banner-top12

Ақпараттар ағымы опр

Қосқан уақыты Мамыр 23, 2019 | 11 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Д.А.Қонаев атындағы заң колледжінің мәжіліс залында «Ұлы дала тарихы-ұрпаққа аманат» атты кездесу өтті

нгронглшнеееееееееенегккгғ,опкоооеноео

  Рухани жаңғыру бағдарламасын ілгерілету мақсатында Д.Қонаев атындағы заңколледжінде Рухани жаңғыру күні өтті. Қазақстан Республикасы Ақпарат жәнеқоғамдық даму министрлігі Азаматтықбастамаларды қолдау орталығының тапсырысы негізінде Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету жөніндегі ғылыми-ағартушылық жобаны әзірлеуге және іске асыруға ҮЕҰ, сараптамалық қауымдастықты тарту” тақырыбындағы жоба аясында Алматы қаласы, Д.А.Қонаев атындағы заң колледжінің  мәжіліс залында «Ұлы  дала тарихы-ұрпаққа аманат» атты кездесу өтті

Шара  қонақтары: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр актері, режиссер, педагог, Асқар Әбдіғалымұлы Наймантаев, журналист, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, «Алматы ақшамы» газетінің бөлім редакторы Нұржамал Тегінбайқызы Байсақал, этнограф, жазушы Байахмет Жұмабай, этнограф, жазушы, салт-дәстүр академиясының академигі Болат Бопай,  Халықаралық «Жанашыр» қорының президенті, Еларалық «Шалқар» газетінің бас редакторы Жаңыл Амантайқызы Әпетова, ақын, қоғам қайраткері Ләззат Игісінколледж директоры ,ең үздік білім маманы Бөлекбаева Раушан Чантықызы, сонымен қатар колледждің 100ге жуық студенттері, колледж ұстаздары қатысты. Қонақтарға сөз беріліп, студенттермен рухани жаңғыру тақырыбы аясында әңгіме өрбітті. Этнограф, жазушы Байахмет Жұмабай колледж жастарына деп, өзінің он шақты кітаптарын колледж директорына сыйлап табыстады. Кездесу соңында қонақтарға алғыс хаттар тапсырылды.

Шара мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі қағидаттарын, оның жаңа мазмұнын және Тұңғыш Президенттің бес әлеуметтік бастамаларын ілгерілету бойынша жүйелі ақпараттық-түсіндіру және ағарту жұмыстарын қалыптастыруды, қазақ халқының тарихы, дәстүрлері, мәдениеті, діні, рухани орталықтары, философиясы, әдебиеті, өнері, тұрмысы мен ой-санасы туралы неғұрлым толық білім алу жүйесін және бірыңғай ортақ құндылықтарды қалыптастыруды көздейді.

Гулдана Ермекқызы            




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑