banner-top12

Поэзия full

Қосқан уақыты Мамыр 11, 2014 | 1  062 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Домбыра

Жасалмаған метал, күміс, алтыннан,

Кездей тақтай тек екі ішек тартылған.

Электрон дәуренінде домбырам,

Дянзычинмен үнің бірге шалқыған.

 

Сол замандар жазуы жоқ болса да,

Оймен жасап кеткен бабам мол мұра.

Бар нотасын шанағына сиғызып,

Алып қалған сол мұраны домбыра.

 

Қарт шежірем ғасырларды қыдырып,

Келдің жаттап, замандардан сыр ұғып.

Мезгілдердің рясыз шындығын,

Ұғынамыз күй тіліңнен құнығып.

 

Айғағы боп әлеуметтің өмірдің,

Шаттығы боп шарқ ұрдың, шат көңілдің.

Бұлбұл құстың үні болып тамылжып,

Салтанаттың шашуы боп төгілдің.

 

Безілдедің сұңқылы боп аққудың,

«Сардала» боп сапырылып гакку мұң.

Теңіздейін тебренттің көңілді,

Шомып кейде лазатына тәтті үннің.

Қыран боп құз-қядан самғадың,

Сыр ғып төктің ғашықтардың арманын.

Жетімдердің мұңы болып еңіреп,

Боз інген боп ботасына зарладың.

 

Өзендердің толқыны боп аунадың,

От арбаның моторы боп зауладың.

Туған жердің келбеті боп керіліп,

Батырлардың қайраты боп қауладың.

 

Тұяғы боп жел табанды жұйріктің,

Қанатындай қос ішектен құйғыттың.

Таңдайы боп кеңес құрып шешеннің,

Әділдігін күймен айттың биліктің.

 

Өзің кешкен дәурендердің шыны боп,

Өзің сенген бар болмыстың тілі боп.

Сен келесің ата мұра_ домбыра,

Қазағымның дәстүрі боп, үні боп.

 

Әліпби жоқ тіл мен сезім тарыққан,

Сонау заман, домбырада қалыпты ән.

Күңіренген күйлерінен Қорқыттың,

Бұл дәуірге жетті сырлар талыққан.

 

Кеудесінде жыры көшіп даланың,

Бебеулетіп домбыраның шанағын.

Құрманғазы тілдестірген әлемге,

«Сарарқаның» аңыраған самалын.

 

Жалпақ керей төрт биінің белдісі,

Күй перісі Бейсенбідей         ер кісі.

Билік айтқан домбыраның тілімен,

Артында өшпей қалған содан белгісі.

 

Күй жанары қараңғыны серпілтіп,

Күй самалы көңілдерді желпінтіп.

Ағыл-тегіл айтып өмір шындығын,

Тар заманда аңсадың сен еркіндік.

 

Ой боп шалқып, туа білген сезім боп,

Пернелердің ұшқындайды көзінде от.

Көкірегіме қанша ішек тақсамда,

Туғыза алман өмір күйін өзің боп.

Сауға

Көпір болып екі елдегі жанасым,

Тілдестірді тау-өзенін, даласын.

Армысыңдар ару қала, гүл қала,

Алматылық ағайын-жұрт алашым.

 

Туысқандық, достық айдын әлемнен,

Тумысымда қуат, шырын бар емген.

Қазақстан_тәуелсіз ел ордаңа,

Келдім іздеп бауырмалдық сәлеммен.

 

Қанша ұзақ тоғыса алмай кешті күн,

Туысқандар екі елде де қош бүгін.

Арта берсін ұзақтардан-ұзаққа,

Қазақ елі жуңхуаменен достығың.

 

Айтар кезде ақтарылмау  өзі-ақ мұң,

Орай келіп ордаңызда сөз аппын.

Бір қызы мен, алтын алқа алтайдың,

Асқарында туып өскен қазақпын.

 

Бұл даланың төсі кешкен тарихтың,

Елдігіне, ерлігіне қанықпын.

Әбунәсір Әл-Фараби әлемге,

Сыр бойының салтанатын танытты.

Көкше таудың мекен етіп бауырын,

Жатыр ұйықтап Абылай хан дәу ұлың.

Ойлап бәлкім өз ісінің жалғасы,

Қазағының егеменді дәуірін.

 

Ел мақтаны Абайдайын алпты,

Дана Мұхтар дүниеге тантты.

Сол дүние Абайменен ұғынды,

Қазақ дейтін қасиетті халықты.

 

Ақ табанда ел аруақ боп қалған жер,

Ер еңіреп «Елім-айға» салған жер.

Қызғыштайын тау-даласын қорыған,

Батырлардың қаны судай тамған жер.

 

Иесі боп игілігін көре алмай,

Ана жұрттың бауыры оттай жанған жер.

Ел есінде, жер төсінде айғыздап,

Отарлықтың ен-таңбасы қалған жер.

 

Алстағы арман алау жеткізбей,

Көз көгеріп, көңіл суып талған бел.

Соның бәрі бір күнгідей білінбей,

Аңсап келген жетті бүгін арманға ел.

 

Құрметіне ел таңбаның, туыңның,

Білдірейін жүрегімнен жуық үн.

Шын тілегім кең жайіліп керегең,

Шайқалмасын шаңырағың, уығың.

 

Қауашақты көктеміңді көрейін,

Болашақтық мектебіңді көрейін.

Озық ғылым сарайларын серуендеп,

Көкірегіме гүл ұрығын себейін.

 

Асқар асқақ ала тауды көрейін,

Ару қала алматыны көрейін.

Желпіндірген жер ұйығын еске алып,

Күндерімді сағынышқа бөлейін.

 

Кездесейін ұстаздармен өзімдей,

Алтынсарин, Ыбырайдың көзіндей.

Сөз тыңдайын Мұхтар шыққан мінбеден,

Абай ата ғақыля сөзіндей.

 

Тыңдайыншы ақындарды селдеген,

Ілиястай серпінді жыр сермеген.

Қасым менен Мұқағали жырндай,

Көзіңнен жас, көңілден мұң тербеген.

 

Екі елде де сағынсқан аз ба күн,

Енді тағдыр ондай күнді жазбағын.

Бәрін тыңдап, бәрін көргім келеді,

Сары арқаны, отырардың саздарын.

 

Елім жайлі айтсам тағы бір лебіз,

Татулықпен нық көмілген іргеміз.

Бағыбан деп халық берген атым бар,

Мені оқыту ошағынан іздеңіз.

 

Сол ошақта адамзаттық білімнен,

Сөйлеп келем қасиетті ана тілммен.

Ата заңым, салт-санамның қорғаны,

Ризамын терезем тең күніммен.

 

Тияншан, көкше таулардағы қос мықты,

Тік көтерген ғасырлардан достықты.

Сағынсқан көңілдерді шалқытып,

Толтырайық достық жырмен бостықты.

 

Сары күздің саздары       

Ошақ бөліп ұл-қызың кеткен күнде_

Зейнет ғұмыр

Болмайсың көппен бірге.

Ой кешесің оңаша үйде жалғыз_

Қялыңды қыдыртып өткен күнге.

 

Экранда шұбайды күн кешегі,

Ашты-тәтті үндер кеп тілдеседі.

Жаманыңмен жақсыңды елестетіп,

Бірде жасып көңілің бірде өседі.

 

Көзден өтіп тірліктің сан құрамы,

Сағынтады көктемнің ән бұлағы.

Өкінштер өртейді өзегіңді,

Сызаттары жаныңның жаңғырады.

Сары күздің саздары құлазытып,

Байыз таппай қялың қаңғырады.

 

Жыртығынан жылдардың алстағы,

Қол бұлғайды жақының, танстарың.

Сағыншты жаныңды сыздатады,

Ескі досың…жоғалтқан арстарың.

 

Жаз күндері жаялмай жапырағын,

Жанымызды қарытқан отына мың.

(логикаңа сяма оқырманым)

Сол күнді де сағынып отырамын.

 

Осылайша үздігіп көпке демің,

Бір ғұмырды қялдан өткеремін.

Таразылап жеңіліп-жеңгенімді,

Жеткенімен қолыңның жетпегенін.

 

Таң атарын тосамын, күн батарын,

Ойларыммен төсекте түн қатамын.

Еленбеген ешкімге көңіл дертін,

Өлең дейтін тәңірге тыңдатамын.

 

Тереземнен ай нұры төгіледі,

Көңіл бұлты төбеден сөгіледі.

Мөлдір шумақ шұбырып көз алдымда…

Табылады ақынға көңіл емі_

Нұрға айналып кетеді төңірегі.

Ақын аға

Біз боз жігіт күтіп жүрген зарыға,

Отау болып айналасың жарына.

Арқандалып аяқтайды қыз ғұмыр_

Жан ұяның жазылмаған заңына.

 

Ару мүсін арманы асқақ ақынды,

Тұрмыс солай басқа өмірге шақырды.

Жыр жібегін үлпілдеткен саусағы,

Кетті үйір боп тұтқасына бақырдың.

 

Міндетіңді әлеуметтік келелі,

Алда жүріп жалауы еткің келеді.

Бала бөлеп, тазалайтын үйің бар,

Үйдегіңнің түскі асын кім береді?

 

Өлең ойға оралады талай шын,

Үлгіре алмай ойларыңды қамайсың.

Мәжіліске асығасың_еріңнің,

Түсіп қалған түймесін тез қадайсың.

 

Күту керек отбасында кімді-кім?

Жауап іздеп жарыған жоқсын бүгін.

Жарың төрде отырады ас ішіп.

Сен тасисың темекісін, кұлдігін…

Қолға кітәп ала берсең шай тасып,

Кетеді ойдан ұиқастарың айқасып.

Тасыған шай құйлады қонаққа_

Дәптеріңді үлгірмейсің қайта ашып.

 

Тазалайсың ұл-қыздың шаш-тырнағын,

Дайын тағы қағып-сілкер сырмағың…

От сап жүріп ошағыңа ой кешіп,

Күбірлейсің көп өлеңнің ырғағын.

 

Көре-көре көмпістеніп гүл бойың,

Отбасыңа опа қылу күнде ойың.

Күндіз күйбің босатпаған жүйкеңді_

Ұйқтатпайды ұйқастар да түн бойы.

 

Қоңыр күйі отбасының жігерді,

Қажай-қажай көмпіс етіп жіберді.

Жыр кітәбін шығарғалы жүргенде_

Ұл-қызыңды оқытасың міне енді.

 

Ғұмыр солай білінбейді өткені,

Самайда ақ, маңдайда әжім жоқта еді…

Отбасының бақытымен базарсың_

Өлең саған болғанымен өкпелі.

 

Өмірдің де, өлеңнің де ғашығы_

Жұқарады ананың бар асылы.

Жан ұяның жазылмаған заңымен,

Құрбан беру,

Анаға тән төл қасиет әсілі.

Серік Нұрдыбай ұлы

 

Мұзтаудың ана қыраны

 

Тарих аунап құшқанда шуақ дала таң,

Мұз таудан ұшты-ай маңдайы аппақ балапан.

Көтерді оны мұз балақтардың тобына,

Замана атты заңғары биік алақан.

 

Анасы оның кәдімгі адал мұсылман,

Басынан- деген-бақастың құсын ұшырман.

Атасы ерте ардагерден өнеге ап,

Адамдық жолдың әліппесін ұсынған.

 

Сол жолды бойлап қанатын жазды тастұлек,

Шақырды алдан аяулы арман,жас тілек…

Өмірдің жолы ойншық емес, шырағым,

Бермейды жылу бір жұлдыз көзін ашты деп.

 

Шуақты күндер қалады сәтте тұнеріп,

Жататын дала мың тіріліп, мың өліп.

Үміттің оты үзілмей көздің ұшында,

Бастайды тең қанаты талмас тың ерік…

 

Өткеріп талай тар жолды,тасты,қяны,

Ұрпақ блып ұлылап айтар жыр-әні.

Ұлағатты ұстаз, азамат ойлы ақын боп,

Тұғырға қонды мұз таудың ана қыраны.

Абденбай Бажайев

 

Ең ардақты достардың біреуі боп…

1

Ойлы, зерек, жаз мінез құлықты да,

Әнші, әдепті, жайдарман қылықты да,

Көркемөнерге ынтызар мектептесім,

Етене өттік өзара сыр ұқтыра…

Алтай орта мектебінде емтиханда,

Шығушы едің кыл үздік «қырып»сірә.

Университетті де бітірдің биік самғап,

Топшыңды үртіс тұйғынша шынықтыра.

Бапкер ұстаз, педагог болдың егей,

Еппен сипап оңайтын «сынықты» да.

«Мәдениет зор төңкерсі»дейтін әлем ұқпас,

Еппен кешіп ең сойқан былықты да.

Оқыушыңды қорғадың сол апатта,

Қос қанатыңды үстіне түңлік қыла.

«Ана махаббатымен »ақын болдың,

Оқырманды ықыласың құнықтыра.

Көрікті әлем көрінер айдынынан,

Өлеңдерің мөп мөлдір тұнық тұма.

Бастық болдың білікті, қамқор, іскер,

Әр жүрекке діліңнен ніл жұқтыра.

Арындаған жігермен аттап өтіп,

Жирма бес, отыз бес, қырықты да,

«Мемлекеттік үздік» боп жарып шықтың,

Ағартуда елу жыл жүріп мына.

2

Қабілетің бе, бағаң ба, құрметің бе,

Ең ардақты достардың дүрмегінде,

Елу жылдай жүрдің сен жайраң қағып,

Әрқашанда ойымның күн бетінде.

Сен биікке көтерген нұрлы алауды,

Ескек жел боп мен дайын үрлеуге.

Сен лекся сөйлеген ғимараттың,

Тыңдап тұрғым келеді іргесінде.

Бара алмадым сырқат боп, күллі мят,

Ән-думанмен бас қосқан бір кешіңе,

Мадақ толы зор жиын, жыр кешіңе.

Ең ардақты достардың біреуі боп,

Мұнан соң да жүресің мұлде есімде.

Күлімсіреп әсерлі өлең оқып,

Талай рет түсіме кіргесің де…

Отбасыңа амандық, бақыт тілеймін,

Қаламыңа тағы мол жыр-несібе!

Естен шықпай жасайсың жадымда сен,

Кіргенімше бақидың түрмесіне!

Дутан Сәкей ұлы

 

Ақын, Ұстаз

Қос шіңгілдің суындай егіз үнді,

Егіз үн жаңғыртады лебізіңді.

Шындықтан көрдің бүгін шымырланған,

Қайыңның тошнындай негізіңді.

 

Кім санап таусар дейсің басқан ізді,

Естілер есте сақтар жаны ізгі.

Өркениет кепсірлеп арамызды,

Өнер ғылым айшықтап санамызды.

 

Алтын өлке алтайдың қасиеті,

Биіктерден көрсеткен қара қызды.

Әлі талай тұғырдан ұшырады,

Алтайым Қапипадай дана қызды.

 

Тебіреніп қанша қалам сел сезімге,

Арналды ақ тілек жыр бір өзіңе.

Бәріде сипатымен сиып тұрды,

Салмағы сап алтындай мінезіңе.

 

Тағылымшыл даралағың-даналығың,

Бір төбе өлеңдегі жаңалығың.

Қатардан қара үзіп жүлде алсаңда,

Желпінбей сабырлы саналы ұғым.

 

Жазымышың үліңгірдей жайсаңдығың,

Мұз тауға тартып туған қайсарлығың

Дәл сендей ұстаздықтың ұлылығын,

Поэзия тілімен айтады кім.

Тұрсын Жолымбет қызы

 

                         Күз айының дәніндей дәмі кірген

 

Досына күн болатын, жауына түн,

Ауырсада жүректен ауыратын.

Сезіміне ақылын серік еткен,

Құтты болсын!Жыр-тойың ару ақын.

 

Мыңғырады қой емес, өрсіңде ой,

Өрістегі ой, бақтағы жемісің ғой.

Әр қырынан өнердің көрінетін,

Көкірегің парасат кенішіндей.

 

Арнағансың жаныңды еліңе шын,

Тілге тиек етерім мол үлесің.

Өзен боп, тау боп, көл боп та,

Байтақ дала төсінен көрінесің.

 

Бұл өмірдің егесі бітпек емес,

Көк езуден деуші едің-кұтпе кеңес.

Елің барда еңбегің жана бермек,

Қыли көздің көрмеуі түкте емес.

 

Күз айының дәміндей дәмі кірген,

Адамдықты аңғарттың әр үніңнен.

Алпыс жаста таңғалтып,тайбурылдай,

Талмай шауып келесің арыныңмен.

 

Аққу көлден табылған, ара балдан,

Шолпан туса сөгіліп таң ағарған.

Сенде аққу, ақшолпан, баларадай,

Істеліңді көрсеттің дараланған.

 

Текті ата-ана өсірді, текті далаң,

Жетелі боп ержетті жеті балаң.

Сүлкініңді түсірмей сүркей жылда,

Сұржыланға шақтырмай жеттің аман.

 

Жүрегіңнен ай туып, күн өрлеген,

Батырдайсың намысын жібермеген.

Шөліркеген даланың бағы жанып,

Аспаныңнан ақ жауын сіберлеген.

 

Үлкен тыныс байқатып қыз демыңнен,

Ғұмыр кештің елу жыл ізденумен.

Бой көтерді емендей ізгіліктер,

Аттап басқан әр қадам, іздеріңнен.

 

Жүгіргенде берейін балаға деп,

Еміреніп жол берді жалама бет.

Сен өмірге бетпе-бет жауап бердің,

Ақын да боп, ұстаз боп, данада боп.

 

Ана ақын, дана ақын, асыл ақын,

Ашынсада жұртым деп ашынатын.

Тамшы жастың астында бурқанған,

Көк теңізін көңілдің жасыратын.

 

Өткізбедің жалаң күн, жадағай жыл,

Жүрмедің әр неге қарадай құр.

Көк жартастың көкірегіне тамыр тартқан,

Сенің жырың қайың жыр, қарағай жыр.

 

Өз жолың бар, жетсе егер бағаңа тіл,

Ойларыңда кең байтақ дала жатыр.

Сенің жырың жап-жасыл жер шарындай,

Күнді айналып зымырап бара жатыр.

 

Күлейін бе? Өткенге жылайын ба-ай?

Кейбіреулер әлі де жүр айрмай.

Мектебінде шіңгілдің көрінгеміз,

Әдебиет, есептің құдайындай.

 

Абденбай, Ахат, Рапиқ, Зағпер, Сәлім,

Беталды шаппағамыз құрарындай.

Кейінде берекеміз берік болды,

Бөкен мүйіз, алтын сап бір айрдай.

 

Жемісті ағаш өсеме, мәуе созып,

Топырағыңда болмаса құнарың бай.

Өріс беріп өргіздің құландарды,

Жатқандада сарғайып құла құмдай.

 

Бір арнаға қосылдық жамырасып,

Екі таудың болсақта бұлағындай.

Жауап беріп келеміз өмір саған,

Сұралмаған қалды енді сұрағың қай?

 

Озу деген түкте емес, о, адамдар,

Болса шыңға шығасың шыдамың бай.

Осылай кешкен күндер тағдырынан,

Саған бүгін тұрсын ба? Жыр ағылмай.

 

Дидарыңнан демеймін сөнді нұрың,

Өтіп кетті дей көрме селді жылым.

«жүздің сыры» деген бір тақырыппен,

Құрдас болсын ғасырмен соңғы жырың.

Қыдырқан Мұқатаев

 

Ұрпақтармен жасай бер мәңгі бірге

Шабытыңның өшірмей отын үрлеп,

Арқалап ең алқынбай екі міндет.

Ізгіліктен үлгі алмай жетілу жоқ,

Отырғаны-ай өзіңнен оқығым кеп.

 

Бұратылған бойжеткен жасыңдағы,

Бұла жырдың жалыны басылмады.

Ақ мерует талшықтар шашыңдағы,

Ұлағатын тұрма екен асырғалы.

 

Біз жасаған дәуірдің тік бетіне,

Жырмен сызған сүйінем суретіңе.

Ұстаздарды үндеймін үлгі етуге,

Мұғжизаны болмайды кірлетуге.

 

Жақсылыққа жаралған жаның жуық,

Ардақтаймын адамдық арыңды ұғып.

Тал бойыңа тағыда табындырып,

Тәтті жырмен жүрсеңші сағындырып.

 

Сайгүліктей сыналған сан дүбірде,

Әнмен атыр арайлы таңды күнде.

Асыл арман ұлассын алғы күнге,

Ұрпақтармен жасай бер мәңгі бірге

Құрманбек Зейтінғазы ұлы

 

 

 

 

Арнау

Қапипа қыз тауда жүреді кекілді

Адал жарсың айнасысың антыңның,

Аяулы ана, ақын болып алқындың.

Ұстаздықтың ауыр жүгін арқалап,

Құштарлықтың құзарына талпындың.

 

Беу күндердің безбенінде бейнетпен,

Өмір кештің, күңіренді кей көктем.

Елдесуге бару қыйын желекпен,

Белдесуге түсіу қиын көйлекпен.

 

Самал тұрса қосылады бұлтқа бұлт,

Мәуедегі тәтті жеміс құсқа азық.

Құстай ұшып құс ұйқы боп жүрсең де,

Күрсіндің-ау күрмеу бермей қысқа жіп.

 

Білем-білем ақын қыздың бейнесін,

Кердеңдейді кезең біткен кейде тым.

Кеудеңдегі кербез сұлу арманың,

Көзіңізден көріп қалам бейнесін.

 

Сосын сіз боп толғанамын көптен-көп,

Таңдайыма мұң келеді кеп-кермек.

Қалың-қалың жинақтарды қанат қып,

Сағынғаным елестейді кептер боп.

 

Ақын жаны кейде көктем секіліді,

Кереметке кенелді не түрлі.

Адалдықтың ала жібін аттамай,

Қапипа қыз тауда жүред кекілді.

 

Қапипа ұстаз тауда, әм қалада,

Бағаласаң ақыныңды ел бағала.

Апайымның айтылмаған сырлары,

Жылап тұрып жыр арнасам ағаға.

 

Самайын ақ, шалса да әжім ақ жүзін,

Арына ақау түсірмеген нар қызын.

Елі бүгін әспеттеді той жасап,

Ана құсап аялаған жалғызын.

Азия Мағыпер

Тэгтер:




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑