banner-top12

Керек кеңестер index

Қосқан уақыты Қазан 9, 2015 | 1  324 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

1

«Электронды түрде мекенжай анықтамасын алу»

Электронды түрде мекенжай анықтамасын онлайн режимінде және ХҚКО-да алуға болады.

Қызметті онлайн режимінде пайдалану үшін электронды үкімет www.egov.kz порталында авторлану және “Қызметке онлайн тапсырыс беру” батырмасы бойынша өту қажет. Содан соң өтінімді толтырып және ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қойып, жеке кабинете «Қызметтерді алу тарихы» тарауында өңделген анықтамамен танысып, талап етілген жерге ұсына аласыз. Электронды үкімет порталында мекенжай анықтамасын тек жеке тұлғалар ғана ала алады. Онлайн-қызмет 2007 жылдың 13 тамызынан ерте емес кезеңде жазылған баланың тууы туралы жазба кесімі бар азаматтар үшін қолжетімді.

Қызметті ХҚКО-да алу үшін жеке тұлғалар – тұтынушының жеке басын куәландыратын құжат ұсыну қажет, заңды тұлғалар – сенімхат немесе алушы өкілінің өкілеттігін куәландыратын басқа да құжат, сондай-ақ оларға қатысты мекенжай анықтамаларына сұрау салынған жеке тұлғалардың тізімін ұсынады.Туысқандарына мекенжай анықтамаларын алу үшін:

– туысқандық байланысын растайтын (неке туралы куәлік, туу туралы куәлік) құжаттың түпнұсқасы қажет;

– осы тұлғаға қатысты мекенжай анықтамасын алушыға беру үшін алушының жақын туысқандарын (ата-аналарын, балаларын, жұбайларын) қоспағанда, жеке заңды тұлғаның нотариалды куәландырылған келісімін ұсынасыз.

Кейбір жағдайларда мекенжай анықтамасында қате немесе толық емес ақпарат берілуі мүмкін – мекенжайдың қате берілуі немесе тіркеуге тұрған күні көрсетілмейді. Бұл жағдайда мекенжай мәліметтерін түзету үшін өтінім беруші ХҚКО-ға барып, өтініш толтыруы қажет. Қажетті құжаттар: жеке басын куәландыратын құжат, азаматтарды тіркеу кітабының (үй кітабының) түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі. Мекенжай анықтамасындағы мәліметтер толық болмаған жағдайда (мысал ретінде – тіркеуге тұрған күн көрсетілмеген) мемлекеттік мәліметтер базасына нақтылық енгізу үшін ХҚКО-ның көші-қон қызметіне жүгіну қажет.
Қызмет көрсету нәтижесінде әділет және ішкі істер органдарының уәкілетті адамдарының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған, немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәйекті жауап аласыз.




One Response to «Электронды түрде мекенжай анықтамасын алу»

  1. Гүлжахан says:

    Мекен жай анықтамасы қажет

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑