banner-top12

Ақпараттар ағымы IMG_4510

Қосқан уақыты Мамыр 24, 2019 | 27 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

«Букдейтинг» шарасы өтті

 IMG_4525IMG_4526IMG_4527IMG_4529

Рухани жаңғыру бағдарламасын ілгерілету мақсатында Д.Қонаев атындағы заң  колледжде Рухани          жаңғыру күні өтті.Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының тапсырысы негізінде Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету жөніндегі ғылыми-ағартушылық жобаны әзірлеуге және іске асыруға ҮЕҰ, сараптамалық қауымдастықты тарту” тақырыбындағы жоба аясында Алматы қаласы, Д.А.Қонаев атындағы заң колледжінде «Букдейтинг»  шарасы өтті.

Шара мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі қағидаттарын, оның жаңа мазмұнын және Тұңғыш Президенттің бес әлеуметтік бастамаларын ілгерілету бойынша жүйелі ақпараттық-түсіндіру және ағарту жұмыстарын қалыптастыруды, қазақ халқының тарихы, дәстүрлері, мәдениеті, діні, рухани орталықтары, философиясы, әдебиеті, өнері, тұрмысы мен ой-санасы туралы неғұрлым толық білім алу жүйесін және бірыңғай ортақ құндылықтарды қалыптастыруды көздейді.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асқар Әбдіғалымұлы Наймантаев Д. Қонаев атындағы колледж студенттеріне Азиз Несиннің сатиралық кітабын таныстырды.

Азиз Несин (түр. AzizNesin – Мехмет Нүсреттің лақаптарының бірі) 1915 жылы дүниеге келген түріктің атақты жазушысы, публицист. 1943 жылдары Азиз Несин журналистикаға бет бұрған. «Жеті күн», «Таң» басылымдарында жұмыс істеген. Әзіл-оспақ жанрда жазылған 34 әңгімесі мен «Бір өлкеде» (1958), «Хоптиринам» (1960) атты сатиралық ертегілер топтамасының, 8 роман және 6 пьесаның авторы. Азиз Несин бірнеше халықаралық сықақ-жазушылар арасындағы байқаулардың жеңімпазы. 1995 жылы 79 жасында дүние салған.

Шараға колледж студенттері қызығушылықпен қатысты.

Шара Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының гранттық бағдарламасы негізінде Халықаралық “Жанашыр” қорының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету жөніндегі ғылыми-ағартушылық жобаны әзірлеуге және іске асыруға ҮЕҰ, сараптамалық қауымдастықты тарту» тақырыбындағы жоба аясында өтті

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑