banner-top12

Керек кеңестер Емханаға қалай онлайн тіркелуге бо

Қосқан уақыты Тамыз 20, 2019 | 69 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Денсаулық паспорты

Достар, біршама уақыттан бері egov.kz порталының қолданушылары үшін «Денсаулық паспорты» бөлімі жұмыс істей бастады.

🏥 Бұл – сіздің денсаулығыңызға қатысты барлық мәліметтер жиналған база іспетті. Өзіңізге қатысты ақпаратты көру үшін порталдағы жеке кабинетіңізге кіріп, медициналық жазбалар бөліміне өтіңіз.

Денсаулық паспортында қандай мәліметтер көрінеді?
✅ Тіркелген емханаңыз;
✅Тегін алуға болатын қызметтер мен дәрілер тізімі;
✅ Учаскелік дәрігеріңіз туралы мәлімет;
✅ Сізге қойылған диагноздар мен еміңіз бойынша берілген нұсқаулықтар.

❗️Сіздің паспортыңыздағы мәліметтерді емхана,аурухана дәрігерлері мен жедел жәрдем мамандары көре алады. Олар электронды паспортыңыздан аллергияңыздың бар/жоғын, талдау нәтижелерін, дәрігер қабылдауына барғаныңызды, жазылып берілген дәрілер тізімін көріп біледі.

Денсаулық паспортындағы мәліметтерге сіз өзгерту енгізе алмайсыз.
Egov.kz порталын қолдану үшін электронды цифрлық қолтаңбаның болуы міндетті.
#oqytoqy




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑