991 жылы 16- желтоқсанда Қазақстан өзінің тәуелсіздігін тұңғыш рет дүниеге салтанатпен жариялады. Сол күннен бастап күллі әлем халқы Евразия құрлымының қақ ортасында өмір сүріп жатқан, ғасырлар тереңінен сусындаған төл мәдениеті мен өнері бар қазақ елі бар екенін білді және тәуелсіздігін мойындады.

Тәуелсіздіктің алғашқы қадамдары дүниенің дидары өзгеріп, қоғам бір сипаттан бір сипатқа ауысып жатқан аласапран кезеңге тұспа-тұс келді. Нарық қатынастары өмірге еніп, экономикалық реформалар жүзеге аса бастады. Жетпіс жыл бойы қалыптасқан шаруашылық байланыстар үзілді, әр республикадағы бөлініп қалған кәсіп орындар бір-біріне өнімін қаласа беретін, қаламаса бермейтін болды. өндіріс апатқа ұшырағандай дәрежеде тұралады, ірі өнеркісіп орындарының өндірісі тоқтады, көптеген орташа, шағын кәсіпорындармен завод, фабрикалар жабылды. Біртұтас энергия жүйесі, қатынас-тасымал, қабарласу жүйесі ұзілді, іріп-шіріу, мұралдық азғындау өршіді, осы тұста Қазақстан ойлы-шұңқыры көп, кедір-бұдыр жолдармен жүрді. Біресе жолдың қырына шығып кетсе, біресе ойына құлап, кезек ауытқып отырды. Ел басы оны минут сайын көтеріп жөндеп, бірде жолды өзі іздеп тауып, бірде нұсқап көрсетіп бастап отырды. Қазыр қазақстан тақтайдай тегіс жолмен, дәлірек айтқанда, барша өркениетті елдер жүріп өткен даңғылмен ұшқандай зымырап барады.

Осы 21 жыл ішінде Қазақстан дүниені жалт қарататындай талай жұмыстар тындырды, енді солардың бәрін тағыда бір-бірлеп ой елегінен өткізіп көрелік.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, сонау Абылай заманынан бері шешімі табылмай келе жатқан шекара мәселесі шешілді, ядролық қарудан өз еркімен бас тартып, Қазақстанның қауыпсыздігі мен аумақтық тұтастығына әлемдегі ең ірі державалардың кепілдігін алды.

Қазақстанда әскери күштер, республикалық ұлан, ішкі және шекара әскерлері құрылды. Ұлт тарихында тұңғыш рет әскери- теңіз күштерін құрды. Жаңадан ел таңбасын, туын белгіледі, ата заңын қабылдады. Астананы Алматыдан Ақмолаға көшірілді. Қазақстан халықтарының ассамблиясы құрылды, Қазақстан дамуының 2030 жылға дейінгі стратегиясы белгіленді.

Қазақстан мұнайдың, газдың, көмір мен  уран кенінің дүние жүзілік қорларын иеленушілер ішінде алдынғылардың бірі болып отыр. Назарбаев ел экономикасын көтеру үшін, шетел қаржысын көптеп кіргізудің тиімді жолдарын іздеп тапты. Жер қойнауындағы қазыналарды алып, оны мемлекет қажетіне жаратты. Мұнай, газ құбырларын жатқазды. Магистырлық даңғылдар, темір жолдар, айлақтармен өзен терминалы, әуежайлар салынды. Мұнай өнімдерін теміржол және теңіз көлігімен тасымалдау көлемі де артты. Қазыр Европамен Азия құрлығына жасалатын экспорттан қазақстанға жылына 400 миллиард доллар кіріп отар, мұны 2015 жылға барғанда 1000 миллиярд долларға жеткізу көзделіп отар.

Қазыргі таңда қазақстанда азық-түлік және халық тұтынатын товарлар зәрулігі жойылды. Жаңа, экологиялық таза және ғылымға негізделген өндіріс жасалды, көптеген адамдардың ашып алған өз кәсібі бар, өнеркәсіп орындарының бір қатары шаруашылық жүргізудің жаңа тиымды түрлерін тауып алды. Құрылыс және құрылыс өнеркәсіп базаларыда дамыды.

Қазақстан өнеркәсіптік шикізат өндірудің салаларын өркендетумен шектеліп қалмай, мұнай, газ өңдеу, түсті және қара металлургияны, ғылымды көп қажет ететін өндірістер мен машина жасау саласында дамытты. Мұнай мен газ Қазақстанда ірі үш мұнай өңдеу заводында, 4 газ және 8 майда мұнай өңдеу заводтарында өңделеді. Қазақстан бұдан былайғы 5 жылда метал қорту саласына 4 миллиярд доллар қаржы қосып, мыс өнімін 30% жоғарлатпақшы болып отыр. Метал, кремний қортатын завод Қарағанды облысында құрылды. Оның өнімдері негізінен Европа және Америка құрама штаттарына шығарылады. Кеме, пойыз вагондарын, комбайын, трактор, танк, камаз, жеңіл автокөлік, ұшақтар ел ішінде құрастырылып жасала бастады. Енді бірнеше жылда Қазақстан өңделмеген мұнай мен кенді экспортқа шығарумен бірге мұнай өнімдерін, химия мен машина жасау өнімдерінде экспортқа шығаратын болады.

Қазақ елі жерінде алып шаһарлар, заводтар, фабоикалар бой көтерді. Ірі-ірі тоспалар, су электір станциялары салынды. Барлық ауылдарға тәбиғи газ, таза ауыз су кіргізіліп, асвалит жолдар салынды. Жуық арада Астана мен Алматы арасында жүрдек поезд жүйіткиді. Сондай-ақ, барлық Қазақстан ішіндегі жол 2 есеге қысқаратын болады Ядролық техника бар күшпен дамтылып, ядро электр станциясын салуда қолға алынды. Ғарыш байлығын ашуға үлкен ізденістер жасалып, ғарышқа қазақ жігіті ұшты. Сифрлы телевизор жалпыластырыла бастады.

Қазақстан дүние жүзіндегі ең ірі ішкі құрлықтық мемлекет. Оның жер аумағы 2 милиярд 720 мың шаршы километр, бұл тұтас Европадағы 11 мемлекеттің жалпы жер ауданыннанда асып түседі. Қазақстан орасан зор ауыл шаруашылық жеріне және аса кең жайылымға ие.

Елбасы жуық жылдан бері ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығына мол қаржы босатып, сырттан жаңа технология жабдықтарын кіргізді. Ауыл шаруашылығы машиналандырылып, бидай өндіруде дүниенің алдыңғы қатарына шықты. Көгеністерді алып парникте өсіру, тамшылап суару сияқты жаңа технолоия жалпыласа бастады. Шетелден көптеген асыл тұқым сиырлар сатып әкелініп, ірі қараның сапасы жоғарлатыла бастады. Ел басы халыққа жолдауында 60 мың тонна ет экспорттау міндетпен алға қойды, бұл ел экономикасын көтеруде аса маңызды рол ойнайды.

Қазақстанда ет, сүт өнімдерін өңдеу заводтары да іске қосылды. Ақтаудағы сүт өңдеу кәсібі жақсы дамып келеді, заводтан 50 неше түрлі сүт өнімдері өндіріледі, мүның ішінде әртүрлі май құрамды сиыр сүті, кілегей, сиыр сүтінен жасалған сусындық, айран, қатық бар.

Бүгінде Қазақстан Азия елдерін ресей мен европаның басқа елдермен байланыстыратын алтын көпірге айналып отыр. Қазақстан жерін басып өтетін «Батыс Қытай- Батыс Европа» халықаралық тасжолды салуға жуықта үкімет тағыда 19 миллиярд доллар қаржы босатты, бұл жол 2015 жылы бітеді. Жолдың ұзына бойына жаңа заводтар, қоймалар, магазин, машина ремонттау, май құйыу пунктері және рестрондар салынады, кесенелер жөнделіп, саяхат орындары жақсартылады. Осы обьектілер біткеннен кейін, кем дегенде 50 мың адам жұмысқа орналасатын болады, сонымен бірге жергілікті орынға қомақты қаржы қосылады әрі орасан зор сауда орайы жаратылады. Соның нәтижесінде тұрғылықты халықтың экономикасы екі есеге жуық артатын болады.

Қазақстан бір қатар аса беделді халқаралық ұйымдарға, оның ішінде біріккен ұлттар ұйымына, халқаралық валюта қорына мүше болып қабылданды. Қазақстан сонымен бірге Европа қауыпсіздік ұйымының төрағасы, Шаңхай істестік ұйымының төрағасы және дүние жүзілік ислам ынтымақтастық кеңесінің кезекті төрағасы болды. Қазақстан осы үш халқаралық саханадан пайдаланып, раион орнықтылығын қорғап, шығыс және батыспен болған қарым-қатынасты, ауыс-күйісті дамытуға үлкен үлестер қосты. Әсіресе, кәрі құрлықтың басын қосып, Астана самитін өткізу, Астана жарнамасын жариялау ерекше маңызға ие болды. Ел басының дуалы аузынан шыққан сөз қазақ көгінен шығандап күллі адамзат аспанында шарықтады, жарасым мен татулықты қастер тұтатын миллиярдтаған адамдардың жүрегіне ізгілік нұрын септі.

Қазақстан шетелден көшіп келген қандастарына да төрін ұсынып, сығылысып орын бергендей көмек көрсетіп жатыр. Квота берді, нұрлы көштен үй берді, тұрмысы нашар адамдарға, мүгедектерге, зейнеткерлерге қыруар қаражат бөлді. Жалақы мен зейнетақы жылына 30% артып отыр. Біздің осында келіп оқып жатқан балаларымыз, іні қарындастарымызда көп, әр түрлі кәсіппен айналыса бастаған бауырларымызда баршылық.

Қазақстанда бүгінгі ұрпақтың зердесін  оятуға, ұлттық сана-сезімін ұштауға септігін тигізетін қыруар игі істер істелді. Тіл-жазуы, діні, салт-дәстүрі қайта жаңғырып, аяулы ана тіліне- бай әрі құнарлы қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. Ел ішінде көптеген мешіттер салынып, халық имандылық жолына түсті. Қадым замандардан бергі тарихын айырықша қастерлеп, ондағы дара тұлғаларды, ел болып еңсе көтерулеріне еркше еңбек еткен асыл азаматтарын айрықша ардақ тұтты. Жер астынан көне заман қазақ жұрттары, шаһарлары, құлыптастары табылды. Алтын адамның сиға тартар құдіретті мәдени қуаты ашылып, бабалар өмірінің ұлы құпиясы шешілді, осылардан жастар жан сезімдеріне рухани азық тапты.

Алматы қаласы халқаралық финанс және информация орталығына айналды. Биік ғимараттар көптеп салынып, тұрғын үй саныда күн сайын артып келеді. Үлкен көпірлер, асфальт жолдар салынды. Мемлекет қазынасына құйылатын салықтың 25%-ын Алматы қаласы ұстап отыр. Алматыда тұңғыш рет метро жүрді, бұл Алматының мақтанышы әрі қазақ елінің мақтанышы.

Астана қаласы төңірегіндегі жасыл орманымен, жұпар аңқыған гүл-шөптерімен, көркем құрлыстарымен өзгеше бір жарасым тауып, бір түрлі құлпырып, көздің жауын алып тұр. Адам қиялының өресі жетпес осы заман құрылыс үлгісімен жобаланып, жаңа технология мен салынған ғимараттар түнгі шырақтардың алқызыл сәулесімен інжу-маржандай жарқырайды. Мейлі бәйтерек болсын, Хан сарай болсын әлде Ақ орда болсын- бәрінде де сұлулықтың сиқырлы күші гүл жайнап, өзінің таңғажайып жасампаздығымен таң қалдырады.

Жаңа Астананың қаласыда, адамдардың санасы да жаңаланды. Астананың тұрғылықты адамдармен әңгімелесе қалсаңыз, олар сізге ежелден жақын аралас көршілердей әдеп көрсетіп, жарқын жүз, достық пейілмен жақындайды. Жастар жаныңыздан періштенің үніндей әдемі лебізімен сәлем беріп өтеді. Жастық өмір, сұлулық, шалқыған шаттық, кемел ақыл, биік парасат- Міне осылардың бәрін ойлап қарасаңызшы! XXI ғасыр қазақ халқының жұлдызы жанған ғасыр болды, осы бақыт үшін біз бәріміз тәубә дейміз.

Қазақстан әлем нарқында жылдам дамып келе жатқан елдердің алғашқы үштігіне енген болса, білім беру жүйесінің қарқыны да сол деңгейден көрінеді. Ел басы жаңа ұрпақ адамдарды тездетіп баулу жұмысын күш сала істегендерге ең ыстық мейір-шапағат бағыштады. Салауатты Қазақстан құру үшін 100 мекткп, 100 аурухана салдырды, перзент оқу силық қорын белгіледі, дүние жүзілік деңгейде білім беретін «Назарбаев университетін» құрды, енді міне, қазіргі талапқа сай білім беру технологиясын, сонымен қатар электронды білім беру жүйесін енгізіп отыр. Осындай күрделі жұмыстар Қазақстанның дүние жүзілік білім кеңістігіне кіруіне мүмкіндік береді.

Назарбаевтің елінің ертеңі үшін еткен бұл ең ересен, ең ірі, ең қасиетті баға жетпес еңбегінің нәтижесінде,жуық жылдар ішінде Қазақсанда жаңаша ойлай алатын парасат-пайымы әлде қайда жоғары адамдар жаңа экономикалық салаларда қызымет істейтін болады.

Қазақстан бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылды. Енді алда индустриялдық- иновациялық жағынан қуатты, дамыған елдердің қатарына қосылу міндеті тұр. Қазақстан бұл белесті де, бұйырса, бағындыратынына толық сенім бар.

Қазақстанда 1017 жылы халықаралық XPRO көрмесі ашылады, Астанада көптеген әсем ғимараттар салынып, шетелден 5 млиондай туристтер келеді деп күтілуде. Сол кезде евразия кіндігінен жаңа Қазақстан бой көтеретін болады.

Қысқа ғана уақыт ішінде осыншама көп жұмыстарды атқару кез-келгеннің қолынан келебермейді. Бұған ерен талант, ерен жігер керек. Мұндай ұлы істерді тек тарих пен тәбиғаттың айырықша пейілі түскен перзенті ғана істей алады.

Назарбаевтің басқадан артықшылығы ақыл-парасаты, білімі, тәжрибесі мол, оның үстіне  өте батыл адам. Оның әзіл-қалжыңға бай шешен тілі біздің жас ақылымызға үлкен әсер етер еді. Сол үшінде біз ол кісіні Алланың қазақ елінің бақыты үшін арнайы жіберген қасиетті адамы деп білеміз. Қазір Елбасының аты аталса-ақ бар қазақтың жүрегін алғыс кернеп, мақтаныш сезім билейді. Өйткені, тек Назарбаевтің салиқалы саясатының арқасында ғана, Қазақстан бүгінгі таңда айдай әлем алдында экономикалық қуаты үлкен, болашағы зор, қоғамдық саяси ақуалы тұрақты, келешегі сенімді болып абройы асып тұр.

Аспан асты алып Қытай елінің экономикасы дүниенің алдынғы легінде келеді, бұл дүниенің орнықтылығы мен дамуына төтенше пайдалы. Жуықта Қытай елінің билігіне ШиЖиПиң деген данышпан көсем шығып, ел ішінде жемқорлыққа, сырапшылдыққа, аткезшілікке, пормашылдыққа қарсы тұрып, заң-түзімді күшейтіп, қоғам ортасында әділдік орнатты. Сонымен бірге жұмысшы-қызметкерлерге, егінші-малшыларға, халық жұмыскерлеріне арзан үй салып беріп, кірісі төмен отбасыларына тегін үй берді. Сөтіп бүкіл елдегі 56 ұлыт бір отбасының адамындай тату-тәтті, мамыражай, думанды, баяшат өмір кешуде.

Қазақстан өзімен көршілес, жері іргелес елдермен өзара достық, өзара тиімді экономикалық, мәдени, рухани байланысты нығайтып келеді. Қытай мен Қазақстан дипломатикалық қатынас орнатқан 21 жылдан бері екі елдің қарым-қатынасы жаңа бір тарихи даму кезеңіне өтті. Екі ел басшылары үнемі біріне-бірі жиі сапарлай барып, саяси, экономика, мәдениет, оқу-ағарту, ғылым-техника жақтарындағы араластық тез дамыды.

Қытай мен Қазақстанның тату көршілік, достық, істестік қарым қатынасын сақтау және дамыту екі ел халқының ұрпақтан-ұрпаққа дос болып өтуіне мүмкіндік жасайды. Бұл екі ел халқының түбірлі мүддесіне үйлесумен бірге өңірлік орнықтылық пен бейбітшілікке де тиімді. Қазіргі жаңа жағдайда, екі ел халқының бір-бірінің тарихи, мәдениет, саяси, экономика жақтарындағы ахуалын білуі екі елдің көршілік, достық қатынасын дамыта түсудің маңызды шарты, сондай-ақ мұны екі ел халқының достығын және екі елдің қарым-қатынасын нығайту мен дамытудағы идеялық негіз деуге болады.

Қазақ елі гүлденіп көркейе берсін!

Ел басының ғұмыр жасы ұзақ болсын!

Қытай мен Қазақстанның көршілік, достық қатынасы ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса берсін!




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑