banner-top12

Ақпараттар ағымы no image

Қосқан уақыты Маусым 17, 2014 | 719 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

«Classic» радиосының 3 жылдығына арналған мерекелік концерт

 

 IMG_9005  DSC04567

18-маусымда, сағат 19.00-де Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваторияның Үлкен концерт залында «Қазақстан» телерадио корпорациясының құрамындағы классикалық музыка форматында хабар тарататын «Classic» радиосының 3 жылдығына арналған үлкен концерт өтеді, – деп хабарлайды «Қазақстан» ТРК Баспасөз қызметі.

«Classic» радиосы – классикалық толқын» атты кешке Қазақстанның Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі, «Камерата Казахстана» мемлекеттік оркестрі, «Magic of Nomads» этно-джаз тобы, «Қазына» ансамблі мен Қазақстанда тұңғыш рет танымал музыкант, Скандинавияның жоғары бизнес мектебінің оқытушысы Михаил Казиник қатысады. Сондай-ақ, кеште оркестрлік шығармалар мен премьералар ұсынылады.

15 маусым күні Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваторияның студенттері радионың 3 жылдығына флешмоб ұйымдастырып өткізді. Жас музыканттар – баяншылар, виолончелистер, ұрмалы және үрмелі аспап шеберлері мен аралас хор өкілдерінен тұратын жас музыканттар тобы қазіргі заманға сай әрленген классикалық шығармаларды орындады. Флешмоб Орталық мәдениет және демалыс саябағында, Алматы әуежайында, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы алдында, 28 панфиловшы-гвардияшы саябағында, цирк ғимараты алаңында, “Арман” киноорталығы алдында, “Алматы-2” теміржол бекетінде және Арбатта өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылы Лондонда Халықаралық телерадиотаратушылар Ассоциациясы ұйымдастырған «AIBs Inspiring Creativity Awards» байқауында «Classic» радиосының «Классикомания» бағдарламасы «ең бірегей, ойын-сауық және дамытатын бағдарлама» деп танылып, арнайы деипломмен марапатталды.

2013 жылы Fashion TV Awards салтанатында «Classic» радиосына «Сәннен шықпайтыны үшін» жүлдесі табыс етілді.

«Classic» радиосы Алматы қаласында 102.8 жиілігінде және Астана қаласында 102.7 жиілігінде тәулігіне 24 сағат бойы хабар таратады.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑