banner-top12

Ақпараттар ағымы 331c518896c92ddfc1ba6f84f6df9023

Қосқан уақыты Желтоқсан 25, 2014 | 717 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Елбасының Қазақстан халқына арналған Жолдауын неміс депутатары жоғары бағалауда

Германияның қоғамдық-саяси топтарының өкілдері Елбасының қараша айында жаряланған «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» Жолдауында айқын белгіленген ҚР Жаңа экономикалық саясатының стратегиялық мақсаттарына жоғары баға беруде.
Атап айтқанда, неміс депутаттарыныңпікірінше, Жолдаудың қағидалары жағымсызсыртқы қауіптің салдарын жеңіп шығу жолында және мемлекеттік Стратегия – 2050 мақсаттарын жүзеге асыруда Қазақстан Үкіметіне сенімді «жол картасы» болмақ. Неміс депутаттары Жолдаудың уақыттылығын, бірегейлігін және айқындығын атай отырып,оның жүзеге асыуына жан-жақты қолдау көрсететіндіктерін жеткізді.

Аксель Фишер – Еуропа Кеңесінде ГФР парламенттік делегациясының басшысы, Бундестагтың депутаты:
Мен «Нұрлы жол –болашаққа бастар жол» атты Жолдаудың мәтінімен аса қызығушылық таныта отырып таныстым. Қазақстанның дамуында жастардың білім алуына және инфрақұрылымға инвестиция тарту басты назарда болу керектігіне келісемін. Адамның қажеттіліктеріне бағытталған Қазақстанның Жаңа экономикалық саясаты экономикалық гүлденуге және халықтың табысты әрекеттестігіне әсер етеді. Қазақстан жинақтаған қорына байланысты, келесі әлеуметік-экономикалық серпін алу үшін,тұрақты жағдайда.
Жолдауда көрсетілген мақсат пен міндеттерді орындауда сәттілік пен табыс тілеймін!

Карин Штренц – парламенттік халықаралықжәне қауіпсіздік комитеттің мүшесі, Бундестагтың депутаты:
“Ғаламдық саяси тұрақсыздығының өсуіне орай, Қазақстан өз бюджетін және инвестициялық саясаттын қосымша қарастырғандығы өте жақсы. Қосымша шығындардан бас тарту және табыстардыҰлттық қорға жинақтау қолайлы уақыттадұрыс шешім болды.
ЭКСПО – 2017 Халықаралық көрменің Астанада өткізілуі ел үшін маңызды, себебі 2000 жылы Германияға сияқты, әлемдік қоғамдастықтың назары Қазақстанға бағытталатын болады. Осыған байланысты,жаңа құрлыс терминалдарын салу арқылы астаналық әуежайдың ауқымын кеңейту өтедұрыс шешім болып табылады және ұшып –қону айғызының құрылысы көрсетіледі, әрине ұзақ мерзімді инвестициямен байланысты. Бұл инвестициялар Астананы Қазақстанның сырттың аймақтарымен жалғауыш автомобилдік және әуежолы магистральдарына, теміржолдарға тиеді.
Менің пікірімше, кіші және орта бизнесті қолдауға арналған тезис, соның ішінде несие беру мен жаңа жұмыс орындарын ашу туралы сөз болады. Германияда кіші және орта бизнес ел экономикасын дамытудың локомативі болып табылады. «Нұрлы жол –болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына батыл және дұрыс мақсат қояды.

ҚР СІМ баспасөз қызметі.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑