banner-top12

Ізгілік no image

Қосқан уақыты Мамыр 14, 2014 | 862 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Дін – Мұсылман аманда, Береке қонбақ ғаламға

 

      1960  жылдардың  орта  тұсында  коммунизм  деген  бос  елесті  қяладаған , қызылтулы  құдайсыз  қоғамның  көсемдері  кремілде  отырып , тұтас  Түркістанға  қожаңдайтын  Кеңес  одағы өкіметі  азуын  айға  білеп, бүкіл  әлемге  сес  көрсетіп тұрған  заманның   өзінде; Өзбекстанда    тұтас  Орта  Азия  және  Қазақ  елі  мұсылмандарының діни назараты     (Мүфтилігі)   қат-қабат  қиыншылықтың қоршауында  тұрса да,  өзінің   халықаралық  баспасөзі – «Советлик  шарқый   мұсылмандары» («Кеңестік  шығыс  мұсылмандары») деген  атпен Ташкент  қаласынан   өзбек  тілінде    3  айда  бір рет шығатын, көркем  безендірілген  суретті  журнал  шығарып  тұрған. Біз  мұны  «Қазақ  мұсылман  кітәпханасы»  деген ғылми    жоба  аясындағы  жұмысымыз  барысында,  Қазақ  елінің  сирек  қолжазбалар  мен  кітәптар  қорынан  кездестірдік . 

        Аталған  журналдың  1970  жылғы  наурыз  айындағы  №1  санының  Құрбан айт   мерекесіне   арналған  бір  бетіне, Палестина  халқын  отаршылдықтан  азат  ету   жолындағы   күрескер  Араб  жауынгерлерінің  көсемі – Ясир  Арафат  өз  қолымен  Орта  Азия  және  Қазақ  елі  халықтарын  ежелгі  діні  бір  мұсылман  бауырластар  ретінде, Түркістан  халқын Палестиндік  отаншыл  азаткер  мұсылман  бауырларына  тілектес  болуын үндеген шағын пікір баянатын төмендегіше   жазып  қалтырған  екен:

    «Бір  Алланың  қалауымен  біз   Палестина  отаншылдарының  бірнеше  жігіт  қасиетті  құрбан айт  мерекесі  қарсаңында  осы  жерге  келдік .  Бұл  сапарымыз  діні  ортақ  бауырлас  халықтардың  ғасырлар  бойы  жалғасып  келе  жатқан  туысқандығын  әспеттейді.  Біздің  тағдырлас,  бауырлас  мұсылман   халықтар  екеніміз  Алланың  қалауымен  әлемге  аян  болған  тарихи  шындық.  Аллаһ қалаған  бұл  бауырластық  бізді  алда бұрынғысынан да жақындастырады деп сенемін. Біз  Палестиндік  отан  қорғаушылар   Орта  Азияның  басты  қаласы  Тәшентке  келіп,   Аллаһтың   қалауымен діни , мәдени ,   ғылым  нұрының  сабақтастығын   жалғастырып   отырған  сіздерді  бек  құрметтейміз.

 Бұл  күндері  Шам – шәріфті  жаулап  алған  сионист  басқыншылар  халхымыздың  тарихын  бұрмалап,  мәдениетімізді  түбегейлі  құртуға  жанталаса  ұрынып  отыр. Біз,  Палестин  халқы,  қасиетті  жеріміз бен  Исләми  хақ   дін  қалыптастырған  мұсылмандық  құқымызды   қорғау   үшін  басқыншылар  басып  алған  қасиетті  отанымызды   азат  етіп  қайтарып  алу  жолындағы   жауынгерлік   күресте,  бір  Алланың  жәрдемімен  жеңіске  жететін  боламыз. Сіздер  бізді  қолдап  дұғада  болады  деп  сенемін .      Сідерге  бауыр :    Ясыр    Арафат .»

      Бұл  өзі    осыдан  50  жыл  аламайында Таяу  шығысты   дүрілдеткен  тарихи уақиғалардың  алғашқы  адымы  еді. Сарғая  бастағн парақтар   легінде    Палестин халқы  бастан  кешірген  алашапқын  айғай – шу «басқа  мемлекеттің»  маңдайына  жазылған тағдыр-тауқымет  болса да , 21-ғасырда  өмір сүріп  жатқан мен  үшін қалың  елім  қазағымды  «Құдай  дұрыс  жолға  салған  бақытты  қауым  екен-ау!»  деген  тәуба  етерлік  әсерлі сезіммен; Субхан уә  Аллаһу  тағаланың Қазақ  еліне  әперген тәуелсіздігіне,  қуанғанымнан етегіме  сүрініп  жығылған  бақытты  сәттерімді  жасырып  қалғым  келмейді .

     Айтып-айтпай  не  керек!  Ресей  300  жыл  тізесін  батырған  Қазекемнің  көз  жасын  Аллаһ  тыйды .  Ал  Арабтардың  Жебрейлермен  тірескеніне де  10  неше  ғасырдан  асты-ау  деймін. «Отаршылдықтың  тепкісін  көрді» деген  мәселеде    аты  мен  заты  бір  болса да,   екі   елдің де  құдайдан  сұрағаны  бір  ғана   өз  туған  елінің  тәуелсіздігі  мен бейбіт  өмір  еді.  Ал  Араб  Ясыр Арафат  марқұм  ұлты  үшін  ерлерше  еңіреп жүріп,  азаттық  жолында  күрескен  көсемдік  қалпында, мына  жарық  дүниеден  көз  жұмды.  Мен  осы  жолдардың  авторы 1995 жылдары  ҚР ұлттық  кітәпханасының  сирек  қорындағы, Ясыр  Арафат  марқұмның  1960 жылдардың  соңында  Орта  Азиялық  «Мұсылман  бауырларының»  бата  – тілегін  ала  отырып,   Отанын  жебірейлдердің  жез  тырнағынан  құтқармақ  болған  ұлт  азаттық  күресін  бастамақ  болған  көсемдік  келбетінен  мағұлмат  беретін,     осы  жолдарға  қосып  жәриялап  отырған Ясыр Арафаттың  өз  қолымен  жазған  тарихи  жазбаны  көріп ,  бек  разы  болдым да,  Алматы  қаласындағы өте  жұпыны  ғана  5 – 6  бөлме  жер  үйде  тұратын  Палестина елшілігіне  барып, бас   елші  Мұхаммед  мырзаның қолына  Ясыр Арафаттың «Кеңестік шығыс мұсылмандары» журналына  басылған  қолтаңбасын,  қазақша  және  орысша  аудармаларын  қосып табыс  еттім.  Бас  елші  маған  шын  ықласты  алғысын  айта  отырып,  «Сіз  біздің  басшымыз  Ясыр Арафатты  сайлап  мұндай  бағалы  материал  әкелген  екенсіз . Сол  үшін  мына  сыйлықты  Ясыр Арафаттың  өз  қолынан  алдым  деп есептеңіз» – деп  сейфті  ашып, маған  жұпар  сүйегінен  жасаған  тәсбих  ұсынды. Айтып-айтпай  не  керек, мен  қажылық  сапармен  Араб  еліне  бара   алмасам да , Меке – Мединаға  жақын  жердегі  Палестинаның  көсемі,  Ясыр  Арафаттың  өзі  «Мені  іздеп  келген  мұсылман  бауырға  менің  атымнан  тапсырғын»  деген  қасиетті  тәсбихты  алған  Қазақ  екенімді    мақтанышпен  айта  отырып, «дін мұсылман аманда, береке қонбақ ғаламға»  демекпін!                                

Тілеухан әл–Мажени,

Халықаралық «Абай»  Қорының

 Шығыс  тілдер бөлімінің   жетекшісі,

Алматы  қаласы.

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑