banner-top12

Ақпараттар ағымы 6faf30b44078c94414d7c3c7829ebd3f

Қосқан уақыты Ақпан 17, 2015 | 739 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Депутат Алдан Смайыл осындай ұсыныс айтты

Шетелдегі этникалық қазақтар төтенше жағдайға тап болса, оларды Қазақстанға қабылдаудың тетігі заңда қамтылуы тиіс. Бұл туралы мәжілісте депутат Алдан Смайыл осындай ұсыныс айтты.
Еске сала кетсек, мәжілісте “Кейбір заңнамалық актілерге халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасының таныстырылымы өткен еді.
“Қазақтар тығыз орналасып, тұрып жатқан шет елдерде экономикалық дағдарыс болса, күнкөріс әбден төмендеп, қандастарымыздың тұрмыс-тіршілігіне қауіп төнсе немесе табиғи апаттар орын алса, этникааралық қақтығыстар орын алса қалай болады? Мұндай жағдайда этникалық қазақтар өздерінің тарихи отаны Қазақстанға ағылуы әбден мүмкін. Олардың барар басқа жері жоқ. “Жаман айтпай жақсы жоқ”, осындай жағдай туса біз этникалық қазақтарды қалай қабылдаймыз?”, – дейді депутат.
Сондай-ақ Смайыл осы мәселелердің барлығы заңда дұрыстап қарастырылу керек екенін атап өтті.
“Оларға” алдымен оралман мәртебесін алуың керек” деп кеудесінен кері итереміз бе? Жоқ әлде оларды тұтастай қабылдауға Қазақстанның тәртібі бола ма? Осыны заң жобасында қарастыруға тиіспіз”, – деді Алдан Смайыл.
Оның айтуынша, шетелде тұрып жатқан қазақтардың басына күн туса оларды Қазақстанда қабылдаудың жүйесі заң арқылы көрініс табуы шарт.
Өз кезегінде Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Дәулет Арғындықов заң жобасымен жұмыс барысында аталған мәселені қарастыруға болатынын атап өтті.
ҚазАқпарат




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑