banner-top12

Ақпараттар ағымы 20161221-051522

Қосқан уақыты Желтоқсан 21, 2016 | 705 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Денсаулығыңа бейжай қарама! Өз денсаулығыңды және жақындарыңды қорға!

 

 Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының тарапынан өткізілетін «Сапа айлығы» шарасының шегінде  жұқпалы респираторлық вирустық инфекцияның (ЖРВИ) алдын алу бойынша эпидемиялық мерзімнің алдында (қазан-қараша) басталған шара жалғасын табуда.

«Сапа айлығы» шарасын өткізу уақыты қаламыздағы тұрғындардың арасында ЖРВИ қарқынды өсу шағына сай келгенін айтқымыз келеді. Бұл мәселе медицина қызметкерлерін жоспарланған шараны екі есе күшпен және энергиямен жүргізуге міндеттейді.

Осы орайда «№24  қалалық емхананың Терапия бөлімінің меңгерушісі Әлия Разаққызы Тәжібаева біздің оқырмандарға ЖРВИ симптомдары мен олардың алдын-алу әдістері туралы айтып берді.

Тұмау және басқа да ЖРВИ (жіті респираторлық вирустық инфекция) несімен қауіпті? Тұмау және басқа да ЖРВИ жоғарғы тыныс жолдары, жүйке жүйесі, құлақ және жоғарғы тыныс органдарының зақымдануымен қауіпті.

Асқынулар 3 жасқа дейінгі балалар арасында көп кездеседі, себебі олардың иммунитеттері әлі де жетілмеген және де жүйке жүйесі толық қалыптаспаған.

Тұмау –  жоғарғы тыныс алу жолдарының зақымдану белгілерімен сипатталатын жұқпалы инфекциялық ауру. Науқас адамнан дені сау адамға жөтелген, түшкірген кезде ауа  арқылы беріледі.

Тұмаудың белгілері – тамақ ауруы, дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, сонымен қатар бұлшық еттің ауруы, осыдан барып адам еңбекке уақытша жарамсыз болып қалады. Тұмау вирустары А,В,С түрлеріне бөлінеді.  Тұмау ауруы 5-10 күнге дейін созылып, қайта өрбіп асқынып кетуі мүмкін. Асқынған ауру бактериалды инфекциялармен қозып (отит, гайморит) ауруларына айналады.

Тұмау және ЖРВИ алдын алу: баланы вирустан қалай сақтауға болады?

  • Вакцинация. Жылына бір рет, күз айларында, барлық жанұя мүшелерінің тұмауға қарсы вакцина алуларына кеңес беріледі. Жыл сайын Алматы қаласында ақысыз түрде тұрғындардың әлсіз топ өкілдері, балалар үйінің, сәбилер үйінің тәрбиеленушілері, мектеп интернат оқушылары, қарт үйлеріндегі адамдар және медицина қызметкерлеріне егу жүргізіледі.
  • Жоғарғы тыныс алу жолдарының кілегей қабаты және тері жамылғысының тазалығы (тамақты шаю, мұрын қуысын шаю, қолды жиі сабындап жуу және тұрақты шомылу шаралары). Үйдің тазалығын сақтау, көкөніс және жеміс-жидектен тұратын толыққанды байытылған тағам көздерін пайдалану, дене шынықтырумен, спортпен айналысу және организмді шынықтыру абзал.

Жіті респираторлық вирустық инфекция және басқа да вирусты инфекциялардың алдын алу шаралары:

  • Үйден шығарда мұрныңыздың ішіне оксалин жақпасын жағыңыз;
  • Адамдар көп жиналған жерден аулақ болыңыз;
  • Сұйықтықты көп ішіңіз, таза ауада көп жүріңіз;
  • Халық емін қолданыңыз (пияз, сарымсақ);
  • С дәрумені бар тағамдарды көбірек қолданыңыз.

Қорыта келе Әлия Разаққызы Тәжібаева, ЖРВИ бойынша мерзім алды тұрғындарға жасалған иммунизациялау шарасы нәтижесінде екпе жасалған жүкті әйелдер, балалар, қарттар арасындағы ЖРВИ  өсуіне жол бермегендігін айтты. Дәрігер тұрғындарға, әсіресе балаларға, алда келе жатқан мерекелік іс-шаралардың қарсаңында халық жаппай жиналатын орындарда бет перде киюге кеңес береді. Аурудың алғашқы белгілері байқалған кезде, үйден шықпастан медицина қызметкерлерін үйге шақырту қажет.

Қазіргі уақытта «№24 қалалық емхана»  күн сайын, сонымен қатар демалыс және мейрам күндері де жұмыс істейді.

 

 

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑