banner-top12

Ақпараттар ағымы портал-электронного-правительства

Қосқан уақыты Қыркүйек 22, 2015 | 586 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Электронды Үкімет порталын үйден пайдалануға кеңес береміз

«Электронды Үкімет» порталы азаматтарға қызмет көрсету бойынша қазіргі таңда барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында атқарылып, айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізуде. “Электронды үкімет” порталы тұрақты, әрі жоғары түрде жұмыс жасауда, оны дамыту, жетілдіру басты назарға алынған. Нәтижесінде бұқара халық ақпараттық технология бағытында сауаттанып келеді. Мәселен, бірінші басшыға онлайн жазылу, басшыларға электронды жүгінудің әрі оңтайлы, әрі ыңғайлы екеніне көз жеткізіп, бүгінде халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы бірінші басшыға онлайн жазылуға келген азаматтар саны көбеюде. Онлайн тіркелу, электронды тіркелу тәртіптері бойынша оқып үйрету сабақтарын ХҚКО-ғы «өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышының қызметкерлері тегін тұрғыда үйретіп отыр. Электронды Үкімет порталы арқылы қызметті толық пайдалана отырып, үйден шықпай-ақ өзіңізге қажетті ақпараттарды толық алуға мүмкіндік барын ұмытпаңыз. Тіпті бүгінгі күні лицензия түрлері де портал арқылы берілуде. Ол үшін өзіңізге элетронды сандық қолтаңба алсаңыз жеткілікті. Бұл уақыт үнемдеудің ең тиімді жолы. Ал, оны пайдалану тәртібін кез келген жұмыс күні Халыққа қызмет көрсету орталығына келіп, «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышы қызметкерлерінен оқып үйренуге болады. Сонымен бірге қазіргі таңда «Нұр-ОТАН» Халықтық демократиялық партиясына өтінішті Электронды Үкімет порталы арқылы жіберуіңізге болады. Электронды Үкімет порталы мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін оңтайландыру, азаматтарға қолжетімті ету бағытында бар мүмкіндікті ұсынып отыр. Сондықтан, «Электронды Үкімет» порталын тек халыққа қызмет көрсету орталықтарында ғана емес, мүмкіндігінше үйден отырып жасауыңызға мүмкіндігіңіз бар.

Г.Сауранбаева
Алматы қаласы
Түрксіб аудандық ХҚКО
инспекторы




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑