banner-top12

Руханият 60eaf798d4c56167cb1eb39444952c21

Қосқан уақыты Қараша 8, 2017 | 356 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

ДӘСТҮРЛІ ӘН МӘДЕНИЕТІ  НЕГІЗІНДЕ  ЖАСТАР ТҰЛҒАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

(Мақала Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының гранттық бағдарламасы негізіндегі Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының  «Халықтың ұлттық-мәдени бірлігін сақтаудағы зиялылардың рөлі» тақырыбындағы жобасы бойынша жазылған.)

Аманқұлова Л.,

Қазмемқызпу, Өнер және мәдениет факультеті,

Мәдени-бұқаралық жұмыстардың теориясы мен әдістемесі

кафедрасы аға оқытушысы, магистр;

Чакенова Б.,тарих магистрі – Қазмемқызпу,

Өнер және мәдениет факультеті,

Мәдени бұқаралық жұмыстардың теориясы мен әдістемесі кафедрасы

Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыруда негізгі міндеттердің бірі- мұғалімнің жастардың өтілетін тәрбие шараларына байланысты тәрбиелік деңгейін біліп отыруы жұмысты жетілдіруге үлкен әсері бар. Оқыту үрдісінде білім мен тәрбие беумен қатар, жастар өзін-өзі тәрбиелеуге мүмкіндік алады. Ұрпақтан-ұрпаққа ауыз әдебиеті арқылы жеткен салт- дәстүр, әдет-ғұрыптар арқылы ізгілік, азаматтық жауапкершілік және патриоттық құндылықтарды қалыптастыруға болады.

Адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда қоғамдық пәндердің мүмкіндігі ауқымды. Айталық, баспасөз конференциялары, айтыс, пән сабақтары, шығарма жаздырту, тест бойынша жұмыс, т.б. жүргізілетін тәжірибелік зерттеу жұмыстарында біршама қарастырылып, онда жастардың ата-баба тарихына қызығушылығы, ынта-жігерді, білімге деген талпыныстарының артқаны байқалды. Пән сабақтарындағы патриоттық тәрбиеге байланысты жастарға берілген білім мазмұны олардың бойындағы ұлттық намысты оятып және өз ұлт алдындағы парызын сезінуге игі ықпал етті. Дегенмен, сабақ үрдісінде берілетін патриоттық тәрбиеге байланысты білім мен тәрбие мазмұнын сыныптан тыс уақытта жүгізілетін қоғамдық тәрбие жүмыстарымен сабақтастары отырып, жүйелі түрде жүргізгенде ,ана ұлттық салт-дәстүрге берік, елін, жерін сүйетін нағыз ұлтжанды азамат тәрбиелей аламыз.

Мектептегі оқу-тәрбие жұмысыныың құрамды бөлігі-сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар болып табылады. Жастардың пән сабақтарында меңгерген білімдерін, үлгі-өнегелерін сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарда пайдалану қоғамдық еңбекпен айналысуға, ой-өрістерінің кеңеюіне үлкен ықпалын тигізе отырып, патриот-азамат қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жастардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруда, оларға адамзат  баласыныың қол жеткен қоғамдық-тарихи тәжірбиемен қатар, қоғамдық- этикалық қалыптар мен ізгілікті-адамгершілікті игеруге болатынын тәжірбиеден көруге болады. Жалпыадамзаттық құндылықтар халықтың дәстүрлерде, адамгершілік принциптерде, діни мәдениетте наақты жазылып қойылған және әлеуметтік ойдың озық белгілері, жеке тұлғаның қасиеттері, адамгершілік үлгілері жинақталған күйде, әдептіліктің қоғамда қабылданған үлгісі ретінде көрінеді.

Философтардың зеттеу бойынша тұлғаның қалыптасуының қанай факторлар ықпал етеді жіне тұлғаның қарапайым адамдардан қандай айырмашылығы бар?- деген сұрақ қоя отырып, соған жауап іздейді. Олар тұлғаның қалыптасуында негізгі рөл әлеуметтік жағдайларға- тәрбиеге, білімге, қоршаған әлеуметтік ортаға, ата-анаға тиесілі екенін атап көрсетеді. Қоршаған әлеуметтік орта- бұл адамнығ мекен ету әлемі, бұл тұлғаның қалыптасуына тікелей әсер ететін дүниетанымдық, кәсіби, адамгершілік құндылықтар.

Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасының Конституциясына  «Білім туралы» заңына және «Білім» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес қазақстандық білім беру жүйесінің ұлттық үлгісін дамытуды қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарлы түрде жүзеге асырылуда. Осыған орай, жастарды ұлттық мәдениет, өнер, ана тілі мен ауыз әдебиеті, фольклор, классикалық жазба әдебиет мұраларының әлем таныған нұсқаларын терең оқыту қолға алынуда. Тілге байланысты жеке тұлғаның: ұлттық сана-сезімі, ой-өрісі, ұлттық болмысы, ұлттық құндылық, ұлттық руханият, ұлттық өркениеттік құндылықтар, ұлттық абырой, ұлттық  беделі қалыптасады.

Кез келген қоғамның даму деңгейі адамдар мен әлеуметтік топтардың даму деңгейімен анықталады да оның әргелі негіздерінің бірі адамгершілік- ұлттық құндылықтармен көрінеді. Қоғаның асыл құндылығы адамның мәдениеті мен ақыл-ой байлығында екендігін көне заманнан  қазіргі кезеңге дейіңгі философтар, психолог, педагог, тарихшы және саясаттанушылар айтуда. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауы ел тарапынан шын мәнінде әділетің салтанат құруы, яғни адамзат құндылығы үшін жұмсалатын күш жігер туралы екендігі даусыз.

Адамның моральдық бейнесі оның іс-әрекетінде қалыптасады. Сондықтан адамгершілік тәрбиесінде жақсылық пен жамандық адамға тән қасиеттің қарама қарсы сипаттары ретінде өзара салыстырмалы түрде қарастырылады. Жастарға жақсылық пен жамандық мәнін ашып көрсету үшін «Қабуснамадағы» даналық нақылдарын пайдалануға болады: «Ей, перзенттім, жақсылық істеуден жалықпа. Және істеген жақсылығына өкінбе, өкінгенің өзіңе зиян. Біреуге жақсылық істеп, оның көңіл-күйі қаншалықты шат болса, сенің көңілін де соншалықты көтеріліп шадыман болар. Егер біреуге жамандық істеп, оның көңілін  қапа қылсан, сен одан да артық қапа боласың. Сен біреуге жамандық қылсаң, саған да жамандық келеді. Менің бұл айтқан сөзіме таңданбағайсың. Адам баласы өз өмірінде біреуге жақсылық иә жамандық істегісі келсе, ойланып істегені жөн. Егер менің тіліме көнсең, ешкімненде жақсылығынды аяма. Ей, перзентім, қай кезде болмасын жақсылық жасауды жадыңнан шығарма. Жақсылықты жалпы халыққа жаса, жамандықтан аулақ бол, керісінше сойлеме, теріс оймен ойлама. Бидайды көрсетіп арпа саптаған. Әр істе әділетті бол. Әділ жанға бидің де, қазының да қажеті жоқ.

Мағынасы зор бұл зерделі ой-тұжырымдардың кімнің де болсын сана- сезіміне әсер етіп, өз іс-әрекетінде, мінез-құлқында адамгершілік нормаларды жүзеге асыруға көмектеседі.

Қоғамда дәстүрлі құндылықтармен қатар әрбір тарихи кезеңде пайда болған, әрбір әлеуметтік қауымдастық үшін қызмет еткен өнер құндылықтары да өмір сүрді. Этникалық қауымдастықтар өзіндік ұлттық құндылықтарын түзсе, жалпы азаматқа ортақ құндылықтар барлық адамдарды біріктіреді. Ұлттық құндылық- өте сирек кездесетін құбылыс, ол ұлттық өре мен парасаттылықтан байқалады, рухани дамудың биік белестеріне жеткізетін жиынтық ұғымдар көрінісі. Ол мақсатты құндылықтар тобына жатады.

Мысалы, мақсатты құндылық, яғни құрал бойынша деп екі құндылықтарға бөлген пәлсапашы Р.Вильмс болған. Ол мақсат құндылықтарға бөлген ақиқат өнер, шығармашылық, еркіндік, жақсылық,әсемдікті жатқызған. Келесі құндылықтарға, яғни құрал-құндылықтарына: әлеуметтік, саяси, экономикалық құбылыстарды жатқызған. Мақсат құндылықтар мен құрал құндылықтар қоғамдық тарихи үрдістің жалпы азаматтық құндылық кеңістігінде алға қойған мәселелермен  байланысты құндылықтар деп есептеледі.

Құрал-құндылықтары жалпы құндылықтарды толықтырып, жүйенің  мән-мағынасын арттырады және нақты тарихи жағдайлардағы ерекшеліктерге қатысты қамтиды. Құрал-құндылықтары байқасаңыз, моральдық құндылықтардан тұрады және қоғамды, жеткіншектерді тәрбиелеуші, реттеуші қызметтерін арттырады. Сонымен бірге жеке, топтық, қауымдастық, ұлттық, жалпы адамзаттық құндылықтар иерархиясы адамгершілік болатындығы байқалады.

Адамгершіліктің өрісі кең, бұл қасиет әр адамның еңбекте, қоғам өмірінде, тұрмыста, көпшілік орында өзін ұстауынан,  басқалармен қарым-қатынасынан, жүріс-тұрыс, іс-қимылынан байқалады. Адамгершілік мол адам-бақытты, ел-жұртына қадірлі, қоғамға пайдалы, яғни маңындағыларға үлгі-өнеге болатынын ғұламалардың терең ойларынан байқауға болады. Сондықтан жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеуде олардың маңыздылығы арта түсетіні анық.

Ғасырлар бойы ата-бабамыз армандаған тәуелсіздікке қол жеткізген еліміздің білім, тәрбие беру ісіндегі басты мақсаты рухани жан дүниесі адами құндылықтарға бай жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. Елдің ұлтжанды азаматын тәрбиелеймін деген әрбір адам өзінің ұлттық мәдениетін, тарихын және құнды ата-баба мұраларын игеруі тиіс. Жастардың ұйымшыл, көпшіл болып қалыптасуы үшін өнерлі болудың маңызы зор. Өнер адамның дүниетанымына, сеніміне, адамгершілік асыл қасинттерінің қалыптасуына септігін тигізеді. Сондықтан әрбір жастың өнерддің сан-саласынан толық мағлұматы болуы абзал.

Болашақ мамандарды өнерге баулу, оның пайдасын түсіндірге үйрету барысында «Қабуснамадағы» мына терең ойларды пайдаланып, олардың сана-сезімін оятуға болады: «Ей, перзентім,  есіңде болсын, өнерсіз жан-өнегесіз, оның ешкімге де пайдасы тимейді. Ондайлар бұтасы бар да,  көлеңкесі жоқ тікенді шоңайнағы ұқсайды, өзіне де өзге де пайдасыз болады….». Бұл ұлғатты сөздер жастардың өнердің пайдасын, қадір-қасиетін түсінуге шақырады. Ал «егер ақылың болса, өнер үйрен, өйткені өнерсіз ақыл – киімсіз дене,яғни кескінсіз адам сияқты» деуге болады. «Білім –  ақылдың ажар-көркі»- деп босқа айтылмаған. Аңдасаң ақыл деген – бір қымбат нәрсе. Оны ұрып алып кете алмайды, ол отқа жанып, суға ақпайды… – деген тұжырымдар өнер білімнен, ақылдан жұрдай ақымақтардан жирендіріп, өнерлілік- адамның тамаша рухани бейнесі екендігіне жастардың назарын баса аударуға мүмкіндік береді. Бұлда бір өнер негізіндегі ұлттық құндылықтарға баулудың көрінісі.

Сайып келгенде, адам үшін ең басты құндылық, ең бағалы мәселе- өмір. Өмір-адамның күнделікті және өмір бойында жалғасатын тіршілік. Тіршілік иесі ертеңін ойлап еңбек етеді, білім алады тәжірибе жинақтайды, қуаныш пен қайғы, бақыт пен бақытсыздық, тыныштық пен мазасыздық, бар мен жоқ сияқты құбылыстар алмасуын есепке алып, болжам жасап, шыдамдылық көрсетеді.

В.Франкл «Адам өмір мәнін іздеуде» атты шығармасында өмір мәнін жоғалту адамның материалдық және әлеметтік тұрғыдан емес депрессиямен ұштасады. Ол дегеніміз  сары уайым және қайғырумен байланысты екендігін білдіреді. Дамыған қоғамда материалдық қажеттілікті қанағаттандырудың адамға өмір мәнін сезінуге ықпалы жеткіліксіз.

Өмір мәнін түсіну әртүрлі жас кезеңінде және әртүрлі жағдайда пайда болу мүмкін, сондықтан адамөз тіршілігіне өзі мәне беруі тиіс, әйтпесе оған сырттан келер көмек жоқ. Өмірдің мәні жазылып,құрастырыла салмайды, ол қмір бойы жинақталады. Өмір мәнін іздестіру адам үшін табиғи құбылыс болып саналады.

Сонымен адам өмірінің мәні жоғары құндылық пен ұлттық құндылық жүйесін түзеді:

  1. Санадан тыс құндылық бұл-адамды өлім туралы ойлауға, оған мән берге әкеледі. Олар идеялогиялық жүйені біріктіреді, құрайды, қоғамды біріктіреді, адамның тіршілігіне әсері бар.
  2. Әлеуметтік-мәдени құндылықтар: тіл, саяси мұраттар, мәдениет,мемлекет тарихы, мемлекеттік шекара дәстүрлер, аймақ, т.б. Халқына, еліне, жеріне, Отанына қызмет жасаудан өмірдің мәнін, түсінгендей болады.
  3. Жеке бас құндылығы: денсаулығые, табысы, қарым-қатынасы, әрине махаббаты, т.б. қасиеттер бар адамды жатқызамыз.

Жеке басқұндылығы-тарихи өзгермелі категория. Мысалы, тотаритарлық қоғамда жеке тұлға қоғамдық құндылық аталып берілген, олады адамдардың өздері игерді, жеке бас құндылығына айналды. Демократиялық қоғамда жеке тұлға өзінің құндылығын ерікті тандап алада, алайда адамдарды біріктіретін құндылық күші әлсіреп жойылады.

Өмірдің мәнін түсіну күрделі қиын. Ең бірінші кезекте үйлену, өзі жасап көру, үлгі тұту, көріп білу, оқып беру арқылы мақсат қою, армандау бойынша ұмтылыстар жасау,  қарым-қатынастарды үйрену, жасау, өзін-өзі тану, ойындағы үлгілі, арманындай адамдарға қызығушылық  әдепті, ізгілікті қасиеттер, ережелерді қабылдау, арман тілегін сезінумен қоса жүреді.

Қазіргі кезде қоғам өзгерістерінің шешуші факторы- адам, сонпдықтан «Адам-қоғам», «Адам-әлем», «Адам-өнер», қатынастарынан адамдардың әлемге, қоршаған орта, қоғам, өнерге көзқарасы қандай ұстанымдарға қатысты екенін ойлаумен бірге, әлемдегі құндылықтарды  түсіну де маңызды.

Құндылық қатынастар филосиофияның негізгі мәселелерінің бірі- (адам-өнер) қатынасының ғажап құбылыстары мол, ерекшеліктері, құндылығы жеткілікті, әсіресе адамның ең жоғарғы қасиеттеріне ұмтылысы үздіксіз жалғасады. Адамның қоғамға қатынасының ерекшелігі адамның адамға қатынасы, ұлы, дана адамдар, ғажап пікірлер, еңбектер негізіндегі өнер атаулыға қарап, көріп, тыңдап-қуану, сүйсіну, таңдану, табыну пайда болады.

Өмірге, еңбекке, адам өмірінің мәніне, адамгершілік насихаттарға, шығармашылыққа қажеттілерді өтеу үрдісіндегі қалыпты мәселелер бірінші құндылықтар десек, адамдық, ізгілікті оң қасиеттерді екінші құндылықтар деуге болады. Ана сүтімен, ана тілі арқылы адамгершіліктің ірге тасы қаланып, өз мәдениетін, өз тарихын, салт-дәстүрін әдет-ғұрыптарды естіп, көріп, оны түсініп игереді. Олар ізгілік, мейірімділік, әдеп, жанашылық, бағалау, құрметтеу, еңбек етуге жетілдіру, білім алу мен өсу болатындығын айқын түсініп өсер. Адамгершілік- тәрбие процесінде өмірдің көріп, білу, оқып, үлес қосу арқылы қарапайымдылық, тәуелсіздік, бостандық, шындық, әділдік, шығармашылық, т.б. құндылықтар өмірлік жетістіктер табыстарға жетелейді, маңыз-мән береді.

Құндылықтар сезімдерміз арқылы қабылданып,ақыл-ой, сана көмегімен игеріліп, жетіледі. Нәтижесі- түсіну, қабылдау, есте сақтау, толықтыру, құрметтеу, қошеметеу ұмтылыстарын білдіреді, ақыл-оймен ұштасу, дамыту жасайды, келесі кезек іс-әрекеттерге ұласады.

Игіліктердің түрлері туралы талдап, қорытындыланған ұғымдар, құндылық эквиваленттері арнайы үлгілер стандарттар деп құндылық саналарды әдебиеттерде айтады. Сонымен қатар әділіетілік, әсемділік, пайдалылық, құндылық санаға жатады және ақиқат өмірдің көрсеткіштік түсініктерінің бірі. Бұл бағалау ұғымдары, адамның өмірінде барлық жағдайларды салыстармалы мақсат-мүдделерді өтеудің қажеттіліктерін, маңыздылығын көрсетеді, оларды өз кезегінде мақсат, құндылық және әуестік деп бөледі.

Сананың көңіл-күйге, адамның мінез-құлқына әсер етіп, өзін-өзі тануға, өзіне баға беруіне, бағалай білуіне көмектесетін құндылықтар бар. Қоғамдағы, қоршаған әлеуметтік ортадығы негізгі құндылықтарды адам түсіну арқылы таниды, соның нәтижесінде дүниеге, қоғамға деген жеке қатынасын білдіреді.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

  • .Сүйіншәлиев Х. ХІХ ғасыр әдебиеті. -Алматы: Ана тілі, 1992.
  • .Әуезов М.О. Қазақ әдебиетінің тарихы. – А: Ғылым, 1961.
  • .Еңсегенұлы Т. Сыр бойы ақын-жыраулары. Әдеби зерттеу. -А., Атамұра, 2000.
  • .Бердібаев Р. Сыр бойының терме сазы. – Алматы: Ғылым, 1975.
  • .Искусство. Музыказнание, музыкальная психология и музыкальная педагогика. Хрестоматия (Сост. Э.Б.Абдуллин, Б.М.Цельковников), -Вып.: 1.я.2- М.: 1991.

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑