banner-top12

Ақпараттар ағымы IMG_5231

Қосқан уақыты Шілде 22, 2015 | 490 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

«Даму» қорының Алматыдағы КҚКО-да ХҚКО кеңесшілері қызмет көрсетеді

«Даму » Қорының Алматыдағы КҚКО-да ХҚКО кеңесшілерінің қызметтерін пайдалануға болады
Алматы қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында Халыққа қызмет көрсету орталығының кеңесшісі орналасқанын хабарлаймыз. Енді мұндағы – «Egov – электронды үкімет» порталын пайдаланып, қайтарымсыз негізде кеңестер алуға болады.
Бүгінде ЭСҚҚ (электронды-сандық қол қою) көмегімен кәсіпкерлер мен қала тұрғындары мемлекеттік органдардың виртуалды қабылдауларына үндеулер жіберіп, анықтамалар алады. Әртүрлі қызмет алуға өтініштер береді.
КҚКО-ғы ХҚКО кеңесшілерінің көрсететін қызмет тізімі:
1. мекен-жай туралы анықтама алу ;
2. зейнетақы аударымы жайлы анықтама алу ;
3. сотталмағаны жайлы анықтама алу ;
4. электронды сандық қол қоюды алуға өтінім қабылдау;
5. электронды сандық қол қоюды алуға кілтті активтеу ;
6. электронды сандық қол қоюды қолдануға кеңес алу;
7 . жылжымайтын мүліктің жоқтығы (бары) жайлы анықтама алу;
8. жылжымайтын мүліктің құқылы (ауыртпалықта) тіркелгені және техникалық сипаттамасы жайлы анықтама алу;
9. заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің тіркелгені жайлы анықтама алу;
10. Бірінші Несие Бюросынан (несие тарихы жайлы) анықтама және басқа да анықтама түрлерін алу

Мекен-жай: Алматы қ., Гоголь көшесі, 111, Наурызбай батыр көшесінің қиылысы

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑