banner-top12

Құрылтай no image

Қосқан уақыты Қараша 20, 2012 | 685 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

ЕЛБАСЫНЫҢ ОРАЛМАНДАР САЯСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢҚОМАҚТЫ НӘТИЖЕСІ

Нәбижан Мұқаметханұлы, тарих ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақұлттық университеті халықаралыққатынастар факультетінің профессоры, Қазіргі заманғы Қытайды зерттеу орталығының директоры.

«Оралман» ұғымы мен қоғамдық феномені елімізде Қазақстанның тәуелсіздігімен бірге пайда болған заңды құбылыс. Өйткені қазақ халқыныңқұрамдас бөліктерінің көршілес ұлы елдердің территорияларында бөлініп қалуы және әлемнің көптеген елдеріне тарыдай шашырап кетуі, кезіндегі тарихи саяси және әлеуметтік себептердің салдары еді. Сондықтан олардыңҚазақстан тәуелсіздігін алған кезде тарихи отанына қайта оралуы және орала беруі заңдылық. Алайда, белгілі бір заңдылықты саналы түрде қабылдау кез-келген саясаткердіңқолынан келе бермейді. Міне, осы тұрғыдан алып қарайтын болсақ, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ел тәуелсіздігінің алғашқы жылынан бастап қолданған оралмандарды қабылдау саясатының көрегендікпен жасалған, стратегиялық маңызы зор керемет саясат екендігін оның бүгінгі таңдағы қомақты нәтижесінен көруге болады. Елбасының бұл саясатын өз халқының тарихы мен болашақ тағдырына зор жауапкершілікпен қарауының іс жүзіндік көрінісі деп санаймын.

Елімізде тәуелсіздіктің алғашқы жылынан бастап, Елбасыныңоралман саясатын жүзеге асыратын әр дәрежелі атқараушы мекемелер құрылып, көптеген үкімет қаулылары, заң-ережелер және жоспарлар қабылданып жүзеге асырылды. Соның нәтижесінде 2010 жылға дейін төрткіл дүниеден 1 миллионға жуық этникалыққазақтар Отанға оралды.

Қазақстандағы көші-қонның жиырма жылдық тәжірибесі мен қазіргі  сұранысына орай жасалған «Халықтың Көші-қоны туралы Заңы» Елбасыныңқол қоюымен 2011 жылы 22 шілде күні жарияланды.

Осы заңның 1-тарауының 1-бабында оралмандарға анықтама берілген. Онда: «Оралман – тарихи Отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген және осы заңда белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған, Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде одан тыс жерде тұрақты тұрған этникалыққазақ және оныңҚазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін одан тыс жерде туған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балалары» – деп анықтаған. Сондай-ақ, бұл заңда оралмандарға берілетін мәртебе, көрсетілетін көмектер және олардың отан алдындағы борыштары да анық белгіленген. Демек, оралмандардыңҚазақстан қоғамындағы белгілі бір әлеуметтік жік – сословия ретінде қалыптасқандығын осыдан көруге болады. Бұныңөзі де Елбасыныңәу бастан қолданған салиқалы саясатының заңдық нәтижесі болып табылады.

Соңғы кезде оралмандар жөнінде негізсіз айыптаулар айтылып, Елбасының осынау салиқалы саясатын атқаруды азайтып бара жатқан тенденция байқалады. Бұны мен Елбасының ең керемет саясатының маңыздылығы мен жиырма жылдан бергі қомақты нәтижесін дұрыс түсінбеу немесе оны әтиейі мансұқтау деп есептеймін.

Бұл арада оралмандар Отанға не әкелді деген сауалды Елбасының оралман саясатының нәтижесі қандай болды деген сұрақпен байланыстырып қараған дұрыс сияқты. Өйткені, тәуелсіздіктен бергі барлық жетістіктерімізді тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатынан бөле қарауға болмайды. Әсіресе, оралман саясаты ол кісінің керемет идеясы ретінде әлем қазақтары қабылдаған және бүкіл үмітін үкілегені де Елбасы және оның оралмандар саясаты.

Олай болса, Елбасының оралман саясатыныңқандай қомақты нәтижелер бергендігін қортындылап көрейік:

Егемендіктің, елдіктің басты көрінісі – отарлық заманда «отырған жерімен бірге» өзге елге бодан болған немесе отбасы ойрандалып жат елге жан сауғалап кеткен халықтың басын қосып, ұлтты қайта біртұтастандыру десек, бұл процесс Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы жылдан басталды, қазір де баяу болса да елімізде ұлттық біртұтастану процесі жүріп жатқаны ақиқат. Бұл ұлтымызды бірегейлендіретін тамаша даму бағыты болып табылады.

Халқымыз «елге ел қосылса құт» деп санайды, Конституциямызда да еліміздің «еңқымбат қазынасы – адам және адамныңөмірі» екендігі анық жазылған. Ендеше, тәуелсіздіктің арқасында Елбасының оралман саясатының нәтижесінде елге миллиондай қандастарымыздың келіп қосылуы баға жетпес байлық емес пе?! Бұл Отанға қосылған адам ресурстары ғана емес, сонымен қатар елімізге құйылып жатқан мәдени, рухани, ғылыми-техникалық және экономикалық байлық бұлақтары болып табылады. Өйткені, оралмандар Отанға шеттегі қазақтың ақыл-парасатын, білім-біліктілігін және күш-қуат ресурстарымен қоса, өздері өмір сүрген елдердің кейбір озық мәдениеті мен жаңа технологиясын да ала келді.

Осындай қазына бұлақтарының елге келіп құйылуы, отандықұлы мәдени айдын көлді толықтырып, толқындатып, деңгейін көтере түсті. Олай дейтініміз, қазақтың  қаймағы бұзылмаған шұрайлы тілі мен бағалы әдеби шығармалары; дәстүрлі тұрмыс салт-санасы, ұлттық рухы мен ділі (менталитеті); ұлттыққолөнердіңәр түрлі үлгілері мен  халқымыздыңұмыт болып бара жатқан  ән мен билерлері отандық мәдениетімізге қосылып, ұлттық рухани байлығымызды молайтып, деңгейін биіктете түсті.

Қазақ мәдениеті қайда жаратылсын, қайда сақталсын, бәрібір ұлттық мәдениетіміздіңқұрамдас бөлігі болып табылады. Сондықтан әлемдегі қазақ мәдениетініңұлы Отанда тоғысуы тек қана жалпы ұлттық мәдениетімізді толықтырып, дамыта түсу заңдылық. Керісінше, жат елдің тозық мәдениеттерінің елімізге сіңіп кіруі ұлттық мәдениетімізді әлсіретеді, халқымыздың берекесін кетіреді, оның көріністері қазір айқын байқала бастады. Сондықтан, шет ел мәдениетін қабылдауда аса үлкен талғампаздыққажет бізге.

Ал, оралмандармен отандықүлкен мәдениетке қосылып жатқан бұлақтардың жалпы ұлтық мәдениетіміздің дамытуына қандай әсері болды? – деген сұраққа да тұшымды жауап беруге негізіміз бар. «Мәдениетті аз адамдар жаратады, көп адамдар оған еліктейді» деген екен бір ғұлама. Оралмандар арасынан шыққан жеке мәдени, ғылыми тұлғалар арқылы отандық мәдениетіміздің мазмұны байып, деңгейі өсе түсуде.

Енді сөзімізге мысалдар келтірейік. Әдебиет арнасын айтар болсақ, соңғы жылдары шет елдердегі қандас қаламгерлердің түрлі көркем шығармалары отандық басылымдардан көптеп жарық көруде. Солардың ішінде ұлы ақын Таңжарық Жолдыұлының екі томдық «Шағармалары» мен қайсар жазушы Қажықұмар Шабданұлының алты томдық «Қылмыс» романының елде жарық көруімен отандық көркем әдебиетке «түрме әдебиеті» деген ұғым мен мазмұндар қосылды.

Ал ән мен би өнері саласына, Майра Мұхамедқызы мен Шұғыла Сапарғалиқызы және басқа да өнерпаздардың келіп қосылуымен ұлтымыздың заманауи ән-би деңгейі жаңа бір белеске көтерілді. Сондай-ақ,  ұлттық дәстүрлі би өнерінің жауһары болып саналатын «Қара жорға» биі де елімізде тез жалпыласты. Өйткені, «Қара жорғадан» төгілген ұлттық рух пен әсем гимнастикалық ырғақүлкен-кішіге бірдей ұнады.

Спорт өнері бойынша айтар болсақ, Мұстафа Өзтүріктің Отанға оралуымен елімізде басталған шығыстың таэквандо спорт өнері қазір  ресми түрде бір мектеп болып қалыптасты; Жәмали Диханұлы шығыстың гунфу өнерін елімізде жалпыластыруда. Ал Бақыт Сәрсекбаев пен Қанат Исламұлы және басқа да азаматтар отандық бокс спортының деңгейін биіктен көрсетіп келеді.

Білім және ғылым саласына қосылған жоғары білікті педагог ғалымдардыңөзі бір төбе. Гуманитарлық білім, ғылым саласындағыларды айтар болсақ, кәсіпкер-ғалым Талғат Мамырұлы қоғамдық сұранысқа орай, 2007 жылы өз қаражатымен  «Халықаралыққазақ-қытай тіл академиясы» колледжін ашып, «Аударма ісі», «Туризм», «Тігін өндірісі және киімді модельдеу», «Екі шет тілі»(қытай және ағылшын), «Іс қағаздарды жүргізу және мұрағаттану», «Киім дизайны» сияқты мамандықтар бойынша  кәсіби техникалық мамандарды дайындап келеді. Бұл гуманитарлық білім беру мен кәсіптік-техникалық білім беруді ұштастырған алғашқы оқу орны болып табылады.

Отандық тарих ғылымына сирек мамандар саналатын ғалымдар шоғыры келді. Олар Шығыстың ескі қолжазбаларын түпнұсқадан тікелей оқып пайдалана алатын тарихшы-лингвист мамандар ретінде, ғылым мен білім саласында күрделі ғылыми тақырыптарды зерттеумен шұғылданып келеді. Бұл арада атап айтуға тұратын бір жайт – осы ғалымдардың Отанға оралуымен басқа ұлт өкілдерініңҚазақстанда шығыстың ескі жазбаларын оқу мен зерттеуді монополиялауы біржолата аяқтады. Сонымен қатар осы ғалымдардың белсенді қатысуымен Елбасының тікелей бастамасымен жасалған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында, шығыстың ескі тіл жазбаларындағы қазақ және Қазақстан тарихына қатысты құнды деректер қазақ тілінде сөйлеп, ғылыми айналымға қосылды. Сондай-ақ, олар қазақ тарихының көптеген ақтаңдақтарын толықтыратын сүбелі ғылыми еңбектер ұсынып, тәуелсіз елімізде жаңа тарихи көзқарастыңқалыптасуына үлкен үлес қосып келеді.

Жаратылыстану ғылымы саласына да, жоғары деңгейдегі техника және биология ғалымдарының докторлары келіп қосылды. Мысалы, Шейх-Әли Дәулет Мұхаметжанұлы (Тынышбаев) Мағаш Аятханұлы, Болатхан Зияданұлы, физиктер Бақыт Дуамбек, Оқас Құрманұлы сияқты ғалымдардың келуімен де отандық жаратылыстану ғылымдары саласында ұлттық мамандардыңғылыми зерттеу әлеуеті арта түсті.

Медициналық емдеу саласында, бірнеше жүздеген білікті дәрігер мамандар Отанға оралды. Олардыңқатарында медицина ғылымдарының докторы, профессор Сағындық Игісінов қатарлы белгілі мамандар бар. Олар өз қаражаттарымен емдеу орталықтарын ашып, шығыстық иглотерафия және батыстық жаңа технологияны қолдану арқылы халыққа қалтықсыз қызмет көрсетіп, жұрттың алғысына бөленіп отырғаны айтылып та жазылып та жүргенін білеміз.

Отандықөндіріс саласы да оралмандардың ашқан кәсіпорындарымен көбейіп, дамып келеді. Қазіргі таңда  шағын және орта бизнес саласында бірнеше жүздеген оралмандар ашқан жеке кәсіпорындар табысты жұмыс жасауда. Олардың кәсіпорындарында оннан жоғары екі жүзден аса адам жұмыс істеуде. Демек, қазіргі таңда оралман кәсіпкерлерден мемлекет қазынасына тұрақты түрде салық тапсырушылар шоғыры қалыптасты. Солардың ішінен мына кәсіпкерлер атап айтуға тұрады: Қайрат Бодауханұлы («Асар» ЖШС директоры), Шағанбек Қанжарбайұлы («Шымкент-КАШМИР» ЖШС директоры), Фарида Мерхамитқызы («Ерке-Нұр»ЖШС директоры), Төлеубай Нығарбайұлы («НАХ» ЖШС директоры), Асқар Жакулин («Асай» ЖШС директоры), Сабыржан Мұқаметханұлы («Алатау-Автоспец-техника» ЖШС директоры), Қамбар Әжіқадырұлы («Өз-Жер» ЖШС директоры), Рақаш Аманжолов («RBC GROUP BUILDING» ЖШС директоры), Баһаргүл Төлегенқызы («Әдем-ай PLUS» директоры), Думан Халмет («Марқатай» ЖШС директоры), Азат Кәрімұлы («KАHAN» ЖШС директоры).

Міне, бұл фактілерден Елбасының тәуелсіздіктің алғашқы жылынан бастап көрегендікпен қолданған оралман саясатының дұрыстығын және оныңөте нәтижелі болғандығын көреміз.  Сондай-ақ, Отанға оралған қандастарымыздыңҚазақстан қоғамының дамуына айтарлықтай үлес қосып отырғанына да көз жеткіземіз.

Егер біз Елбасының оралман саясаты дұрыс та нәтижелі саясат болғанын мойындайтын болсақ, онда бұл саясатты дәйекті түрде жалғастыруға, дамытуға және оны жоғары сапаға көтеруге тиіспіз.

Ол үшін республикалық Көші-қон саясатын атқаратын мекемені қайта жасақтау өте қажет. Нақтылап айтқанда, республикамызда дербес жұмыс жүргізетін Президентке төте қарайтын Көші-қон комитеті құрылуы керек. Сонымен қатар, қолданыстағы заңдардағы этникалыққазақтардың Отанға оралуына, тұрақты тіркелуіне, азаматтық алуына кедергі келтіретін тұстарын реттеп, елім деп келіп жатқан этникалыққазақтардың Отанға орнығуына қолайлы жағдай жасау керек деп санаймын. Сонда ғана Елбасының салиқалы оралман саясаты ойдағыдай жалғасын табады, нәтижесін көрсетеді. Ең маңыздысы, сол арқылы халқымыздың біртұтастануы мен бірегейленуі процессі өз жалғасын тауып, ұлтымыздың саны мен сапасы көтеріледі. Ел ішінің біртұтастануы – мемлекеттіліктің, тәуелсіздіктің кепілі, сондай-ақ, ол қоғамдық даму мен өркендеудің де негізі болып табылады. Міне, осы тұрғыдан Елбасының оралмандар саясатын түсіну керек және оны бұлжытпай атқаруымыз керек.

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑