banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 26 августа, 2014 | қосқан shalqar | 880 рет оқылды

0

Дөңгелек үстелге шақырамыз!

2014 жылғы 28 тамызда Конституция күніне орай оралмандар, Қазақстанға жаңадан келіп жатқан этникалық қазақтар және Қазақстан Республикасының азаматтарының қатысуымен «Өз мүмкіндігің мен құқыңды пайдалана біл!» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. Жиынға Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы, Алматы қаласы Әділет басқармасы, Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы, Алматы қаласы Халыққа қызмет көрсету орталығы өкілдері қатысып, азаматтарға өз құқықтары мен мүмкіндіктерін пайдалана білу, яғни жұмысқа орналасу, білімін жетілдіру, жұмыс барысында өз құқын қорғау, мемлекеттік қызметтер алу, кәсібін ашу, кәсіпкерлікпен айналысу және т.б. азаматтардың, шетелдерден елге оралып жатқан қандастардың күнделікті өміріне қажетті тақырыптарында баяндап, толғандырған сұрақтарына жауап беретін болады.

Өтетін орны: Қазақстан Жазушылары кітапханасы (Алтынсарин даңғылы, 37-үй, Жандосов көшесімен қиылысы.)

Өтетін уақыты: 2014 жылғы 28 тамыз, сағат 15-00-ле.

Ұйымдастырушылар: Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры; Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы; Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы, Алматы қаласы Халыққа қызмет көрсету орталығы, Қазақстан Жазушылары кітапханасы.

Байланыс телефондары: 87273-3309833; 3036806, 87783697779.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑