banner-top12

Ақпараттар ағымы арао

Қосқан уақыты Сәуір 26, 2019 | 21 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

«Буккроссинг» кітап алмасу шарасы өтті

     оргд парлр праловпеарарао

Рухани жаңғыру бағдарламасын ілгерілету мақсатында Сервистік қызмет көрсету  колледжінде Рухани жаңғыру күні өтті. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының тапсырысы негізінде Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының  «Бірыңғай ортақ құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан этностары арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету тақырыбындағы жоба аясында  Алматы қаласы, Сервистік қызмет көрсету  колледжінде  «Буккроссинг», яғни кітап алмасу  шарасы өтті.

Шара мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі қағидаттарын, оның жаңа мазмұнын және Тұңғыш Президенттің бес әлеуметтік бастамаларын ілгерілету бойынша жүйелі ақпараттық-түсіндіру және ағарту жұмыстарын қалыптастыруды, қазақ халқының тарихы, дәстүрлері, мәдениеті, діні, рухани орталықтары, философиясы, әдебиеті, өнері, тұрмысы мен ой-санасы туралы неғұрлым толық білім алу жүйесін және бірыңғай ортақ құндылықтарды қалыптастыруды көздейді.

Шараға колледждің 30ға жуық студенті қатысып, өздерінің сүйікті кітабы,авторы жайлы айтты, үйдегі артық кітаптарын кітапханаға өткізді, бір-бірімен кітап алмасты.Шара барысында  30ға жуық кітаптар алмастырылды.

Осылайша, Халықаралық «Жанашыр» қорының Сервистік қызмет көрсету  колледжінде өткізген бұл шарасы жастардың кітап оқуына,әдебиетті сүюіне әсер берді.Жастардың рухын көтеріп, санасына сәуле түсіріп, елжандылық, отан сүйгіштік қасиеттерінің арта түсуіне ықпал етті.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑