banner-top12

Ақпараттар ағымы photo_2018-03-12_14-57-56

Қосқан уақыты Қазан 12, 2018 | 95 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

EGov.kz-тан басқа адамға анықтаманы қалай алуға болады

 

Бұл процесс қалай өтеді?
Мүдделі тұлға порталға кіріп, «Үшінші тұлғамен анықтама алу сервисі» бөлімін таңдап, анықтамасы қажет болатын адамның ЖСН-ын енгізеді. Егер сол азамат азаматтардың мобильдік деректер қорында тіркелген болса, мүдделі тұлға анықтаманың қажетті түрін таңдап, сұрау салуды бір реттік SMS пароль арқылы растайды. Бұдан кейін азаматқа порталдың Жеке кабинеті мен SMS хабарлама арқылы 2 сағат ішінде анықтаманы алуға рұқсат беру немесе бермеу жөнінде хабарлама жіберіледі. Ол рұқсат берген жағдайда мүдделі тұлғаның Жеке кабинетіне осы анықтама түседі.

Ескерту: егер азаматтың атына анықтаманы алуға заңды тұлға немесе мемлекеттік орган сұраныс жасаса, олар оны өзінің ЭЦҚ-сымен растауы қажет екенін атап өтеміз.

Үшінші тұлғалар сіздің атыңызға eGov порталы арқылы қай анықтамаларды алуға сұраныс жасай алады?
Сотталғандықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама.
Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтама;
Жылжымайтын мүліктің болуы немесе болмауы туралы анықтама;
Мекенжай анықтамасы;

Осы қызметті пайдалану үшін Азаматтардың мобильдік деректер қорында тіркелу қажет. Ол үшін пайдаланушы электрондық үкімет порталының «жеке кабинетіндегі», «телефон» сызық жолына телефон нөмірін енгізіп, осылайша өзін eGov.kz порталындағы mGov мобильдік қорында тіркеу немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт-офистарына (ХҚКО/арнайы ҚКО) жүгініп, телефон нөмірін ЖСН-ге бекітуі керек екенін естеріңізге саламыз.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑