banner-top12

Ақпараттар ағымы южх

Қосқан уақыты Мамыр 15, 2019 | 22 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

«Буккроссинг» кітап алмасу шарасы өтті

       лжщбрлодсситюжх ячсм

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының тапсырысы негізінде Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету жөніндегі ғылыми-ағартушылық жобаны әзірлеуге және іске асыруға ҮЕҰ, сараптамалық қауымдастықты тарту” тақырыбындағы жоба аясында Алматы қаласы ,№ 146 мектеп-лицейде «Буккросинг», яғни кітап алмасу шарасы өтті.

Шара мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі қағидаттарын, оның жаңа мазмұнын және Тұңғыш Президенттің бес әлеуметтік бастамаларын ілгерілету бойынша жүйелі ақпараттық-түсіндіру және ағарту жұмыстарын қалыптастыруды, қазақ халқының тарихы, дәстүрлері, мәдениеті, діні, рухани орталықтары, философиясы, әдебиеті, өнері, тұрмысы мен ой-санасы туралы неғұрлым толық білім алу жүйесін және бірыңғай ортақ құндылықтарды қалыптастыруды көздейді.

   «Буккроссинг»,яғни кітап  алмасу шарасына 25 шақты оқушылар қатысып, өздерінің оқыған кітаптары жайлы мағлумат беріп, үйдегі артық кітаптарын кітапханаға өткізіп, бір-бірімен кітап алмастырды. Шара қонақтары, профессор, Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымының докторы Асылы Әлиқызы Осман, «Халифа Алтай» қорының төрағасы, діңтанушы Қәбден Алтайұлы , ақын, «Отандас ел» ҚБ төрағасы Мұқан Мамытхан; дәстүрлі жас әнші Диас Мұратхан , Халықаралық «Жанашыр» қорының президенті, Еларалық «Шалқар» газетінің бас редакторы Жаңыл Амантайқызы Әпетова , ақын, қоғам қайраткері Ләззат Игісін .

Осылайша, Халықаралық «Жанашыр» қорының мектеп ұжымымен біріге жасаған рухани шарасы жастардың рухын көтеріп, санасына сәуле түсіріп, елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерінің арта түсуіне ықпал етті.

      




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑