banner-top12

Ақпараттар ағымы 52516568_599335560538270_7636438649558532096_o

Қосқан уақыты Ақпан 28, 2019 | 147 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҮЕҰ КҮНІНЕ ОРАЙ ӨТКЕН САЛТАНАТТЫ ШАРА

photo_2019-02-26_10-13-48 photo_2019-02-26_10-12-58 53348933_599335847204908_3360332831287934976_o 52993908_2137395966351437_6984955577487065088_n 52823481_599335760538250_4219339299943874560_o 52797061_599335747204918_7124196304099475456_o 52609071_599335823871577_6366300546776694784_o 52608712_599335900538236_2550594611089244160_o

Биылғы жылы Дүниежүзілік ҮЕҰ күні қарсаңында азаматтық қоғамды дамыту үшін ҮЕҰ арналған мастер-кластар өткізіп, олардың біліктілігін арттыру мақсатында Гранттық оператор және 5 үкіметтік емес ұйым бірікті. Және іс-шара барысында «АБҚО» КЕАҚ үкіметтік емес ұйымдардың 150 өкілдеріне арнап тегін шеберлік сыныптарын өткізіп, үздіксіз жұмыс істеп келе жатқандарын марапаттап алғыс білдірді.

Бұл туралы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның Басқарма төрағасы Батима Мукина:

«Осы жылы ҮЕҰ үшін 3 миллиардттан астам теңге бөлінді, оның ішінде 2 миллиард теңгесі Жастар жылына орай жастарға арналған жобаларға бөлінді және биыл 100 әлеуметтік жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі шарада Алматы, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау облыстарынан Елордаға жиналған 150-ге жуық ҮЕҰ өкілдері мемлекеттік гранттарға өтініш беруден бастап барлық қажетті деректерді қамтыған тегін шеберлік сыныптарынан өтуде. Іс-шара аясында мемлекет бөлген гранттан бөлек, өздерінің де бастамасымен үздіксіз жұмыс істеп келе жатқан қоғамдық ұйымдар марапатталады.Мұндай іс-шаралар үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттырып, жалпы алғанда Қазақстанда азаматтық қоғамды дамытатынына сенімдіміз.», – депөз сөзінде айтып өтті.

Ұйымдастырушылардың қатарында Қазақстанның Азаматтық Альянсы, «АРГО» азаматтық қоғам қауымдастығы, Қазақстан жастарының конгресі, Ұлттық волонтерлік желі және «Болашақ» қауымдастығы мен трансұлттық корпорациялардың, шетелдік қорлардың өкілдері қатысты.

Салтанатты шара жайында қорытынды ойларын білдіргендер болды, солардың бірі  Қазақстанның Азаматтық Альянсының директоры Лима Дияс:  « Бұл жиын донорлар мен еліміздегі ҮЕҰ-ды байланыстырудың бірден-бір жол  деп – оң пікірін білдірді.

Ұлттық волонтерлік желі директоры Татьяна Миронюктің айтуы бойынша бұл кездесу ҮЕҰ әлеуетін арттырудың бірегей тәсілі болып табылады: «Біз ҮЕҰ сапалы білім беруді жоспарлап отырмыз және осы шара аясында алынған білім ұйымдардың ксәбиленуіне ықпалын тигізеді деп сенеміз».

Іс-шара соңында 2016-2017 жылдардағы өз мүмкіндіктері негізінде жобаларын жалғастырып, ол жобалардың тұрақтылығын қамтамасыз етіп келген ҮЕҰ-дар марапатталды.

 

Гүлмарал Ерсұлтанқызы




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑