banner-top12

Ақпараттар ағымы 30.012017_Награждение_МедалПлаза_IMG_3740

Қосқан уақыты Қаңтар 30, 2017 | 332 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Дүйсенбі күні Алматыдағы универсиадада алғашқы сегіз жүлде ойналды

«Алатау» кешеніндегі классикалық мәнердегі жекелеген екі жарыс болып өтіп, әйелдер жағы бес шақырымды, ерлер жағы он шақырымды бағындырды. Қыздар арасындағы бәсекеде ресейлік шаңғышылар үздік болып шығып,  Лилия Васильева «алтын» алса, отандасынан 13.3 секундқа артта қалып қойған Анна Нечаевская «күмісті» олжалады.  Қазақ спортшысы  Анна Шевченко мәре сызығын үшінші (+15.2 сек.) болып кесті. Ерлер арасында алғашқы екі орын да ресейліктерге (Валерий Гонтарь  мен Дмитрий Ростовцевқа (+8,9 сек.) бұйырды. Қола жүлдені француз Александр Пуй (+21.8) жеңіп алды. «Шымбұлақта» осы кезде таушаңғышылары супергиганттың жүлдесін сарапқа салды. Қыздар арасында финляндиялық Неа Лууконы басып озған ресейлік Елена Яковишина көзге түссе, ерлер жағында италиялық  Микеланджело Тентори өзгелерінен жолды ертерек еңсеріп, ресейліктер Евгений Плясик пен Симон Ефимов оған ілесе келді.

Түскі астан кейін сол «Шымбұлақта» сноубордшылар арасында параллелді алып слаломнан үздіктер анықталды. Қыздардан польшалық  Александра Крол («алтын»), украиналық Аннамария Данча («күміс») мен тағы бір польшалық   Каролина Штокфиц («қола») үздік шықты. Ерлерден Богдан Богданов алда келді. Одан кейінгі орынды жерлесі Владислав Шкурихин мен украиналық Александр Белинский өзара бөлісті.

«Табағанда» фристайлдың ең бір көрнекті түрі акробатикадан жарыс өтіп, қытайлықтар үздік атанды.  Қыздар жағында  Жибек Арапбаева мен  Жанбота Алдабергеновты басып озған  Чжу Ин Ин жеңіс тұғырына көтерілді. Ал жігіттердің арасында белорус спортшысы Артем Башлаков пен жерлесі Го Цзыминді артта қалдырған Ли Чжунлинь жеңімпаз атанды.

Ресейдің спортшылар осы жарыста төрт алтын, төрт күміс пен бір қоланы жеңіп алып, көш бастап келеді. Одан кейінгі кезекке екі алтын мен бір қола алған қытайлықтар ілесті. Польша мен Италия командалары бір-бір жүлдеден алды.

«Medal Plaza» марапат сахнасында 28-ші Бүкіләлемдік қысқы универсиаданың жеңімпаздары марапатталды.30 қаңтарда  таушаңғысы,шаңғымен жүгіру,сноуборд пен фристайлда медальдардың 8 комплектісі сарапқа салынды.

Естеріңізге сала кетсек сноубордистер паралельді слалом гигантта Богдан Богданов пен Владислав Шкурихин «алтын » мен «күмісті» ұтып алды.Үшінші орын украйналық Александр Белинскиге бұйырды..

Әйелдер арасындағы жарыста Польшалық Александра Кроль, оның отандасы Каролина Штокфиц үшінші орын, ал екінші орын  украйналық Аннамария Данчаның еншісінде.

Інжу Сағидолла




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑