banner-top12

Ақпараттар ағымы photo_2019-02-20_15-24-58

Қосқан уақыты Ақпан 24, 2019 | 94 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

  Дәрігерлер онлайн қызмет алуды үйренді

photo_2019-02-20_15-32-52 photo_2019-02-20_15-25-14  photo_2019-02-20_15-24-46

Адам жанының арашасы, ақ халатты абзал жандар, Сіз өз емханаңыздағы емделушілер кезегінен құтылғыңыз келе ме, дәрігерлер кезегіне онлайн кезек алуды пациенттеріңізге үйреткіңіз келе ме, немесе фронт-офиске бармай-ақ  қажет болған  анықтамаларды алғыңыз немесе біліктілігіңізді растау лицензиясына өтініш бергіңіз келе ме?  Мұны сіз электрондық үкімет порталы арқылы жасай аласыз.

Қалай жасауды білмейсіз бе?

Онда «Азаматтарға арналаған» үкімет мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының мамандары Сіздердің жұмыс орындарыңызға барып цифрлық қызмет алуға үйретеді.

Алматы қаласы филиалы Әуезов аудандық фронт-офисінің мамандары №10, №15, №16 қалалық емханалардың дәрігерлеріне цифрлы қызметтерді алу бойынша оқыту өткізді.  Осылайша, қаланың 250 дәрігері цифрлық сауатты болды.

№16 қалалық емхананың дәрігері 62 жастағы Даутова Гүлзар: «Қазір  емделушілер дәрігердің қабылдауына Egov.kz  порталы арқылы электронды түрде талон алып, таңдаған емін ала алады. Алайда, көпшілігі онлайн түрде бір уақытқа алдын-ала жазылып келуге болатынын білмейді. Тұрғындарға біз де айту, көрсету керекпіз. Ол үшін өзіміздің цифрлық сауатымыз болуы тиіс. Бүгін барлығын үйреніп алдым. Осындай іс шараны ұйымдастырушыларға алғыс айтамын»,- дейді.

Иә, цифрлы сауатты болу – барлығымыздың міндетіміз!

Гүлмарал Ерсұлтанқызы




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑