banner-top12

Ақпараттар ағымы images

Қосқан уақыты Шілде 13, 2015 | 792 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Дөңгелек үстел өтеді

2015 жылғы 17 шілдеде «Халықты әлеуметтік қорғау бойынша мемлекеттік бағдарламалар: халықты әлеуметтік, экономикалық және құқықтық қамтамасыз ету шаралары туралы ақпараттандыру» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтеді.
Жиын мақсаты – халықты қазіргі қабылданып жатқан мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалармен таныстыру, халықты әлеуметтік, экономикалық және құқықтық қамтамасыз ету шаралары туралы толыққанды ақпараттар беру.
Жиынға Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, «Нұр Отан» партиясы, Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы, Алматы қаласы Халыққа қызмет көрсету орталығы, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері, т.б. органдар өкілдері қатысып, халықтың әлеуметтік мәселелерінің қазіргі жағдайы туралы баяндайтын болады.
Дөңгелек үстелге шетелдерден елге оралып жатқан қандастар қатыстырылады.
Өтетін орны: Қазақстан Жазушылары кітапханасы (Алтынсарин даңғылы, 37-үй, Жандосов көшесімен қиылысы.)
Өтетін уақыты: 2015 жылғы 17 шілде, сағат 15-00-ле.

Ұйымдастырушылар: Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры; Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы; Алматы қаласы Халыққа қызмет көрсету орталығы.

Хабарласу телефондары – 3036806, 8-7073240176




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑