banner-top12

Керек кеңестер дари-дармек1

Қосқан уақыты Желтоқсан 5, 2014 | 1  276 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Дәрілік заттарды жарнамалау

Қазіргі таңда әр тауарды тұтынушыларға жарнамалау өміршең құбылыс болып кеткендігі айқын. Өмірде адам денсаулығына қажетті дәрілік заттарды, медициналық жабдықтарды, құралдарды жарнамалау үлкен сұранысқа ие болып отыр. Сондықтан заңды тұлғалараға айтарымыз, сіз тұтынушыға өз өніміңізді жарнамалауға рұқсат алғыңыз келсе, Халыққа қызмет көрсету орталығы сіздерге «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы жарнамалауға рұқсат беру» қызметін ұсынады.
Ол үшін тұтынушы орталыққа келесі құжаттар топтамасымен келу қажет:
1) жарнамаға рұқсат алуға арналған өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз тасымалдағыштағы жарнамалық ақпараттың мәтіні;
3) жарнаманы телеарналар мен радиоға орналастыру кезіндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бейне, аудиожазбадағы жарнамалық ақпараттың мәтіні;
4) мемлекеттік тіркеу кезінде бекітілген нұсқаулықтың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмесі мен түпнұсқасы, пайдалану құжатының көшірмесі мен түпнұсқасы;
5) ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті берген тіркеу куәлігінің көшірмесі мен түпнұсқасы;
6) жарнамалық материалдарға сараптама жүргізуге арналған төлемді растау құжаты (салыстыру үшін түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда нотариаттық расталғандар);
7) қызметті алушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі мен түпнұсқасы.
Аталған қызмет жеке және заңды тұлғаларға отыз күнтізбелік күнде тегін негізде көрсетіледі.
Сонымен, Халыққа қызмет көрсету орталығына келіп тауарыңызды жарнамалауға рұқсат алыңыз демекпіз!

Алматы қаласы бойынша ХҚКО мекенжайлары:

Әуезов аудандық бөлімі
Алматы қаласы Жандосов көш., 51

Алмалы аудандық бөлімі
Алматы қаласы Бөгенбай батыр көш., 221.

Алатау аудандық бөлімі
Алматы қаласы Шаңырақ-2 ықшам ауданы, Жанқожа батыр көш., 2

Бостандық аудандық бөлімі
Алматы қаласы Алмагүл ықшам ауданы, 9а

Медеу аудандық бөлімі
Алматы қаласы Марков көш., 44

Жетісу аудандық бөлімі
Алматы қаласы Төле би көш., 155

Түркісіб аудандық бөлімі
Алматы қаласы Рихард Зорге, 9

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑