banner-top12

Жаңалықтар fdf19c8dab7d1bf0a5d953892d198022

Қосқан уақыты Қараша 24, 2015 | 576 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Электронды үкіметтің төлем шлюзі арқылы төлеу Алматылықтардың арасында кеңінен тарап келеді

Алматы қаласының тұрғындары ЖЖЕ бұзғандығы үшін айыппұл немесе салық төлеуді электронды үкіметтің төлем шлюзі арқылы іске асыруды жиілетіп келеді.
ХҚКО РМК Алматы қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары
Ж. Баймұханбетованың айтуынша, үстіміздегі жылдың соңғы 10 айында Алматылықтар электронды үкіметтің төлем шлюзі арқылы 43 922 940 теңге көлемінде БАЖ салығын төлесе, 107 948 652 теңге жол жүру ережесін бұзғаны үшін айыппұл төлеген.
Төлемдерді онлайн режимінде төлеу өте оңай. Ол үшін электронды үкімет порталына тіркеліп, «Онлайн төлеу» тармағына өтіп порталда талап етілген ережеге сай батырмаларды бассаңыз болғаны. Төлем үшін ЭЦҚ болу міндетті емес, жай ғана порталда тіркелгеніңіз жеткілікті. Егер қолда интернет жоқ болса, жақын маңдағы Халыққа қызмет көрсету орталығына барсаңыз болды, мамандар өз өзіне қызмет көрсету секторы арқылы төлем жасауға көмектеседі.
Әрине төлеушіге қалай ыңғайлы болса, төлемдерді басқа да, мысалы банктердің кассаларынан және интернет банкинг, жеке шотты көрсету арқылы мобильді қосымшалардан да төлеуіне мүмкіндігі бар.

Алматы қаласы бойынша ХҚКО мекенжайлары:

Әуезов аудандық бөлімі
Алматы қаласы, Жандосов көш., 51

Алмалы аудандық бөлімі
Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көш., 221.

Алатау аудандық бөлімі
Алматы қаласы, «Шаңырақ-2» ықшам ауданы, Жанқожа батыр көш., 2

Бостандық аудандық бөлімі
Алматы қаласы, «Алмагүл» ықшам ауданы, 9а

Медеу аудандық бөлімі
Алматы қаласы, Марков көш., 44

Жетісу аудандық бөлімі
Алматы қаласы, Төле би көш., 155

Түрксіб аудандық бөлімі
Алматы қаласы, Рихард Зорге, 9

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑