banner-top12

Ақпараттар ағымы photo_2019-02-26_12-15-34

Қосқан уақыты Ақпан 26, 2019 | 100 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Цифрлы сауатты болу – заман талабы

 

Мемлекеттік копрорацияның Алматы қаласы бойынша филиалы 2 миллионнан астам халқы бар алып қаланың тұрғындарына цифрлық қызметтерді насихаттап жүр.

Бұл жолы ХҚО қызметкерлері халық көп баратын «Ритц Палас» сауда орталығында кезекті акция өткізді. Мамандар смартфон арқылы мемлекеттік қызметті алуды үйренемін деген әр адамға Telegram-ның egovKzBot-ын жүктеп беріп, оны пайдалану жолдарын көрсетті. Көпшілік мұндай мүмкіндіктің барынан бейхабар болып шықты.    Медеу аудандық фронт-офис басшысы Алма Уәлиқызы: «Халықтың көпшілігінің ғаламторға кіру мүмкіндігі бар. Қалтадағы смартфон – халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ керекті анықтамаларды алуға көмектесе алатын құрал. Сондықтан оның мүмкіндіктерін барынша таныстырып, халықтың цифрлық сауатты болуына үлесімізді қосқымыз келеді. Электронды үкімет порталын үйренемін деушілерді де Цифрлық ХҚО-ға шақырамыз», – дейді. Сауда үйінде өткен бұл жолғы акция барысында онлайн бот туралы білімін 300-ге жуық адам толықтырды.

Гүлмарал Ерсұлтанқызы




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑