banner-top12

Керек кеңестер 8A693001-5E73-4125-94D4-9E0459C6E1D9_mw1024_s_n

Қосқан уақыты Желтоқсан 1, 2014 | 518 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Электр қондырғыларын электр желілеріне қосуға рұқсат беру

Бүгін өтініш беруші «Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электр қондырғыларын электр желілеріне қосуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін алды. Ал, сіз бұл қызметті білесіз бе?
Мемлекетік қызметті Халыққа қызмет көрсету орталығынан алуға немесе Электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет құжаттар топтамасы ХҚКО-ға тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезден бастап – күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей ұсынылады.
Халыққа қызмет көрсету орталығынан қызметті алу үшін қажетті құжаттар:
белгіленген нысан бойынша өтініш;
салыстырып тексеру үшін тұпнұсқаларын ұсына отырып, тұтынушылардың электр қондырғыларын энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның желілеріне қосудың техникалық шарттарының көшірмелері;
салыстырып тексеру үшін тұпнұсқаларын ұсына отырып, техникалық шарттар талаптарының орындалуы туралы энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым қорытындысының көшірмесі;
салыстырып тексеру үшін тұпнұсқасын ұсына отырып, коммерциялық есепке алу, баланстық тиесілікті шектеу және тараптардың пайдалану жауапкершілігі схемасын қабылдау актілерінің көшірмелері;
салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, энергетикалық сараптама қорытындысының көшірмесі ұсынылады.
Электрондық үкімет порталы арқылы онлайн тапсырыс берген жағдайда:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
тұтынушылардың электр қондырғыларын энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның желілеріне қосудың техникалық шарттарының көшірмелері;
техникалық шарттар талаптарының орындалуы туралы энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым қорытындысының көшірмесі;
коммерциялық есепке алу, баланстық тиесілікті шектеу және тараптардың пайдалану жауапкершілігі схемасын қабылдау актілерінің көшірмелері;
энергетикалық сараптама қорытындысының көшірмесі.
Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызмет алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөнінде кеңес қажет болса бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалуға болады. Байланыс республика аумағында тегін (1414).

Алматы қаласы бойынша ХҚКО мекенжайлары:

Әуезов аудандық бөлімі
Алматы қаласы, Жандосов көш., 51

Алмалы аудандық бөлімі
Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көш., 221.

Алатау аудандық бөлімі
Алматы қаласы, «Шаңырақ-2» ықшам ауданы, Жанқожа батыр көш., 2

Бостандық аудандық бөлімі
Алматы қаласы, «Алмагүл» ықшам ауданы, 9а

Медеу аудандық бөлімі
Алматы қаласы, Марков көш., 44

Жетісу аудандық бөлімі
Алматы қаласы, Төле би көш., 155

Түркісіб аудандық бөлімі
Алматы қаласы, Рихард Зорге, 9

Мамандандырылған ХҚКО бөлімі
«Саялы» ы.а. Аққайнар көш. 1
Алматы қаласы ХҚКО баспасөз қызметі.

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑